16. Меншік құқықығын азаматтық-құқық қорғаудың әдістерін сипаттап жазыңыз?
Азаматтық-құқықтық қорғаудың әдістері дегеніміз: а) зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі (виндикация); ә) иемдену еркінен айырмай-ақ занды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап); б) затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай қүнын өтеу); в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орньш толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне акшалай төлеу.
19. 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың әркет қабілеттілігіне анықтама береңіз?
Азаматтық құқық бойынша — 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды, өздерінің табысына, стипендиясына, өзгеде кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық (зияткерлік) меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы; өздері жасаған мәмілелер бойынша және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін жауап береді.
20. Талап қою түсінігі және мәні туралы анықтама беріңіз
177-бап. Талап қою ұғымы
1. Талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi.
2. Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.
178-бап. Талап қою мерзiмдерi
1. Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.
2. Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 177, 179-186-баптарының ережелерi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, талап қоюдың арнаулы мерзiмдерiне де қолданылады.
Азаматтардың және ұйымдардың субъективтік құқықтары мен заң мен қорғалатын мүдделерінің сотпен қорғалуы, сотка жолдану аркылы жүзеге асырылады. Сотка жолдану кезінде тұлга талап арыз береді. Осынын өзінде талап өндірісі туындайды. Талап өндірісі - азаматтық, отбасылық, еңбек, шаруашылық және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын субъективтік құқықтар және заңмен қорғалатын құқыштарга мүдделерге байланысты дауларды шешуге және қарауға бағытталган азаматтық іс жургізу құқығының нормаларымен реттелген соттың қызметі. Сот арқылы қорғалудың осы түрі қазіргі кезде кең таралган және өте тиімді болып табылады. Жоғарыда аталып кеткен құқықтык қатынастың барлығында субъектілер бір - біріне байланысты бірдей жағдайда болады, ал сотта оларға дауласудың заңды теңділігі беріледі. Талап өндірісіндегі дауласу құқығын қорғаудың процессуалдык әдісі талап болып табылады. Талап өндірісі - азаматтық сот өндірісінін негізгі түрі, онын нормалары сот өндірісінің және талаптық емес өндірісінің іс нормаларынан тұрады . Қазақстан Республикасының АІЖК - нің 3 бөлімі 2 - бабының 3- тармағы бойынша азаматтық сот сот өндірісінін заңдары азаматтық, отбасылық, еңбек, тұргын үй, әкімшілік, қаржылық, шаруашылык, жер, жерге байланысты құқықтық қатынастардың және табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғауға байланысты құқықтық қатынастардан туындайтын дауласу істерін қараудың тәртібін белгілейді.
21. Меншік құқығының пайда болуының бастапқы әдістерін анықтаңыз?
Меншік құқығы азаматтық субъектілерінде әр түрлі негіз бойынша пайда болады. АК 235-бабы меншік құқығының пайда болу негіздеріне арналған меншік құқығы заң нақты пайда болумен байланыстыратын заңды деректер негізінде пайда болады. Бұл заңды деректер негіздер деп аталады.(АК 7-бап). Мұндай деректер әрекеттер және құыбылыстар болып табылады. Әрекеттерге, мысалы, мүлікті оқшауландыруға байланысты мәмілелерді жатқызамыз. Ал құбылыстарға мысалы, мұрагерлік қатынас туғызатын азаматтың өлімі т.с.с. жатады. Меншік құқығының пайда болу негізін әдетте екі түрге бөлуге болады. Бастапқы және өндірістік. Бөлудің критериі, бірінші жағдайда ерік, ал құқық қабылдаушылықтың екінші жағдайында қалау болып табылады.
Меншік құқығының пайда болуының бастапқы түрі бұл заттың алғашқы иесінің құқықтарына байланыссыз туындайды (меншік иесі болмауы да мүмкін), өндірісте – меншік құқығы заттың алғашқы иесінің еркі бойынша пайда болады (шарт бойынша).
Меншік құқығы пайда болуының бастапқы негіздеріне АК мыналар жатқызады: жасап шығарған затқа мешік құқығы (АК 235-б, 1-т; 236-б); Өңдеу ( АК 237-б) иелену мерзімі (АК 240-б), өз бетімен салынған құрылыс (Ак 244-б) олжа (245-б), қараусыз жануарлар (АК (246-б), көнбе (АК 247-б), меншік иесінен алынған затты иелену (АК 148-б).
Меншік құқығының пайда болуының өндірістік әдістеріне мүлікті оқшауландыру бойынша азаматтық құқықтық шарттар және басқа да мәмілелер мұраны алу, заңды тұлғаны қайта құру кезінде құқық қабылдаушылар тәртіппен (Ак 46-б), сондай-ақ жекешелендіру (АК 249-б 3-т) және заңда көзделген т.б жағдайлар. Меншік құқығының пайда болуының басқа да арнайы әдістері бар. Оларды тек қана қатаң анықталған субьектілер ғана қолдана алады. Мысалы тәркілеу ұлттандыру реквизиялау тек қана мемлекеттік меншіктің пайда болуына сәйкес болады. Осыдан алғашқы аталаған иелену әдістері жалпы азаматтық әдістер деп, ал екіншілері арнайы әдістер деп аталады.
22. Коммерциялық емес ұйымдардың нысандарын анықтап, оларға қысқаша сипаттама беріңіз
Коммерциялық емес ұйымдар өз алдына келесідей бөлінеді:
мекеме – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландырылатын ұйым;
қоғамдық бірлестіктер – Қазақстан Республикасында қоғамдық бірлестікткр болып, саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жеті үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері табылады.
азаматтар және заңды тұлғалар ерікті мүлік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім бері және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылыды.
қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп аталады.
рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады.
коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы үлестік мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар (одақтар) нысанында бірлестіктер құра алады.
23. Азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерін ашып көрсетіңіз
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады. Аталған субъектілердің азаматтық құқықтық қатынастарға қатысуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алуы.
Азаматтық құқықтың негізгі субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Мемлект пен әкімшілік-аумақтық бөліністер де азаматтық құқықтың субъектілірі болып табылады,бірақ өздерінің азаматтық олар арнайы және соған уәкілетті заңды тұлғалар арқылы жүзеге асырады.
Жеке тұлғалар деп Қазақстан Республикасының азаматтары,басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар ұғынылады. Азаматтық құқыққа ие болып,міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеті) барлық азаматтарға бірдей деп танылады.Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып,қайтыс болған соң тоқтатылады.
Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға,өзі үшін азаматтық міндеттер жасап,оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық құқық қабілеттілігі) кәмелетке толғанда,яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтық құқық нормалары бар. Атап айытқанда, 6-бапта Қазақстанда мемлекеттік меншік пен меншіктің танылатыны және тең дәрежеде қорғалатыны белгіленген. Азаматтардың жеке меншігі мәселелері Конституцияның 26-бабында неғұрлым тәптіштеп баяндалған. Азаматтың ар-ожданы, қадір-қасиеті және абыройлы есімі, оның бостандығы мен өміріне ешкімнің тиіспеуі, жеке және отбасылық құпия, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзгеде хабарлар сияқты рухани қазыналар жөнінде туындайтын жеке мүліктік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-18 баптарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 62 тарау және 1124 баптан тұрады. Жалпы бөлім мынадай бөлімдерден тұрады: жалпы ережелер, меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, міндеттемелік құқық. Ерекшк бөлім мынадай бөлімдерден құралған: міндеттемелердің жекелеген түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы,мұрагерлік құқығы,халықаралық жеке құқық. Азаматтық заңдылықтар өздері реттейтін қатынастарда қатысушылардың теңдігін, мешікке қол сұғылмаушылықты,шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын,азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірі луін,оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке):заттар,ақша,соның ішінде шетел валютасы,құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интелектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар,тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға:жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті,абыройы,игі атақ,іскерік бедел,жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы,есім алу құқығы,автор болу құқығы,шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.
24. Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің айырмашылығын анықтаңыз
Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.
Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды кұқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. ¥йымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде де белгілі және жақында нарықта пайда болды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік серіктестік пен кәсіпкерлік корпорациялардың тамаша үйлесімі болып табылады және кәсіпкерлік субъектілердің екі түрінің артықшылықтарын біріктіру арқылы үлкен икемділікті қамтамасыз етеді. Компанияның қарапайым немесе күрделі болуы акционерге тікелей байланысты. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысатын серіктестер не жауапкершілігі шектеулі , не кейбір жағдайларда жауапкершілігі шектеулі . Салық заңдары серіктестік фирмаға ұқсас. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басты артықшылығы - бұл құрылымның икемділігі, сондықтан оны бизнестің бірнеше түрін жүргізуге болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі және маңызды бөлігі - бұл мүшелер арасындағы келісім және мұқият болу керек.
25. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оны қайтыс болды деп жариялаудың негіздері мен салдары қандай екенін түсіндіріңіз
Азаматты хабарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе оны қайтыс болған деп жариялау мынадай заңды фактілердің жиынтығы болған кезде мүмкін болады:
- азаматтың тұрғылықты мекенжайында ұзақ мерзімде болмауы;
- оның қай жерде тұрып жатқанынан мәлімет болмау және ол мәліметті ала алмау;
- азаматтың тұрып жатқан мекенжайы туралы соңғы мәлімет алған күннен бекітілген мерзімнен көп уақыт өтуі.
Егер азамат туралы соңғы мәлімет алған күннен кейін бір жыл ішінде ол туралы, оның тұрып жатқан жері туралы мәлімет болмаса қызығушылық танытып отырған адамның өтініші бойынша ол адам сотпен хабарсыз жоқ боп кеткен деп танылады. Мерзімнің бекітілуі ҚР АК 28 бабының 2 тармағында көрсетілген.
Хабарсыз кеткен адамның мүлкін үнемі басқару қажет болған жағдайда қамқорлық және қамқоршылық органы сенiмдi адаммен осы мүлікті сенімді басқару туралы келiсiм шарт жасайды.
Хабарсыз кеткен адамның мүлкінен ол асырауға міндетті жандарға қаражат беріледі, сонымен қатар басқа мiндеттемелерi бойынша қарызын төлейді. Ал неке тоқтатылмайды, алайда жұбайының АХАЖ органдарына берген өтiнiші бойынша ықшамдалған ретте неке бұзылған болады. Дербес мiндеттемелерi тоқтайды.
Азаматтың табылуы немесе оның тұрғылықты жері туралы мәлімет алынатын болса, сот оны хабарсыз жоқ болып кеткен деген шешiмiн қайтарып алады. Мұндай соттық шешiм негiзінде азаматтың дүниесiн сенiмдi басқару да тоқтатылады. Егер жұбайы жаңа некеге тұрмаса неке де қалпына келедi.
26. Меншік иесінің негізгі өкілеттіктерін түсіндіріңіз.
Азаматтық Кодекстің 188-бабының 3-4-5-6-тармақтары
3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
4. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.
Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.
5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.
6. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.
27. Мәміле жарамсыздыздығының түсінігі мен құқықтық салдарына анықтама беріңіз
Азаматтық Кодекстің 157-1-бап.
1. Маңызсыз мәміленің жарамсыздығы салдарларын қолдану туралы талапты мәміле тарапы не осы Кодекстің 157-бабының 3-тармағында белгіленген тұлғалар қоюға құқылы.
2. Жарамсыздығына байланысты және жасалған кезінен бастап жарамсыз болған мәмiлелерді қоспағанда, егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде өзгеше көзделмесе немесе мәмiленiң мәнiнен немесе мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз мәмiле заңдық салдарларға алып келмейді.
3. Егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделмесе, мәміле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы – екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмағанда (оның ішінде, алынғандар мүлікті пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет түрінде болғанда) қайтарылуға жататын мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.
4. Сот мәмiленiң жарамсыздығын тудырған әрекеттердi жасауға кiнәлi тараптан екiншi тараптың пайдасына мәмiленi жарамсыз деп тануға байланысты оған келтірілген залалды өндiрiп алуы мүмкiн.
5. Егер мәмiле қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталса, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленсе, онда екi тараптың да теріс пиғылы болған кезде олардың мәмiле бойынша алғандарының немесе алуға арналғандардың барлығы соттың шешiмi немесе үкiмi бойынша тәркiленуге жатады. Мұндай мәмiленi бiр тарап орындаған жағдайда оның екiншi тараптан алғандарының барлығы және одан мәмiле бойынша бiрiншi тарапқа тиесiлiнiң барлығы тәркiленуге жатады. Егер тараптардың бір де біреуі орындауға кiрiспеген болса, мәмiледе орындалуы көзделгеннiң барлығы тәркiленуге жатады.
6. Қылмыстық мақсатқа жетуге бағытталған теріс пиғыл тараптардың бiрiнде ғана болған, оның құқыққа қайшылығы сот үкімімен (қаулысымен) белгіленген жағдайда, оның мәмiле бойынша алғандарының барлығы екiншi тарапқа қайтарылуға жатады, ал соңғысының алғаны не оған мәмiле бойынша тиесiлiсi тәркiленуге жатады.
7. Нақты мән-жайларды ескере отырып, сот осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген салдарларды, жарамсыз мәмiле бойынша алынған не алынуға тиiс мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде iшiнара не толық қолданбауға құқылы. Бұл бөлiкте осы баптың 3-тармағында көзделген салдарлар басталады.
8. Сот мәмiленi жарамсыз деп тани отырып, нақты мән-жайларды ескеріп, оны одан әрi орындауға тыйым салумен шектелуге құқылы.
28. Ортақ бірлескен меншік және оның пайда болу негіздеріне анықтама беріңіз
АК 209-бап.
1. Екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.
2. Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.
3. Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды.
4. Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды.
Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.
5. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша, ал келiсiмге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.
6. Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады.
Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз.
Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.
Кондоминиумның әр алуан түрлерiнiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi заң актiлерiмен айқындалуы мүмкiн.
7. Инвестициялық пай қорының активтерiне ортақ үлестiк меншiктiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заң актiсiмен айқындалады.
219-бап. Ортақ бiрлескен меншiк
1. Ортақ бiрлескен меншiк:
1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;
2) шаруа қожалығы мүшелерiнiң ортақ меншiгi;
3) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде болады.
2. Заң құжаттарында ортақ бiрлескен меншiктiң басқа да түрлерi көзделуi мүмкiн.
3. Ортақ бiрлескен меншiк, егер оған қатысушылар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, тағайындалады және қолдануда болады.
29. Меншік құқығын және өзге де заттық құқықтарды азаматтық-құқықтық қорғау құралдарының жүйесіне сипаттама беріңіз
Азаматтық құқықтарды қорғау жөніндегі жалпы ережелер Азаматтық кодекстің 9 бабында қарастырылған. Заттық құқықтар бұзылған жағдайда жәбірленуші міндеттемелік-құқықтық тәсілдермен қатар заттық-құқықтық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Заттық-құқықтық тәсілдер қатарына келесі құралдар жатады:
меншік құқығын тану туралы талабы;
виндикациялық талап (затқа иеленбеген меншік иесінің затқа иеленген меншік иесі емес тұлғаға талабы);
негаторлық талап (меншік құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін талап).
Меншiк иесi меншiк құқығын тануды талап етуге құқылы.
Меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы.
Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып, алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы. Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған болса, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейдi.
Ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден талап етiп алдыруға болмайды.
Меншiк иесi Азаматтық Кодекстiң 260, 261-баптары негiзiнде мүлiктi талап ете отырып, арам ниеттi иеленушiден бүкiл иеленген кезiнде өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн қайтаруды немесе өтеудi; адал иеленушiден иеленуiнiң заңсыздығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған немесе меншiк иесiнiң мүлiктi қайтару туралы талап қою жөнiндегi хабарламасын алған кезден бастап өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн талап етуге де құқылы. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке жұмсаған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiң талабын сот негiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы. Заңсыз иеленушi өзi жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым келтiрмей бөлуге келсе, өзiнде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды бұлайша бөлу мүмкiн болмаса, адал иеленушiнiң жақсартуға жұмсаған шығындарын өтетудi талап етуге құқығы бар, бiрақ ол зат құнының ұлғайтылған мөлшерiнен аспауы керек. Арам ниеттi иеленушiнiң мұндай құқығы жоқ
30. Заңды тұлғалардың таратылуы мен банкроттығының құқықтық мəселелерін сипаттаңыз
Заңды тұлғаның таратылуы заңды тұлғаның құқықтық мирас- қорлықсыз жойылуына бағытталған. Таратылатын заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері тоқтатылады. Заңды тұлғаның таратылу тəртібі ҚР АҚ (49-57 б.), сонымен қатар заңды тұлғалардың жеке түрлерінің құқықтық статусын анықтайтын («Мемлекеттік кəсіпорын туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы») арнайы заңдармен реттеледі. Заңды тұлғаның таратылуы ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.
Заңды тұлғаның ерікті түрде таратылуы заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уəкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уəкілдік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша таратылуы мүмкін. Ал, республикалық мемлекеттік
кəсіпорынның таратылуы ҚР Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Заңды тұлғаның мəжбүрлеу түрінде тарату негіздері ҚР АК 49 бабында көзделген, ол тек соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Банкроттық – борышкердің сот шешімімен танылған оны тара- туға негіз болатын дəрменсіздігі. Дəрменсіздік ретінде ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық жəне бюд- жетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына əлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге борышкердің сот белгілеген қабілетсіздігі танылады. Соттың борышкердi банкрот деп тану жəне конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда:
iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде сот- тың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дəлелдей алмағанда;
iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде, оның дəрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкердiң өз жа- уабында дəрменсiздiгiн мойындағанда;
iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде, оның дəрменсіздігін растайтын құжаттарды қоса борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде;
кредиторлар комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кез- ден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, кредиторлар комитетi бо- рышкерге оңалту рəсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;
банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рəсiмдерiнiң сəтсiз өткiзiлгенi туралы уəкілетті органның қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде;
Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғаудан борышкер ай- тарлықтай зардаптар шегеді. Атап айтқанда,
заңды тұлғаның барлық органдары борышкердiң мүлкiне билiк ету құқығынан айырылады;
соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
кредиторлардың, салық органы мен салық жəне бюджет-
ке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі өзге де уəкі- летті мемлекеттік органның талаптары, соның iшiнде даусыз (акцептісiз) тəртiппен қанағаттандырылуға тиiстi талаптары
бойын- ша борышкердiң банк шотынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;
Достарыңызбен бөлісу: |