17-тақырып захириддин мухамед бабырдың мемуарлық шығармасы жоспары: Бабырдың өмірі. «Бабурнама»



бет1/3
Дата18.12.2023
өлшемі35,9 Kb.
#140685
түріӨмірбаяны
  1   2   3
Байланысты:
17-ЛЕКЦИЯ роза


17-ТАҚЫРЫП


ЗАХИРИДДИН МУХАМЕД БАБЫРДЫҢ МЕМУАРЛЫҚ ШЫҒАРМАСЫ
Жоспары:

1.Бабырдың өмірі.


2.«Бабурнама»-тарихи және философиялық туынды.
3.«Бабырнаманың» көркемдік ерекшелігі, жанрлық сипаттары
4.«Бабырнама» және қазақ тарихы
5.Бабыр еңбектерінің маңызы, қазақ тіліне аударылуы.


Захиритдин Бабырдың қысқаша өмірбаяны
Шыққан тегі жағынан ежелгі моңғол тайпасы барластан тарайтын, атақты Әмір Темір көрегенннің (Ақсақ Темірдің) ұрпағы болып келетін Захириддин Мұхаммед Бабур 1483 жылы 14 ақпанда қазіргі Өзбекстанның Әндіжан қаласында, Ферғана ұлысының әмірі Омар Шейх мырзаның отбасында дүниеге келген.
Бұл кезеңде Орта Азияда Әмір Темір ұрпақтары мен Шыңғыс хан ұрпақтары арасында билікке талас өршіп тұрған еді. Захириддин Бабыр бала кезінен бастап өнерге, әдебиетке, табиғат сұлулығына өте құмарланып өседі. 1494 жылы әкесі қайтыс болған соң 12 жасар Бабыр әкесінің орнына, Ферғана ұлысының тағына отырады. Осы кезеңде Әндіжан тағы үшін өзінің туыстары Жаһангир мырза мен Сұлтан Ахмет мырзамен, және Сұлтанмұхаммед ханмен талас туындайды. Осыдан кейін ол Ферғана тағын туыстарына екіге бөліп береді.
Бабыр көршілес Самарқанд билеушілерімен тартысқа түседі. Ақыры Самарқанд билеушісі Шайбани ханнан жеңілген Бабыр Самарқандты тастап шығады. Шайбани хан Бабырды 1504 жылы Әндіжаннан да қуып шығады. Ақыры ол соңына ерген біршама халқымен қазіргі Ауғанстан астанасы Кабулді басып алады. Бірнеше рет Орта Азияға шабуыл жасап, Шайбани ханға қарсы жорық жасағанымен, сәтсіз болады. Ақыры, өмірінің ендігі бөлігін оңтүстікке қарай өлкелерді жаулап алуға бағыттайды. 1519-1525 жылдары ол қазіргі Пәкістан мен Үндістан аумағын толық жаулап алады да онда күшті мұсылман мемлекетін құрады. Ол мемлекеттің аты – Моғолстан болатын. Бабыр мен оның ұрпақтары Ұлы Моғолдар деген династия құрып, 300 жыл бойы Үндістанды билейді.

Сонымен Үндістан Бабырдың екінші отаны болды. Ол мұнда үлкен мәдени жұмыстар жүргізді, аса күрделі құрылыстар салды, елдің ең таңдаулы ақындары мен ғалымдарын өз маңына топтады. Дегенмен, оның өмірінің соңғы кезі де қайғы - қасыретпен өтті.


Ең алдымен ол өзінің туып - өскен, жастық шағын өткізген отанын — Мәуереннаһрды сағынды, оның үстіне жеңілген дұшпандар да қарап жатпады, оған қарсы астыртын күрес жүргізді. Мәселен, Лоди Ибраһимнің шешесі Бабырдың асына у қосып беріп, оны улап өлтірмек болды. Бабырға Үндістанның ауа - райы да жақпады. Біресе ыстық соғып, біресе салқын тиіп, ауыра берді. Ақырында, ол  1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда қайтыс болды. 
Сүйегін Кабул қаласына алып келіп жерлейді. Өзінің көзі тірі кезіндегі өсиеті бойынша, биік төбенің бауырындағы бақ ішінде жерленеді, басына  мәрмәрдан  құлпытас қойылды.
14 ақпан – Орта ғасырдағы аты аңызға айналған ұлы қолбасшы, реформатор билеуші, әрі үлкен шығармашылық иесі Захраддин Бабырдың туған күні. Бабырдың адамзат руханиятына қосқан зор үлесі – «Бабырнама» атты тарихи шығармасы. Аталған еңбектің қазақ әдебиеті мен тарихына да қатыстылығы барлығын ескере отырып, Захраддин Бабырды қазақ әдебиетінің арғы бастауларының біріне орынды түрде жатқызамыз.

Бабыр шығармашылығы. «Бабырнама»


“Бабырнама”-Орта Азия халықтарының орта ғасырдағы тірлігінен ұлан-ғайыр мағлұмат беретін, ескінің көзі сипатты тарихи-әдеби шығарма. Қазақ қауымына тұңғыш рет ұсынылып отырған бұл кітап сол замандағы қоғамдық құрылысты, әдет-ғұрыпты зерттеуші тарихшы, этнографтар, географтар үшін, сондай-ақ орта ғасырдағы түркі-шағатай тілінде жазылған ғылымы еңбекті зерттеуші филологтар мен тіл мамандары үшін де тіпті мұнан бес жүз жыл бұрынғы ата-бабаларының тірлігін, кәсібін, шаруашылығын, тұрағын, қоғамдық қарым-қатынасын білгісі келетін зерделі оқырмандар үшін де аса құнды. Мұның авторы Үндістанда үш ғасырға жуық өмір сүрген Ұлы Моғол мемлекетінің негізін қалаған Захриеддин Мұхаммед.


Бабыр тек жалаң саясатшы, жауынгер қолбасшы ғана болмаған, сонымен бірге ол XVI ғасырдың атақты ойшылдарының бірі. Бабыр жазушы-ғалым ретінде өз артынан едәуір әдеби мұра қалдырған адам. Оның біздің заманымызға жеткен еңбектерінің ішінен «Бабырнаманы», «Мубайин» атты өлеңдер жинағын, «Хәтти Бабри» атты өзі жасаған жаңа алфавитті, махаббат тақырыбына жазылған көптеген газелдер мен төрт жолдық өлең шумақтарын ерекше атуға болады. Бабыр сонымен бірге музыка, поэзия және соғыс туралы да көптеген трактаттар жазған. Бірақ өкінішке қарай, оның бұл еңбектері біздің заманымызға жетпеген.


«Бабырнама» – «Ферғана», «Кабул», «Үндістан» секілді үш бөлімнен тұрады. Алғашқысы ХV ғасырдың екінші жартысында Ферғана жазығындағы Ахсикент, Намаған, Әндіжан, Марғилан, Ош, сондай-ақ Самарқан, Исфара секілді қалалар мен елді мекендер, онда тұрған түрлі тайпалар мен жамағаттардың әдет-ғұрпы, тілдік ерекшеліктері, мәдениет, жан-жануарлар дүниесін баяндаумен басталады. Автор, әсіресе, ата-бабасының шежіресі, кәсібі, тыныс-тіршілігі, тіпті аталған өлкенің тау-тасы, бау-бақшасы, жеміс-жидегі, өзен-суы, ұшқан құсына дейін сүйіспеншілікпен, туған жерге деген перзенттік махаббатпен жазған.
«Кабул» бөлімінен Ауғанстанның Герат аймағында билік құрған Сұлтан Құсайын мен оның уәзірлері, бектері, ақындары мен ойшылдары жайлы да қызықты деректер ұшыратамыз.
«Үндістан» бөлімі де соны дерегі мен тарихи дәлдігі қызық шежірелерімен ерекшеленеді. Алдыңғы екі бөлімдегідей Бабыр мұнда да Үнді елінің солтүстігін жаулап алу барысында өзі басынан өткізген жайттарді ғана емес, осында өмір сүретін тайпалардың өткені мен бүгіні, елдігі мен ерлігі, тіпті рухани өміріне дейін зейін қойған.
Захир ад-Диннің «Бабырнамасы» – энциклопедиялық еңбек. Ол тарихшылар мен этнографтар, әдебиетшілер мен тілшілер үшін де баға жетпес құнды деректері бар, орта ғасырлар тынысын дәл де анық жеткізе білген бағалы туынды. Бұл құнды еңбек орта ғасырдан бастап, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет