Бекітемін: _______ Келісемін: ________
Мектеп директорының Сынып жетекшісі: тәрбие ісі жөніндегі Жаймұхаммедова Ф.М.
орынбасары: Ш. П. Сыйыкова
Тәрбие сағаты Тақырыбы: Өзіңізді қоғамдық ортада қалай ұстайсыз?
Сынып: 7 «Е»
Күні: 07.02.2023ж
Өткізген: машықкер Махсетова Жансая
Жаңаөзен қаласы, 2022-2023
Тақырыбы: Өзіңізді қоғамдық ортада қалай ұстайсыз?
Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі қоғамдық ортада ұстауға, өз ойларын мәдени жеткізуге және мәдени сөйлеуге, қоғамдық орта әдебін сақтауға тәрбиелеу.
Түрі: Әңгімелесу, пікірталас
Көрнекіліктер: Слайд, карточкалар
Сабақтың барысы: Қайырлы күн, оқушылар! Бүгінгі өткізгелі отырған тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Өзіңізді қоғамдық ортада қалай ұстайсыз?». Яғни бүгінгі сабағымыз қоғамдық орта әдебі туралы болмақ.
Ендеше сабағымызды бастайық!
Мұғалім: Қоғамдық ортада өзіңізді қалай ұстайсыз? – сұрағының төңірегінде пікір алмасайық.
Көмекші сұрақтар: Қоғамдық орта дегеніміз не? Қандай жерлер қоғамдық орын болып табылады?
1-ші оқушы: Қоғамдық орта дегеніміз- адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын, олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі.
2-ші оқушы: Қоғамдық ортаға мектеп, көше, кинотеатр, емхана, жұмыс орындары жатады.
3-ші оқушы: Сонымен қатар, тамақтанатын орындарда қоғамдық орта болып табылады. Жалпы, адамның жеке үйінен басқа жерлердің барлығы қоғамдық орта болып саналады.
Мұғалім: Өте дұрыс айтасыздар, бізді қоршаған ортадағы әлеуметтік орындар қоғамдық орын болып табылады. Ал енді, сол қоғамдық ортада өздеріңізді қалай ұстайсыздар?
4-ші оқушы: Мысалы көшеде жүргенде, өзімнен жасы үлкендерге жол беремін, жолын кесіп өтпеймін. Көшеде жүріп келе жатып тамақтанбаймын.
Мұғалім: Жарайсың! Міне осылай үлкен адамдарға құрмет көрсету керек. Өзге адамдардың иығынан қағып өтпей, жол беріп, өзіміздің тәрбиелілігімізді көрсетуіміз керек.
5-ші оқушы: Тамақтанатын орында қатты сөйлемеймін, тамақты пылшылдатып, асығыс-үсігіс жемеймін.
Мұғалім: Сонымен қатар, қарқылдап қатты күлуде қоғамдық орын әдебін бұзу болып табылады. Ал өздеріңіз күнделікті келіп, білім мен тәрбие алып отырған мектеп қабырғасында өздеріңізді қалай ұстайсыздар?
6-шы оқушы: Мен мұғалімнің сөзін бөлмеймін, айтарымды жәй ғана қол көтеріп, рұқсат бергенде ғана айтамын.
7-ші оқушы: Мен мұғалімдерді көргенде сәлемдесіп, өтіп бара жатырған болса, жол беремін.
8-ші оқушы: Мен сабақ бергенін мұқият тыңдаймын. Тапсырма берсе, орындап, айтқан сөзді аламын.
9-шы оқушы: Мен сыныпта шуламай, тәртіпті болып отырамын. Орнымнан тұру керек болса, мұғалімнің рұқсатымен ғана тұрамын.
Мұғалім: Жарайсыздар, оқушылар. Сонымен қатар, сыныпта біреудің затын рұқсатсыз алуға, қоқыс лақтыруға, өзгелердің сабақ оқуына кедергі келтірмеу керек. Міне өзін-өзі қалай ұстайтынын айтып, бөлісіп отырған оқушылар, сіздер бұл әрекеттеріңізбен өздеріңіздің тәрбиелі, ақылды оқушы екендігіңізді көрсетесіздер. Сіздер өздеріңіздің жандарыңызда жүрген тәртіпсіздік көрсететін сыныптас достарыңызға қоғамдық орта әдебін көрсетіп орындасаңыздар, немесе дұрыс емес әрекет жасауына тоқтау айтып, өзіңіз секілді әлеуметтік ортада өзін әдепті ұстауға тартуыңыз керек.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады – дейдіғой, сол секілді, шынайы дос болсаңыздар, жандарыңыздағы сыныптас достарыңыздың әдепсіз әрекетіне тоқтау айтыңыздар. Бір-бірлеріңіздің көңіліңізге тиетін ауыр сөздер айтпаңыздар. Боқауыз сөздер айтпаңыздар. Ренжітіп алсаңыздар кешірім сұраңыздар. Сонда сіздер үшін ата-анаңыз марқайып, мақтанатын болады. Солай-емеспе, менімен келісесіздерме?
Мұғалім: Ендеше, біз өз сыныбымызбен «Біздің сынып қағидалары» атты сынып бұрышын жасасақ қалай қарайсыздар? Мен сіздерге макетін көрсетемін. Және де сіздерге карточкалар беретін боламын. Сіздер сол карточкаларға бір-бірден өз қағидаларыңызды ұсыныңыздар. Және сол сіз ұсынған қағидамен өзгелер келісетін болса, соны сынып қағидасына қосамыз. Сонымен қатар, сол қағидаларды бұзған оқушыға арналған жазалау түрлерін қоса жазып, шығарсақ қалай қарайсыздар? Және оларды мен жинап, келесіде шығарып алып келетін боламын. Барлығымыз бірге жапсыратын боламыз. Келістікпе?
(Оқушылар жауабы алынады, өз қағидаларын бекітеді.) Мұғалім: Барлықтарыңызға белсене қатысқандарыңыз үшін рақмет. Осы өздеріңіз бекіткен қағидаларды сақтау арқылы сіз қоғамдық орта әдебін сақтауды әдетке айналдыратын боласыздар. Өзімізді және өзгелерді сыйлайық, қоғамдық ортада әдептілікті сақтайық. Рақмет, сау болыңыздар!