Қараменді ауылы.
Махаббат
безбені
бойжеткен іштей риза болыпты.
сені сүйемін!» деп айқайлапты.
бырлықпен.
Жолаушылар
лымның үйіне қонаққа барады.
— Бар, міне олар!..
шысымын… — дейді.
Қараңғылық көшеді.
Таңнан хабар жетеді.
Күннің тарар шапағы.
Алады көзін көлгітіп.
«Шүкір!» деп, соған жеткенде.
Көктемге жасым ұласып.
Тұрайын жылда ұзатып.
Сағидолла КӘКІМБЕКОВ.
Ықылым бір заманда жазғытұрым
бір бай көшіп, күн бұзылып, Отамалы
деген қойшы үсіп өліпті. Бұдан кейін
бір дана кісі жылда жазға салым келетін
осындай кездойсоқ апаттан құтылудың
жолын іздеп, аспан шырақтарын бақы-
лап, ат байлайтын мама ағаштың жыл
бойғы көлеңкесіне зер салады екен.
Көлеңкенін әр маусымда келген орны-
на қазық қағып, белгі салып отырып,
көктемгі күн мен түннің жылда бір
уақытта теңелетінін есептеп шығып-
ты. Сол күнді жыл басы деп белгілеп.
Отамалы өлген жұттың осыған ілесе
келетінін осыдан біліпті. Содан сол
амал өткеннен кейін қоздауға көшіп,
мал- жандары аман қалыпты. Сосын
жұрт жиылып, Наурыз деген кемпірдің
қазанына біреу етін, біреу бидайын,
біреу қатығын салып қайнатып, тілеу
көже қылып ішіпті. Содан бастап бұл
дәстүр жыл сайын қайталанып, наурыз
мейрамына айналыпты.
«Туған жерге аунату»
– бала 5-6
жасқа толған кезде кіндік қаны тамған
жерге әкеліп, жатқызып, жан-жағына
тұрмыста пайдаланылатын әртүрлі
бұйымдарды (көген, жүген, қамшы,
қағаз, кітап т.б.) қойып аунатқан кезде
баланың қолына не тисе сол оның кәсібі
болады деп ырымдайды.
Мал далаға түнесе
«қасқырдың
жағын байлау»
ырымын жасайды: ол
үшін жас баланың ит жейдесі немесе
шапанының екі жеңін айқастыра бай-
лап үйдің төріне қояды.
«Қызылдау»
– мал, аң етін бөліп
алу. Ау салып жатқан балықшыларға
барған адамға балық береді. Балық су-
дың құрты деп беруге тиіс.
Ботаның құйрығын тістеу
– ырым.
Бота жылдам еме алмаса, емшегін таба
алмай, шап, бүйірін түртеді. Сол кезде
енесі тістеп бақыртып ботаның құй-
рығын тістеп тастайды. Ботаның таба-
нын тырнайды, асау болмасын, тайла-
сын деп ботаның танауына сақсақты
тығып кеңсірігін ашады.
Ауру нәрестені сылап-сипағанда қой
құйрығының «күнтимес» деп аталатын
ішкі жағының майын шыжғырып бала-
ны сылаған жақсы. Сонда айтылатын
төмендегідей тілек:
Бет-аузың сопақ болмасын,
Ат жақты бол!
Мұрның қырдай болсын!
Маңдайың жазық болсын!
Мойының құрықтай болсын!
Бойың сырықтай болсын!
Қолдарың салалы болсын!
Құлағың бүрік болмасын, түрік бол-
сын!
Ұшынып ауырған науқас бала «мен
ұшынған жоқпын, жер ұшынды» деп
кеш батып бара жатқанда үш қайтара
тәжім етіп еңкейеді. Бұл «жерұшық» деп
аталады. «Суұшық». Судан шошынған
баланы сумен ұшықтайды. Дұғалап
бетіне бүркеді. Құрбандық малының
қаны ем болады деп есептеледі. Оны
мақтаға сіңіріп ауырған жерге, жараға
басса шипа болады.
Тілге теріскен шығуға байланыс-
ты жасалатын магиялық ырымдар: –
тіліме теріскен шықты, сиырдың өтіне,
тіліме теріскен шықты қаскырдың өтіне
(осылай 6 адал, 6 арамды айтады). Со-
дан – бұл тілім қайтсем жазылады, бы-
лай-былай қарағанша, қарғаның боғын
жалағанша, тіфә-тіфә – деп бала түкіріп
тастаса сауығып кетеді делінеді.
Баланың кіндігі шығып болмаса
шиге шаншылып қалған жылқы құма-
лағын басса жазылады.
Баланың аузы уылса кірпінің инесін
күйдіріп күлін аузына себеді.
Жылқының құмалағын құмырсқа
илеуіне қойса көшіп кетеді. Құмалақты
алып жатқанда «ей, өзіңнен өзгеге ем
бол» деп алады.
Белдеуге қасық қастыру
– ырым.
Біреуді жолдан сапарын күте жоғалған
заттың табылатын табылмайтындығын
болжап білу үшін тілі шығар-шықпаған
елді шығып келе баланың қолына ағаш
қасық беріп «белдеуге қыстыр» дейді.
Егер сәби бала оны сабын төмен қа-
ратып қыстырса жолы болады екен.
жолаушы аман келе жатыр екен деп
жориды, жоғалған зат табылады деп
жориды. Балаға «оң аяғыңды көтерші»
деп ырымдайды.
«Құс жолы»
– ботасын жоғалтып,
іздеп жүрген аруананың емшегінен
аққан сүттен қалған із. Көк жүзінде топ-
тасып ұшқан жыл құстарын алғаш көр-
генде «көкала құс тәуір ме?» деп сәлем
беретін салт болыпты. Ол құс патшасы
екен-мыс.
Аяғы ауыр келінге отқа май салғыз-
ғанда ағарып ұзын жанса ұл бала болға-
ны, қыз бала болса қызарып жанады.
Толғақ жетпей тұрса май ұзарып жана-
ды. Қыз бала туса «нашар бала тудың»
деп айтады.
13
«Ел іші
– алтын бесік»
Ел сөзі.
18 наурыз 2016 жыл
Б
iздiң қуанышы мол,
мұңымыз аз шат-ша-
дыман бала шағымыз.
Жаңылыспасам, 8 әлде 9 жас-
тамын. Естен кетпес шаттыққа
толы балдәурен күндер. Әл-
денеге бұртиып өкпелегiш өт-
кiншi сәттер де кешегiдей көз
алдымда тұр.
Айнала мен далада көк-
темнiң иiсi бұрқырап, аяқты
мал өрiске шығып, аузы көк-
ке тиген саумал мезгiл. Төрт
түлiктiң жаңа туған төлiмен
ауыл маңындағы жазық бiткен-
дi у-шумен жамыратып жатқан
берекелi кез.
Сағат бірге дейiн бастауыш
мектепте төрт сынып бiр бөл-
меде бiрге отырып қосылып
оқимыз. Түстен кейiн ауыл
төңiрегiнде жайылып жүрген
өз малдарымызды қарайлауға
шығамыз. Көбiне көзден таса
етпейтiнiмiз – қой-ешкiлерiмiз.
Өрiсiнiң бетiн қақпайлап тұрма-
сақ, шөп таңдап маңып кетедi.
Аша тұяқтылардың iрiлерiне
әке-шешелерiмiз онша алаңдай
бермейдi. Түйесi де, жылқысы
да, сиыры да, ұсағы да аралас
оттайды. Олардың жанында бiз
де құмарымыз қанбай ойнап
жатамыз. Доп қуамыз. Алыса-
мыз, жұлысамыз. Қойшы, әй-
теуiр, күн батып малды өрiстен
қайтарғанша далада емiн-еркiн
сайран саламыз.
Осындай қызығы таусыл-
мас шаттықты күндердiң бiрiн-
де – ойын балалары бiздi де,
ауылдың ересектерiн де елең
еткiзiп, Әйтпен атаның боз би-
есi тура далада егiз құлын туды.
Екеуiнiң де түсi жирен, маңдай-
ларындағы алақандай аппақ
белгiлерi де, төрт аяғының тiр-
сектерiндегi ақ жолақ та бiрдей.
Жүз шақты түтiндi елдi мекеннiң
үлкенi мен кiшiсi бiр-бiрiнен ай-
нымаған бұл ұқсастыққа түгел
таңданысты. Ауылдың ересек-
терi бiрауыздан келiсiп алған-
дай, ерекше егiз төлдi Әйтпен
ақсақалдың қылқұйрығының
iшiндегi тұрқы да, түрi де бөлек
сұлу мүсiндi, оқта-текте көкпар
додасына қосып қоятын жалғыз
бестi айғырының ұрпағы сана-
ды. Құлпырған қос құлын да
еркек болып туылғанын – ендi
ауылда асыл тұқымды сымбат-
ты аттардың көбейетiнiне ба-
лады. Әрi әр сақта биенiң егiз
төлдегенiн өте сирек болса да
емiс-емiс естiгенiн, бұл өңiрде
мұндай оқиғаның бұрын-соң-
ды болмағанын, бiр биеден
қос құлынның бiрден туылғаны
тұңғыш рет кездесiп отырғанын
тiлге тиек еткен дабырасы көп-
ке дейiн басылмады.
Арада ай шамалас уақыт
өткен-дi. Бiр күнi iнiмiз екеу-
мiз мектептен орала салы-
сымен, түскi асты апыл-ғұпыл
iшiп, қалтамызға құртымызды
тықпалаған бойда қырға қа-
рай шыққанбыз. Әуелi өзiмiздiң
ерекше қос құлынға да әуестi-
гiмiзден жазбай сәл қарап тұр-
дық та, балалармен дулы ойын-
ға қызу кiрiсiп кеткенбiз. Бiр
мезетте жылқы шоғыры жақтан
жанұшыра шырылдаған дауыс
естiлдi. Бәрiмiз де жалт қарас-
тық. Сөйтсек…
Беткейдегi аттардың қасын-
да Әйтпен ата ұлымен екеуi екi
доңғалақты арбаның қорабына
қасқа құлындардың бiрiн артып
жатыр екен. Төлдерiн бөлгенi-
не желiдегi боз бие үздiксiз
шырқырайды. Жер тебiнген
ала айғыр да дамылсыз. Арбаға
осқырына ағызып келiп, шалт
бұрылып кетедi. Жануарлардың
бебеу қаққанына қарайлайтын
әкелi-балалы жоқ. Бiрi қорапқа
жайғастырылып жатқызылған
құлынның басын тұқыртып
ұстап, екiншiсi арбаға жегiл-
ген атты айдап кетiп барады.
Әп-сәттiң арасында не болға-
нын түсiне алмай, қыр басында
аңтарылып бiз қалдық.
Бұл көрiнiстi к ешк е
дастарқан басында әкеме айт-
қанымда: «Е-е, ақсақал iрi мал
егiз туса жақсылық әкелмейтiн
қайдағы бiр ырымға жорып,
оларды сыңарлайтынын бiраз-
дан берi айтып жүр едi. Құлын-
дар ана сүтiмен аяқтанғаннан
кейiн қайын жұртына бiреуiн
апарып тастаймын дегенiн де
құлағым шалған-ды. Қос құлын-
ды ажыратса бұл оның сол ни-
етi болды онда» дедi.
Бiр-бiрiнен айнығысыз күн-
дер өтiп жатты. Көктем шуағы
да күш ала бастады. Түскi ас-
ауқатымызды үйдiң iшiнен есiк
алдындағы киiз, көрпеше төсел-
ген тапшанда iшетiн болған-
быз. Бiр күнi мектептен келiп,
отбасымыз бен сәкi үстiнде,
дастарқан басында отырғанбыз.
Бiздiң үйдiң сәл қарсы бетiндегi
қырқадан асатын қасқа жол бiз-
ге анық көрiнiп тұрады.
– Ананы қараңыздар, – деп
қалды бiр заматта iнiм.
Оның қол нұсқаған тұсына
бәрiмiз жапа-тармағай жалт
қарастық. Қырқадан асар қасқа
жолдың бергi бетiнде құлды-
раңдаған аяқтары ала, қасқа
құлын көрiндi. Жалғыз өзi сай-
дағы үйiр жылқыға қарай құйын-
перен ағызып келедi.
– Ой, жарықтық-ай, тебiсiп
өскен сыңарын, уыз сүтiмен
аяқтандырған енесiн iздеп, өгей-
сiген арғы ауылдан дәл тауып
жеткенiн қарашы. Адамнан кей-
iнгi ақылды жануар – жылқы де-
ген мiне, осы болар. Қазақ пен
жылқы бiр мiнездес деп бекер
айтылмаған да шығар, сiрә!
Өзге биенiң бауырына басыл-
са да, өз шешесi мен сыңарын
ұмытпағаны – естiлiгi мен тек-
тiлiгi емес пе. «Киелi мал иесiн
табады» деген де осы-ау, – дедi
әкем жайбарақат.
Бiз iнiмiз екеумiз туған жерiн
алыстан тауып келген құлын-
ның бұдан кейiн тобына қалай
қосыларын көрмекке орында-
рымыздан ұшып-ұшып тұрдық.
Баудың аяғындағы ашық алаңға
жеткенiмiзде көршi Әйтпен
атамен қатарластық. Бiз ылғи
да көретiн тақиясы, бешпентi
жоқ, ақ көйлекшең, кебiссiз
мәсiсiмен қасқа құлын құлды-
рап келе жатқан қасқа жолды
маңдайға алып дедек қағып
барады.
– Құр, жануар, құр! Шыр-
қыраған үнiңнен айналдым.
Жерiңдi, тобыңды тапқан қасие-
тiңнен айналайын сенiң! Тәубе!
Тәубе! Қайтқан малда береке
бар. Құр, жануар, құр! – деп
ебiл-дебiл емiренiп делеңдей
жүгiредi.
Жеңiс БАҺАДҮР.
НАУРЫЗ НОВЕЛЛАСЫ
ТЕЛҚОҢЫР
ҚАЗАҚЫ БОЛМЫС
14
18 наурыз 2016 жыл
«Жақсы жар
– жігітке біткен бақ»
Халық нақылы.
Егер сізден бақытты әйел кім деп сұраса, не деп
жауап берер едіңіз? Әр әйел, әр қыз-келіншек, әр
нәзік жанды атаулы қыздар өзінше бақытты.
Бақытты болудың 5 ережесі.
1.
Ең алдымен әйелге керегі – ақыл. Ақылды әйел қиналған
шақта қатыгездікке бармайды. Серігі сүрінгенде, сенделіп
кетпестен демеу бола біледі. Қай кезде де сабыр сақтап, қо-
сағына ақыл қосқан әйелдің жанына бәрі үйір. Ондайда ашумен
айқайға баспайды. Айқай шыққан жерден ақыл қашатыны
белгілі. Керек кезде желік қуған ұл-қызына жол тауып, ізге
салады. Адасқандарды ақылмен түсіндіріп, тізе қосып, тір-
лікті бірге атқарады. Келеңсіздік кездессе, көңілін түсірмейді.
Қиянат көріп құлағанда, қайта тұрып кететін қасиетке ие
болған әйел бақытты. Жаратылысы шапағатқа толы нәзік
жандылар мейіріммен ойлайды, мейіріммен сөйлеп, елжіреп,
мейіріммен өмір бойы жанында жүргендерге сүйсіне қарап,
айналасына шапағатын сыйлайды. Жан жүрегінің жылуы
жүзінен, жүрегінен төгіліп тұрады. Ондай қыз атаулы немесе
әйел атаулы жандар әр жігіттің, әр ересек адамның арманы.
2.
Кешірімді әйел бақытқа қатты бөленеді. Әр нәрсеге
күйініп, алқымынан ала беру әйелге жараспайтын мінез. Қыз-
балыққа салынып, кешіре білмейтін адам ерте қартаяды. Аузы
былапырт сөздерге толы әйел немесе қыз-келіншектер өте тез
қартаяды. Кешірімге барған адамның ұтылғанын көрдіңіз бе?
Көп жағдайда кешірім жасай алмай жатамыз. «Кешпеймін» деп
айтқандар оның жазасын екі есе тартады. Барын жоғалтып,
екіншіден жаманатты болады. Кешіре білу керек. Ол сізді орға
жықпайды. Әйелдер өмірде кешіре алмағандығынан опық жеп
жатады. Жақсы жар ерінің айыбын бетіне баспастан, кешіре біл-
гені керек. Сүйе білген адам кешіре де біледі. Соңғы кездері сүю,
сену, кешіру, аяу, аялау, достасу сияқты қарапайым ғана сезім-
дермен өмір сүретін адамдар өте кем. Бақытқа бөленіп жүрген
нәзік жандылардың қатары көп емес.
3.
Өзінің ғана емес, өзгенің жан дүниесін түсіне білген әйел
бақытты. Өйткені ондай әйел алыстан аңғарылады. Алыс-
тан сезеді. Алыстан пайымдайды. Алыстан іздейді. Алысқа
көз салады.
4.
Сабырлы болғанда ғана әйелге бақыт бұйырады. Дауыл
да дамыл табады. Сабырлы нәзік жандар салиқалы шешімге
тоқтайды. Ұзақтан ойлайды. Өйткені үй ішің берекелі болса, өзге
ісің де оңға басады.
5.
Осы аталғандардың бәрі жеңіл тәрізді, сөзбен айту өте
жеңіл және де күле қарауыңыз да мүмкін. Жазуға оңай деп
ойлансаңыз қателесесіз. Ерік-жігеріңізге сенім артып көріңіз.
Мейлі тұрмыс құрмаңыз. Айналаңыздағыларға қараңыз,
сабырлы болыңыз. Сабырлы болып, күле білсеңіз, ашуланбаңыз.
Мұндай жұмсақ, кешіре білетін, күле сөйлейтін қыздарға қа-
сыңыздағы жігіттер үйірсек келеді. Тұрмыста болыңыз, бала-
ны, еріңізді түзеткіңіз келсе, өзіңіз түзелуіңіз керек алдымен.
Бойыңызға ең асыл, ізгі қасиеттерді жинап, қасыңыздағы
тірегіңізбен, қосағыңызбен қоса ағарасыз.
Кәдімгі жұқа киізден киім ті-
гіп, оны сәнге айналдыра білген
Гүлден ұлтымыздың төл өнерін
жаңғыртуда. Әрі бос уақытында
таптырмас ермек. Гүлден Молдах-
метованың негізгі мамандығы –
оқытушы. Бірақ қазір кішкентайы-
мен үйде отыр. Оның қолөнердің
бұл түрімен айналысқанына 2-3
айдың ғана жүзі болыпты.
–Іс тігу өнерін анамнан үйрен-
дім. Кішкентай күнімнен анамның
қолынан шыққан әр бұйымға қы-
зыға қарап, көңіліме түйіп өстім.
Негізгі мамандығым оқытушы ғой.
Үйде баламен отырғаннан кей-
ін, бос уақытым көп. Сөйтіп бос
уақытымның болуы осы өнерге
деген құлшынысымды аша түсті.
Өйткені, киізден киім тігудің тех-
нологиясы мүлдем бөлек. Яғни,
киім әдеттегідей ұлттық нақышты
ою-өрнекті киіз бетіне бедерле-
неді. Оның үстіне әдемі көріну
үшін сәнді моншақтар жапсыра-
мын. Киізге тігіс те түспейді. Тек
қолың епті болса болғаны. Тағы
бір айтарым, киізбен жұмыс істеу
қазаққа таңсық іс емес. Оны пай-
даланып, тіккен киімдеріммен
өнерге жаңалық әкелдім деп айта
алмаймын. Себебі, ертеде оны
кеңінен пайдаланған. Киізден
жасалған киім жылы әрі ыңғайлы
болады ғой, – дейді Гүлден бізбен
әңгімесінде.
Шебер келіншек бүгінде
қыз-келіншектерге арналған түр-
лі бұйымдар тігіп жүр. Қамзолдар-
дың неше түрі бар. Көйлек, жеңіл
костюм, күзгі пальто, қамзол,
балалар қамзолы мен белдемше
де тігеді. Кәсіби маман болмаса
да, бос уақытында айналысатын
сүйікті ісі. Бір қамзолдың салмағы
бар-жоғы 200-400 грамм ғана.
Бағалары да онша қымбат емес.
Мәселен, бір қамзолдың бағасы 4
мыңнан жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: