№19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата15.02.2017
өлшемі14,57 Mb.
#4182
1   2   3   4

Аяжан ДЖУБАНЫШЕВА, 

Журналистика және саясаттану 

факультетінің 1-курс студенті, 

«Оратор» пікірсайыс 

клубының мүшесі 

С

туденттер

Менің елім Қазақстан. 

Осынау құдыретті сөзді әрбір 

Қазақстан Республикасының 

азаматы асқақ сезіммен ерекше 

мақтанышпен айта алары хақ. 

Сонау Алтайдан Атырауға 

дейінгі созылып жатқан кең 

байтақ ғажайып өлке – бұл 

Қазақстан. Осындай аймағы 

үлкен, қойнауы қазынаға толы 

құнарлы жерімізге кімдер көз 

тікпеді десеңші? Олар қазақ 

жеріне иелік ету үшін қаншама 

рет шабуыл жасап, елді тыныш 

қоймады. Бірақ, ержүрек ата-

бабаларымыз сыртқы жаудың 

қимылын бағып, тойтарыс 

беріп отырды. Сол батыр 

бабаларымыздың, халқымыздың 

бірлігінің арқасында ел өзінің 

кең байтақ жер, құт мекенінде 

еркін көселіп, жайланып жатыр. 

Қасиетті жеріміздің иесі – 

олардың ұлы ұрпақтары қол 

жеткізіп отырған бостандық 

туын желбіретіп, көкке көтерер 

ме едік? 

Өз басынан ұрпақ тағдырын 

биік санаған, ардақты ақын ата-

мыз Асан қайғы елі үшін мәңгілік 

мекен жақсы жайды желмаямен 

желіп іздеген. Талмай кезіп, 

ерінбей шарлап, таппай тынбай, 

таңдап тоқтап, түйесін шөктір-

ген жері осы күні Қазақстан 

аталды. Қысқы аязы мен жазғы 

ыстығына ұл-қызын бірдей шы-

нықсын дегендей, еліне апарып 

тіресе, бір шетін күннің көзі най-

задай қадалатын оң бүйірге тіре-

ген. Арқасынан күн қысқанда, 

Алатау мен Алтай сынды алып 

таулар мейілінше мейірленіп, 

бал бұтақтары еш уақытта үзіл-

мей аға берсін деп ойлаған си-

яқты.  

Мысалы айтсам, менің 



ұлтым орыс болса да, басқа 

болса да, мен басқа мемлекетке, 

шетелдерге көшіп кетсем де, 

ешқашанда өз Отанымды, 

Тәуелсіз Қазақстанымды 

ұмытпаймын. Есімнен еш 

шығармаймын. Менің жаным 

да, тәнім де Қазақстанда, өз 

халқыммен мәңгілікке бірге 

қалады. «Туған елдей  ел болмас, 

туған жердей жер болмас», 

- дейді қазақ халқымыз. Мен 

мысалы өз басым Қазақстанда 

туылғаныма өте қуаныштымын. 

Отан – менің мақтанышым!

«Отанға опасыздық еткенің 

– өз түбіңе жеткенің» деп халық 

бекерге айтпаған. Отан кім-

кімге де қымбат. Отан оттанда 

ыстық, дегендей адам баласының 

жүрегінде ең бірінші ақ сүт 

берген туған анасына деген 

сезім орналасса, ал екінші Отан-

анаға деген сезім орын алады. 

Отансыз өмір сүру мүгедек боп 

өмір сүрумен тең. Тәуелсіздік 

тәтті ұғым, қастерлі сөз. Сонау 

өткен заманымызда біздердің 

ата-бабаларымыз тәуелсіз үшін 

қас жауымен жан берісіп, жан 

алысқан. Енді Тәуелсіздік алып, 

еркіндікке қол жеткіздік. За-

ман біздікі! Дәуір біздің дәуір! 

Мемлекеттік Ту мен Елтаңба-

ны және Республика Гимнінің 

жаңа мәтінін Тәуелсіздігіміздің 

айғағы деп білеміз. 1993 жылы 

28 қаңтарда Еліміздің тұңғыш 

конституциясы қабылданды. Әр-

бір азаматтың міндеті – Отанды, 

Әнұранды, Туымызды Елтаңба-

мызды және Гимнімізді қастер-

леуге, қорғауға әрдайым мақтан 

етіп жүруге тиісті. Тәуелсіз 

жолы – қасиетті жол! Қазақстан-

ның танымал ақыны Қасым 

Аманжолов:     

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ   

арман.

деп, отанға деген жүрек 

тебіренісін жырға қосып жет-

кізген. Әнұранымызды шырқап, 

Туымызды биікке көтердік. Әлі 

де еліміздің алда тұрған келе-

шегі керемет. «Еркіндік» аң-

саған халық тілегі бүгінгі таңда 

күнмен күліп, арайлап атқан ақ 

таңның нұр шапағы шашып тұр. 

Биыл Қазақстанның Тәуелсіздік 

жариялағанына 24 жыл толады!

Әрине, 24 жыл біз үшін 

көп уақыт емес. Бірақ егемен 

еліміз үшін бұл 24 – жыл өте 

маңызды. Қазақстан - тек жай 

ғана мемлекет емес «Мың өлім, 

мың тірілген ел». Отаны үшін, 

халқы үшін қабырғасы қайысып, 

елі үшін еңіреген ер-азаматтар 

қай заманда да болған.  

Отан... Бұл сөз әрбір дала пер-

зентінің көкірегін кернеген 

мақтанышпен айтатын сөзі.

Атақты ақын ағамыз 

Мұқағали Мақатаевтың: 

Сен үшін, отан сертім сол-

Неден де болса тойынған

Киелі менің өрісім

Барлығы да сен үшін.

деген өлең жолдарын өзіме ұран 

ғып ұстап, елімнің даңқын асы-

руға күш-қуатымды арнаймын! 

«Тоқсан ауыз сөздің то-

бықтай түйініне» келетін болсақ 

қазақ халқы – батыр халық, ақын 

халық! Туған жерді осылайша 

жырлап өткен ақын ағаларымы-

здың талантына тағзым етемін! 

Отынымыз гүлденіп, жеріміз 

көріктене берсін. Мен осындай 

қарқынды дамып, көк аспанын-

да қыран құсы самғаған, бейбіт 

өмір сүріп жатқан Тәуелсіз Қа-

зақстанның болашақ ұланымын!



Кенжебек  СЕРЖАНҰЛЫ,

Журналистика және 

саясаттану факультетінің 

1-курс студенті

Жүрекжарды

11

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 19 (200), 

қараша, 2015 жыл

шығармашылығына  арналған  арнайы  беті



Жастармен  

жұмыс 

жетілдіріледі

Семинар-тренинг

Встреча прошла на дружеской ноте

жерін сүйген өр ақын



Мөлтек сыр

танылды. Бірақ... Жыр сапары 

ұзақ болмады. Амал не?! Басқа 

жазылған тағдыр солай болса 

керек. Ерік ағаны тірідей көру 

менің маңдайыма жазылмапты. 

Десек те, ағамның өлең-

жырларын оқып тамсандым. 

Әр  шығармасы - өзінің өмір 

жолының бір парақшасы сынды. 

Бірін оқып балаша мәз болдым, 

енді бірінде көзіме жас толып, 

жылап та алдым. Бұл да болса 

өлеңінің құдіреттілігі шығар. 

Ағаның көзін көрмесем де, 

артында қалған мол мұрасының 

бір бөлігімен танысып,  ақын 

ағамның өзімен танысқандай 

болдым. Ағамның кітаптарын 

іздеп, Елордадағы біраз 

кітапханаларды араладым. 

Өкініштісі, кітапханаларда 

кітаптары жоқтың қасы, 

тек бірен-сарандарында 

ғана кездестірдім. Ал кітап 

дүкендерінде «Арманымның 

ақ құсы» мен «Жүрекжарды» 

туындыларын тауып алып, 

қатты қуандым. 

Ақын туралы айтылып 

жатқан лебіздер де жылы 

екен. «Қазақ әдебиеті» 

газетінде жазушы Зәкір 

Асабаев: «Солтүстік Қазақстан 

облысының тумасы, өмірден 

ерте кеткен Ерік Асқаров – 

бүгінде орта буын тобына табан 

тіреген арқалы ақын болмап па 

еді? Сол Ерік Алматыға келіп, 

қазақ мектебінде оқыды, ана 

тілінде жоғары білім алды, он 

алты жасынан бастап зиялы 

қауым өкілдерімен танысқан, 

араласқан, өзін танытқан дарын 

иесі еді. Бұл қазақ мектебінде 

оқып, ұлттық рухани қазынадан 

нәр тартып, сусындаудың 

арқасы болатын-ды» деп, 

мөлтек сырын жазыпты. Ал, 

ақын Несіпбек Айтұлы: « Ерік 

аз ғұмырында артына мол 

мұра қалдырды. Туған халқын, 

туған топырағын емірене, егіле 

жырлап өтті. Абайды пір тұтып, 

Мағжанға тағзым етті, Қасымды 

ардақтап, Мұқағалиға мұңын 

шақты, Тұманбайдың соңына 

ерді», – деп сыр шерткен.

 «Мен – желмін» деп, жел 

болып, ақын болып жаралғанын 

жазды. Өмірдің қайталанбас қас 

қағымын жырымен мүсіндеген, 

қилы-қилы оймен арпалысып 

өткен ақын.  Ақынның өлең-

жырларын оқып, шығар-

маларын қарап, құшағы кең, 

қарапайым, ақкөңіл жан 

болғанын аңғардым.



Менен бұрын жырлап өткен 

мың ақын, 

Менен кейін жырлайды әлі 

мың ақын

– деп жырласа да, ол мың 

ақын дәл марқұм Ерік ақындай 

жырлай қоймас...  Елінің қай 

күні ел болатынына іштей 

күйінген Ерік Асқаров 

сынды ақын, қазақ үшін 

біртуарлардың бірі екені 

ақиқат. Ақын өз заманының 

шерлі шындығын толғаған. 

Өз өлеңі оған дауасыз дерт 

болғанын жазып, екі жиырма 

сегізге келетінін күмәндана 

жырлаған.  Не десек те, 

жазғанынан жазары, еліне 

берері мол болғаны хақ. 

Ойымды ақын ағамның 

өзінің «Соңғы сөзіндегі» 

жолдармен аяқтағым келеді: 

Өрттей шарпып  

жүректерді жаңғырған, 

Кәусар ойы сезім шөлін 

қандырған,

Ұлылар тек жырын емес, 

Ұрпаққа 

Айта алмаған сөздерін де 

қалдырған...

Айтолқын 

ӨМІРБЕКҚЫЗЫ

 Тарих факультетінің 4- 

курс студенті

территориясы

Недавно студенты Евразийского 

национального университета встретили 

главного гостя вечера знаменитого певца  и 

актёра  Айкына  Толепбергена  с позитивным 

настроем и бурными овациями.

Встреча прошла на дружеской ноте. Началась 

она с воспоминания о студенческой жизни Айкына. 

Будучи ещё студентом начальных курсов, он ув-

лечённо занимался музыкой.  Но, как утверждает 

сам певец, в то время не было и мысли о его нынеш-

ней славе.  

У студентов была возможность простого 

общения с певцом. Так,  Айкын ответил на несколько 

вопросов личного характера. Интересными 

были вопросы о любви, из которых самое яркое 

впечатление произвела история знакомства с его 

нынешней супругой и просто хорошим  другом. В 

ходе беседы активно обсуждались известные всем 

песни, такие как «Алтыным» и «Үмітің үзілмесін». 

По просьбе самих студентов, именно эти песни 

были исполнены на сцене.

Следует отметить и чувство юмора Айкына. 

Каждая тема беседы сопровождалась маленькой 

шуткой, что, конечно же, создавало особую, друже-

скую обстановку в зале.

Также были вопросы, касающиеся интернет-

жизни певца. Чаще всего, фигурировал вопрос 

касательно социальной сети «Instagram». Говоря 

об этом, после игры с желаниями, Айкын сделал 

селфи со студентами и выложил его у себя на 

странице.

Айкын Толепбергенов дал студентам несколько 

бесценных советов и поделился планами на 

ближайшее будущее. Речь идёт о концерте, который 

состоится 19 ноября в Дворце мира и согласия

Завершилась встреча подарками дорогому гостю 

университета.

Салкын ТЕМИРБЕККЫЗЫ,

 студент 2-курса факультета 

журналистики и политологии,

Арайлым ӘБСАҒАТ, студент 1-курса 

факультета журналистики и политологии  

Астана қаласының 

Жастар саясатын 

қолдау мемлекеттік 

қоры Астана қала-

сының Жастар сая-

саты мәселелері 

бас қармасының  баста-

масымен «Студент 

жас тармен  жұмысты 

ұйымдастыру» тақы-

рыбында екі күндік 

се минар-тренингке 

Еу   разия  ұлттық  уни-

верситетінің 

Жас -


тар саясаты орта-

лығының төрағасы 

және университет 

жас тарының  атынан 

қатыстым.

Жастарымыздың 

аза  маттық,  әлеуметтік 

дербес тұлғалық бол-

мысының қалыптасуына 

қажетті  құқықтық,  ұйым   -

дастырушылық 

жағ  -


дайларды жасау, олар-

дың қоғамдық игі 

бастамаларын, шығар-

машылығын қолдау және 

ынталандыру, халықаралық 

мәдени, ғылыми және білім 

беру процестеріне тартуда 

жастар ісі жөніндегі 

құрылымдардың рөлін 

нығайтуға көмек көрсету,  

жасалынуы өте маңызды іс 

екені белгілі.  

Осы орайда, Астана 

қаласының Жастар саяса-

тын қолдау мемлекеттік 

қоры Астана қаласының 

Жастар саясаты мәселе-

лері басқармасының баста-

масымен мемлекеттік 

жастар саясаты саласына 

қатысты аймақтық 

бағдарламалар бөлімдерін 

жүзеге асыруға бағытталған 

іс-шаралар аясында Астана 

қаласының жоғарғы 

оқу орындарындағы 

жастар ісі жөніндегі 

құрылымдардың жұмысын 

же тіл діруге 

арналған 

«Сту дент 

жастармен 

жұмысты ұйымдастыру» 

тақырыбында екі күндік 

семинар-тренинг өткізілді. 

Іс-шараға Астана қала-

сы «Жастар» ғылыми-

зерттеу орталығының біл-

ік 

ті лекторлары, Астана 



қаласы Жастар саясаты 

мәселелері басқармасының 

қызметкерлері, Жастар 

саясатын қолдау 

мемлекеттік қорының 

өкілдері, жастар ұйымдары, 

жоғарғы және арнайы 

орта оқу орындарының 

Жастар ісі жөніндегі 

комитеттерінің төрағалары 

мен қызметкерлері 

қатысты. 

Қазақстан Респуб-

ликасының Мемлекеттік 

жас тар саясаты туралы 2015 

жылдың 9 ақпанындағы 

Заңына сәйкес жастардың 

өзін-өзі басқаруы тұлғалық 

және кәсіби өсу, қоғамда 

ойдағыдай әлеуметтену, 

өзінің зияткерлік және 

шығармашылық әлеуетін 

іске асыру үшін жағдайлар 

жасау жөніндегі жастар 

қызметін ұйымдастыру 

нысаны болып табылады. 

Сондықтан, 

атал ған 

семинар-тренингті өт-

кізу Жастар ісі жөніндегі 

комитеттердің тұрақты 

дамуына септігін тигізеді. 



Заңғар ОРМАНША,

Жастар саясаты 

орталығының төрағасы, 

ақпараттық технологиялар 

факультетінің   

4-курс студенті

12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 19 (200), 

қараша, 2015 жыл

    


Еуразия 

университеті

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

ДИРЕКТОР – 

БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Жүніс  ОМАР

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Әсем ЕРЕЖЕҚЫЗЫ

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ИП"Старков С.А." 

баспаханасында басылды.

Таралымы-1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, 

Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс №3542

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2-үй, 

347 бөлме. Тел: 709500, 31325 (ішкі байланыс)

Shauenova_ga@enu.kz

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Жүлдегер 

арамызда

Үш тілде өткен іс-шара

Сахна саңлақтары

Студенттер үйінде

Әуеледі әсем ән



Хабарландыру

Жезтаңдай әнші, елімізді әлемге 

танытып жүрген Маржан Арапбаеваның  

қазақ өнерінде орны ерекше. Оның өнер 

жолы талай жасқа үлгі болары сөзсіз. 

Алғаш рет үлкен сахнаға жол ашқан «Жас 

қанат–2002» байқауында дипломант 

атанғаннан кейін-ақ оның жеңісті 

күндері бірінен соң бірі жалғаса берді, 

ол «Азия дауысы–2003» (ІІІ орын), 

«Славян базары–2004» (ІІ орын), 

Шанхайдағы халықаралық ән фестивалі 

сынды (ІІІ орын) бірнеше халықаралық 

байқаулардың  лауреаты  атанды.

Танымал әнші Маржан Арапбаева 

Еуразия ұлттық университетінің 

сахнасында алғаш рет емес, алайда еркін 

тілдесу түрінде өткен студенттермен 

кездесуде аздап қобалжыды.  Ол бала 

күнінде өте бұзық болғанын айтты. Өзімді 

сахнадан көретінмін: «Мен бала кезімнен 

әнші болуды армандадым. Ешкімге 

еліктемей, жеке-дара болмысымды 

қалыптастыруға ұмтылдым. Өзгеге 

еліктеу мен үшін өз-өзіңді жоғалту деген 

сөз. Мен өнерге кеш, яғни 24 жасымда 

аяқ бастым. Бірақ, жас мөлшері ешқандай 

рөл атқармайды және айтарым, кез келген 

істі бастау ешқашан кеш емес». Маржан 

Арапбаева тек әнші,  сазгер ғана емес, 

сондай-ақ, бақытты ана, сүйікті жар.     

Кездесу Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университетінің 

әлеуметтік-мәдени даму мәселелері 

жөніндегі проректоры Дихан 

Қамзабекұлының  сөзімен аяқталды. 

Ол Маржан Арапбаеваны 30 қазанда 

«Қазақстан» ОКЗ-де өтетін ЕҰУ-дің 

«Студенттер қатарына қабылдау» 

мерекелік іс-шарасына шақырды.          



Әлеуметтік және азаматтық даму 

жөніндегі департаменті

№ 5 Студенттер үйінде «Өзге тілдің бәрін біл, өз 

тіліңді құрметте» деген ұранмен салтанатты іс-шара 

өтті. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты: мемлекеттік 

тілді құрметтеу, өзге де тілдердің мәртебесін көтеру, 

студенттердің үш тілді меңгеруге деген талабын арттыру, 

патриоттық сезімдерін ояту. 

Қазіргі таңда бірнеше тілді білу – заман талабы. Үштұғырлы 

тіл өмірдің қажеттілігі. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге 

қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді 

әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына 

ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Елбасы жыл сайынғы 

Қазақстан халқына Жолдауында тiл саясатына, оның iшiнде 

қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру, үш тұғырлы 

тілді қалыптастыру мәселесiне тоқталмай өткен емес. Кемінде 

үш тіл білу біздің балаларымыздың болашағы үшін маңызды 

екендігін айта кеткен еді. «Қазақстан әлемге халқы үш тілді 

меңгерген, жоғары білімді ел ретінде танылуы қажет. Яғни, қазақ 

тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және 

ағылшын тілі – жаһандық экономикаға тиімді интеграциялау 

тілі», – деген болатын Елбасы. 

Концерт бастар алдында Студенттер үйі дирекциясының 

директоры Еркебұлан Нұғыманов құттықтау сөзін айтып, 

Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барлық ұлт 

өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, сыйлауға шақырды.

Концерт үш тілде жүргізілді. Сахнада өз өнерлерін көрсеткен 

студенттер би биледі, ән айтты, домбыра, скрипка, баян мен 

гитарада ойнады. Польша, Ауғанстан,  Өзбекстан,  Қытай, 

Кореядан  келіп  Еуразия  ұлттық  университетінде  білім  алып 

жүрген студенттер де бейне арқылы өздерінің жылы лебіздерін 

білдірді. 

Кеш соңында көрермендер ұйымдастырушыларға алғыс 

білдіріп, тамаша көңіл-күймен тарқасты. 

Жуырда ХІ Ұлттық Дельфий 

жастар ойындары болып өтті. Іс-

шара Тарих толқынында» атты 

ұранмен Қазақ хандығының 550 

жылдығына арналып өткізілді және 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 

келген өнер саласындағы жас 

майталмандардың басын қосты. 

500 қатысушы бірнеше 

күн ішінде бейнелеу өнері, 

орындаушылық шеберлігі, 

қолөнер, шешендік өнер және 

әлеуметтік өнер салаларындағы өз 

жетістіктерін паш етті. Байқауға 

қатысушылардың жұмыстарын 

Қазақстанның Халық әртісі, 

«Қазақстанның Еңбек Ері» 

Айман Мұсақожаева бастаған 

кәсіпқойлығы жоғары әділқазылар 

тобы бағалады. 

Ұйымдастырушылардың мә-

ліметтері бойынша, дельфий 

ойындары жыл сайын жас 

дарын иелерін анықтап, оларға 

қолдау көрсетуге көмектеседі. 

Қатысушылар құрамы халықаралық 

стандарттарға сай, әрбір аталым 

бойынша талаптар айтарлықтай 

күрделі. Елордамызда өткен ақтық 

сайыста қатаң өңірлік іріктеу 

болып, тек ең үздіктердің үздігі 

ғана елордадағы Ойындарға қатысу 

мүмкіндігін иеленді. 

Биылғы жылы қатысушылар 20 

аталым бойынша бақ сынасты: алты 

музыкалық аспапта орындау, би, 

ән айту, халықтық көркем кәсіптер 

мен қолөнер, көркем оқу, бейнелеу 

өнері, тележурналистика, диджей, 

фотосурет, қысқаметражды кино, 

битбокс және веб-дизайн. 

Аталмыш сайысқа Л.Н. 

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінің сәулет-құрылыс 

факультетінің студенті Әкімхан 

Бозтай қатысып, «Бейнелеу өнері» 

аталымы бойынша үшінші орынды 

иемденіп, қола медалінің жүлдегері 

атанды. 


Айта кететін жәйт, іс-шараның 

еліміздің мәдени өмірінде жас 

дарындарды анықтап, оларға 

қолдау көрсетуде зор маңызы бар 

екендігі сөзсіз.

Бәрекелді!

Кездесу танымал күйші Айбек Бекбосын жетекшілік 

ететін «Жігер» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйытқы 

болуымен ұйымдастырылды. Модератор ретінде оқу 

ордамыздың белсендісі Ендібай Мағжан болды. 

Қазақстан  Рес-

пуб ликасының  

Еңбек сіңірген 

мәдениет  қыз мет-

кері,  ком по зитор 

Болат 

Әшір -


баевтың 

«Тар -


бағатай  тау лары» 

атты ән кешіне 

шақырамыз. 

Кеш 10-қа-

раша күні 19.00-

де  Л.Н.Гу милев 

атын дағы 

Еур-


азия ұлттық 

универ ситетінің  

концерт залында 

өтеді. 


Кеш қонақтары: 

Қайрат Нұртас, 

Майра Ілиясова, 

Рүстем  Жүгініс, 



Сүлеймен 

Ибрагим.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет