§20. ӘЛЕМ ҚҮРЫЛЫСЫНЫҢ ПОСТБИПОЛЯРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Бірполярлы өлем (плюралистік бірполярлылық) 90-жылдардың
екінші жартысында халыкаралык катынастарда жаңа жүйенің
қалыптасу процесі басталды. Бүл кезең былайша көрініс берді:
1)қаржылык-экономикалық, сауда және саяси байланыстар қарқынының үлғаюына орай әлемдегі мемлекеттер арасындагы өзара байланыстың артуы;
2) бүқаралық коммуникациялар прогресіне байланысты жаһандық ақпараттар көлемінің ұлгаюы.
Биполярлық кезеңде орныққан саяси бөлінушіліктің жойылуы халықаралық қатынасқа жаһандық бейбіт сипат берді. Енді жаһандық
қаржылай және ақпараттар агыны әлемнің барлық бөліктеріне, тіпті 1991 жылдарга дейін олардан шет қалган аймақтарга да жетті.
Плюралистік бірполярлылық - бір «полюсті» (әскери, саяси,экономикалық, қаржылық және өзге де қуаты бар, әлемдік аренада өзгелердің іс-әрекетті мен, әлемдік қатынастарды реттеуге үмтылушы күштер орталыгы)
НАТО, С7 институттарымен біріккен және АҚШ барлық Батыс елдері қүрайды. Батыстық полюс біртекті болып саналмайды. Оның мүшелері үжымдық билік аясында қызмет атқарады, ал түрлі кезеңдерде олардың одақтастық әріптестіктері санқилы деңгейде болады.
90-жылдардьщ екінші жартысы мен 2000 жылдың басында бірполярлы (бірполюсты) өлем қальштасты және ол КСРО күйреген соң жалгыз әлемдік державага айналган АҚШ-пен байланысты болды.
Бүл жагдай мына негіздерден байқалды:
- АҚШ өскерп, экономикалық, саяси багыттардың барлыгында
үстемдік қүрьш, зор ықпалга ие болды.
- Америкалық дамл,- моделінің артықшылыгын АҚШ- тың жетістікке
толы тарихы дөлелдеді және ең бастысы - «қыргиқабақ соғыста»
жеңіске жетті.
- АҚШ-қа тең келер бәсекелестің болмады.
Биполярлық жүйенің қүлауьша орай, АҚШ-пен оның одақтастары
плюралистік биполярлылықты қалыптастырды. Ол мына әрекетгерден
көрініс тапты:
- 1993 жылы АҚШ әкімшілігінің шешімімен өлемге демократияны
таратз,та («демократияның кеңейту» доктринасы) ықпал ету.
- Солтүстік Атлантикалық альянстың қатарына жаңа мүшелерді
қабылдау арқылы оның шегарасын шыгысқа қарай кеңейт\т. 1996 жылы
желтоқсанда Брюссельде өткен НАТО кеңесінің сессиясында альянсқа
жаңа мүшелерді қабылда\та шешім шыгарылды
- 1999 жылгы НАТО кеңесінің Париж сессиясында Альянстың жаңа
стратегиялық түжырымдамасын қабылдау және оның жауапкершілігін
Солтүстік Атлантика аумагынан тыс өңірлерге кеңейіу шешімі.
- АҚШ пен оның кейбір одақтастары халықаралық төртіпті тиімді
пайдалана отырып, бүрынгы Югославияда 1996-1999 жылдары,
Иракта 1991-1998, Ауғанстанда 2001-2002 жылдары өздеріне оңтайлы
жағдайлар қалыптастырды.
2001 жылдың қыркүйегінде АҚШ-та болған террористік актілер
оның халыңаралық өмірде жеке ережесін қарқынды түрде анықтауына
себеп болды. 2002 жылдың 29 қаңтарында АҚШ конгресінде сөз
сөйлеген президент кіші Дж. Буш, төнген қауіптің алдын алу үшін
АҚШ бір багыттагы әрекетке баратынын; олар қауіптің бүдан да үлғайып, жағдайдың қалай өзгеретінін күте алмайтынын мәлімдеді.
АҚШ қазіргі длемде маңызды рел атқаратынын білдіріп, өздерінің
сырттан талап қоятын халықаралық конвенциялар мен келісімдерге
тдуелді болгьілары келмейтінін жеткізді. «гцырғикдоак, соғыс» аяқталған соң, Америка қалаи түрақты әлемдік тәртіпті қалыптастырады деген мәселеге орай, АҚШ-та тұңғыш рет жаңа жаһандың стратесия қабылданды.
Жаһандық стратегияның негізін жеті принцип қүрады:
1. Бірполярлы әлемнің бұлжымастыгы, АҚШ-қа лайықты тең
бәсекелестіктің болмауы. Америка ешбір мемлекетке, қандайда бір
мемлекеттер коалиңиясына өз деңгейіне жетуге жол бермейді.
2. АҚШ өзіне төнетін қауіптерді қайта қарастырды. Жаңа қауіптер
қатарына аса зор қастық жасауға мүмкіндіктері бар шағын террористік
топтар енгізілді. Оларды тәртіпке салу немесе үрейлендіру мүмкін
емес, оларды тек жою керек. Олардың қолында АҚШ-қа белгісіз ядролық, химиялық немесе биологиялық қарулар болуы мүмкін. Бірақ терроризм кезінде қорғаушыларға қателесуге болмайды. Қарсылас мемлекет емес, олармен келісімге келу, күштер теңдігін мөлшерлеу, үстамдылық стратегиясын үстануға болмайды. Жою қаупі өзіне сай жауапқа лайықты.
3. Үстамдылық туралы ешқандай әңгіме болуы тиіс емес. Жалғыз
ғана нақты жол - шабуыл, алғашқы болып шабуыл жасау. Ескерту
соққысы - жаңа уақыттың қажеттілігі. Нақты белгісіз, кдуіпке жылдам
жауап қажет, әйтпесе тым кеш болады.
4. Суверенділік үғымы қайта қарастыруды қажет етеді. Суверенділікке
тән шегаралардың мызғымастық және т.б. барлығы өткен уақыттың
еншісіне айналуда. Террористерді тоқтату ,үстап түру» мүмкін емес, сондықтан АҚШ өзінің мемлекеттік шегараларына қарамастан,
барлық жақтан болатын соққыға дайын болуы тиіс. Террористер шегараны сыйламайды, сондықтан АҚШ осындай қадамдарға барады.
Суверенділіктің «шектеулісі» деген үгым пайда болады. Үкімет өзінің
мемлекеттік шегарасында болып жаткан жагдайларга жауапты. Егер үкімет бүл міндеттерін орындай алмаса, онда олар суверенділік артыкшылықтарынан айырылады.Басқа үкімет, оның ішінде АҚШ үкіметі де суверенділікті бүзу қүкыгын иеленеді. Қажет батса, өзін-өзі
қоргау мақсатында ескерту соққысын беруге қүқылы.
5. Қорганыс саласындагы ынтымақтастық келісім мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі көпжақты келісім-шарттар бүрынғы мәнінен
айырылуда. 2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасынан кейін ең бастысы, әділдік туралы өз түсінігіңе, содан кейін Кито протоколы, Халықаралық сот немесе Биологиялық қару-жарақ конвенциясы сияқты халықаралық
трактаттарта сүйенуің керек. АҚШешқандай келісім қолдаусыз да қуатты.
6. Одақтар шектеулі қүндылықтарға ие. Бүл НАТО-дан немесе
Жапониямен келісімнен бас тарту дегенді білдірмейді.Бірақ бүл
Америка негізгі миссиясын өзінің күшімен орындауга дайын екенін, ал
одақтарды тек қажеттілік деңгейінде гана пайдаланатынын білдіреді.
7. Жаңа стратегия халықаралық түрақтылыққа басымдылық маңыз
бермейді. Оган үміт арту - өткеннің еншісіндегі іс. Әлемге американдық
бірбағыттылыққа көнуге тура келеді. Түрақтылық енді өзінен-өзі
болады деген ой болмауы тиіс. Америка жаһандық түрақтытық тәртібін
орнатуға кіріспейді, ол өзінің қатерлі қарсыластарын жоюга ниетті.
Басты үстанымы алдын-ала соққы беру болып табылатын Вашингтонның
жаңа сыртқы түжырымы, барлық келісімдер бүзылган жагдайда АҚШ-
қа атом қаруын қолдануга мүмкіндік береді. АҚШ биологиялық қару
жөніндегі конвенңияны қабылдамады, ядролық сынақтарга толық
тыйым салу туралы келісімдерді бекітуден бас тартты, Халықаралық
қылмыстық соттың қүзіретін мойындамады. 2002 жылдың 14маусымында АҚШ 1972 жылгы ПРО (Зымырынга қарсы қорғаныс) шартынан шықты. АҚШ 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі оқиғадан кейін өзін-өзі қорғауға қүқығы бар деп мәлімдеп, 2003 жылдың 20наурызында Иракқа шабуыл бастады. Осы соғыстың нөтижесінде Ирактағы Саддам Хусеин режімі қүлатылды.XXI ғасырдың алғашқы онжылдығының ортасында халықаралық қатынаста плюралистік бірполярлылық пайда болды. АҚШ өзінің сыртқы саясатын жүргізу барысында, халықаралық қатынастағы
мемлекеттермен, әсіресе С8 үйымына мүше елдермен санасып отырды.
Ресми емес мемлекетаралық бүл үйымның мүшелері АҚШ-тан басқа,
Үлыбритания, Германия, Франңия, Италия, Канада, Жапония жөне
Ресей (2014 ж. дейін) болды.
Халықаралық қатынастарда жаңа жүйелердің қалыптасуы.
XXI ғасырдың алғашқы он жылдығының соңында халықаралық
шиеленістерді тікелей күшпен шешуге болмайтындығын түсінген
АҚШ-тың саяси бағыты өзгеріске түсті. Бүл жаңа заманның қажеттілігіне орай қалыптасты. Бүрынғыдай «АҚШ жаңа әлемнің қожасы» деген көзқарас өзгеріп, халықаралық қатынастар жаңа сапаға көтерілді.
1.Қайшылыкты және бірлескен биполярлылык ұғымының мазмұнын айтыңдар.
2.1985 жылы КСРО ОК Бас хатшысы М.С. Горбачевтің жүргізген саясаты қандай?
3. Биполярлық және ыдыраған сон бірполярлы әлемнің қалыптасуына қандай жағдайлар ықпал етті?
4. «Көпвекторлы сыртқы саясат» ұғымының мәнін түсіндіріндер.