§19. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ БИПОЛЯРЛЫК ЖҮЙЕНІҢ ЫДЫРАУЫ МЕН ӨЗГЕРУІ (1985-1996 жж.)
Биполярлық жүненің қалыптасуы мен күйреуі. Екінші дүтеиежүзілік соғыстан кейін халыкаралық қатынаста пайда болған биполярлық немесе Ялта-Потсдам жүйесі екі держава АҚШ пен КСРО үстанымдарына сәйкес
қалыптасты. Олар ірі әскери-саяси блоктар:
НАТО мен Варшава шарты үйымынын, (ВШҮ)жетекшілері еді. Блоктік тәртіп үйымға мүше елдердің жетекшілері қабылдаған шешімнің орындалуына кепілдік берді.Сонымен қоса. КСРО мен АҚШ «үшінші әлем»саналатын дамушы елдерге өз ықпалдарын жүргізді. Бүл елдердегі экономикалық және әлеуметтік мәселелердің шешімі, қайраткерлер мен саяси күштердің билік позицияларының беріктігі, шеттен келетін көмектер мен қолдауларға тікелей байланысты болды. Қуатты державалар «үшінші әлемдегі» өздері қам-қорлыққа алған елдердің сыртқы саясатын айқындай отырып, бүл жағдайларды өз мүдделеріне пайдаланды.
АҚШ пен КСРО (НАТО мен ВШҮ) арасында қалыптасқан шиеленісті
жағдай, қос тараптьщ бір-біріне жүйелітүрде қастық әрекеттер жасауға
итермеледі. Сонымен қатар олар ядролық-күштік шектеулер мен «тең деңгейдегі үрей» стратеғиялық түтжырымы негізінде қақтығыстар
мен шалғайдағы жанжалдардың үлкен соғыс кдупін тудырмауын да
қадағалады.
Ялта-Потсдам жүйесі халықаралық қатынастардағы маңызды мәселелерде тиімді және өміршең шешім шығаратын қатаң тәртіпті жүйе болды-
Бүл жүйеге үзақ мерзімді түрақтылық бермеген фактор, түрлі социалистік жүйелер мен этникалық қүндылықтар күресін қамтыган идеологиялық қарама-қайиіылық болды. Бір жағы теңдік идеалы, әлеуметтік әділдік, үжымдық, материалдық емес қүндылықтар
басымдылығынан, ал келесі жағы - еркіндік, бәсекелестік, индивидуализм, түрмыстық қажеттіліктерден қүралды.
Идеологиялық полярлану (екі топқа бөліну) тараптардын ымыраға
келместігін қалыптастырып, стратегиялық жағдайда қарсы қоғамдық-
саяси жүйені түпкілікті жеңуден бас тартудың мүмкін еместігіне әкелді.
40-жылдардың ортасынан 80-жылдардың ортасына дейін Ялта-
Потсдам тәртібі қарама-қайшылықты жағдайда болды.
Бүл жағдай 1985 жылы КСРО ОК Бас хатшысы болып М.С. Горба-
чевтің келуімен өзгерді.Кеңес мемлекетінің жаңа басшысы жариялаған қайта құру саясаты халықаралық қатынастар тарапынан қолдау тапты. Горбачев сыртқы саясатта Батыстың қолдауына жағатын бағыт үстанып, өзінің«жаңа саяси көзқарастағы» абстрактілі принциптеріне қолдау табуға
үмтылды. Кеңестің жаңа көсемі КСРО-ны үшінші әлемнен алшақтатуға
бағыт ұстанды да, сол себепті ол 1991 жылы барлық одақтастарынан
айырылды. Бүл бос кеңістікті АҚШ жылдам толтырады.
Қарулану мөселелері жөніндегі кеңес-американ диалогі қайта
жалғасты. 1985-1988 жылдары кеңес-американ келіссөздері жоғары
деңгейде өтті. Осы басқосуларда ядролық қарулануды қысқарту
мәселелері талқыланды. Келіссөздер барысында нәтижелі шешімдерге
қол жеткізілді. Мысалы, 1987 жылдың желтоқсанында КСРО мен АҚШ
арасында ңысңа ңашыңтыңңа цшатын зымырандарды жою туралы
Келісімге қол қойылып, 1988 жылдың маусымында ол күшіне енді.
Әлемдік демократиялық қауымдастық 1989 жылы кеңес әскерлерінің
Ауғанстаннан шығарылуын зор ықыласпен қабылдады, бүл аймақтағы
саяси жанжалдарды реттеудегі маңызды қадам деп бағаланды.
КСРО-дағы қайта күру социалистік елдерде дагдарыс туындатты.
1989 жылы социалистік жүйе ауыр дағдарысқа үшырады. КСРО-ның
стратегиялық позициясы түйыққа тірелді. Бұл жағдайдың шырқау
шегі 1990 жылы ГДР мен РФГ бірігуінде өз мәресіне жетті. КСРО-ның
қауіпсіздігі үшін болған осы маңызды қадамда М.С.Горбачев Батысқа
жол берді.
1991 жылы Өзара экономикаяық көмек жөніндегі кеңес (СЭВ) және
ВШҰ ресми түрде таратылды. Бұдан соң Шығыс Еуропа елдерінің
шегаралары батысеуропалық тауарлар мен капиталдар үшін ашық болды.
Горбачевтің билігінің әлсірегенін байқаған Америка, Кеңес Одағы
тарапынан стратегиялық қарулануды бақылау туралы келісімдердің
орындалмай қалуынан қауіптенді. 1991 жылы кезекті Кеңес-
Америка кездесуі болып, нәтижесінде стратегиялық шабуылдаушы
қаруларды қысқарту (СНВ-1) жөніндегі Келісімге қол қойылды.
1991 жылы 8 желтоқсанда үш кеңестік республика - Беларусь,
Ресей және Украинаның жетекшілері - Беловеж нуында (Беларусь)
өткен басқосуда, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты деп жариялап,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) туралы Келісімге қол қойды.
25 желтоқсанда КСРО Президенті М.С.Горбачев өзінің КСРО Президенті
өкілеттілігін тоқтататыньш мәлімдеді. 26 желтоқсанда КСРО-ның
Жоғарғы Кеңесінің жоғарғы палатасының сессиясы КСРО қызметін
тоқтатты деген декларация қабылдады.
Екінші өлемдік полюс саналған, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
халықаралық қатынастар бағытын айқындаған КСРО-ның өлемнің
саяси картасынан кетуі, биполярлық жүйенің бүзылуына әкелді.
Биполярлык қүрылымның ыдырауы (1991—1996 жж.) КСРО-ның
өздігінен ыдырауы жөне биполярлық жүйенің құлауы халықаралық
қатынастар сипатын толығымен өзгертті. 90-жылдардың алғашқы жартысы биполярлық қурылымдардың ыдырауының шешуші
кезеңі болды, оның барысында әлемдік процестерді басқару жойылды.
• бурынғы кеңестік ықпалдағы елдер, бақылаусыз жағдайда қалды.
•АҚШ-тың ықпалында болған елдер, ортақ жаулары болмағандықтан, өз беттерінше әрекет ете бастады;
•«әлемнің фрагментациялануы» дамыды, сепаратистік қозғалыстар мен этникалық және конфессиялық жанжалдар пайда бола бастады;
•халықаралық қатынастарда күштердің мәні өзгерді.
•Әлемдегі локалды және аймақтық жанжалдар халықаралық соғыстарға ұласпады.
90-жылдардың ортасында Ресейдің (КСРО-ның мұрагері) АҚШ-қа
бәсекелес бола алмайтыны және халықаралық қатынастарда Батысқа
қарсы тұра алмайтыны байқалды. Ұлттық мүдделеріне аса пайдалы
болмаса да, Ресей олармен ынтымақтасуға ұмтылды. Ал АҚШ
халықаралық саясатта өзінің негізгі бәсекелесі ретінде қарастыра
бастаган Қытай өз кезегінде, халықаралық қатынастарда маңызды рөл
атқаратын мүмкіндікке ие болмады. Ал мүндай мүмкіндік 1941-1945
жылдары КСРО-да болган еді. Сол кезеңде Кеңес Одагы АҚШ-қа қарсы
түра алатын тең дәрежедегі қарсылас болды. Осының нәтижесінде
әлемде қызықты жагдай қалыптасты: АҚШ бәсекелессіз қалды. Бүл
жагдай АҚШ-ты батыл сыртқы саясат жүргізуге итермеледі, үлттық
мүдделеріне қажетті артықшылықтарды пайдаланып, халықаралық
тәртіпті қалыптастырды.
АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі мақсаты, Қүрама Штаттардың
нақты мүддесіне сай әлемдік қауымдастық қалыптастырып, сонымен
ынтымақтастық орнату болды. Әлемдегі аса қуатты жалгыз держава
үшін әлемдік саяси аренада, өзіне қарсы келер бәсекелестің (мемлекеттің
немесе мемлекеттік коалицияның) болмауы маңызды болды.
1.Халықаралык, қатынастардағы Ялта-Потсдам жүйесіне баға беріндер.
2.Қайшылыкты және бірлескен биполярлылык үгымының мазмүнын айтыңдар.
3.Биполярлық жүйенін хронологиялық кестесін және оның ыдырауының
соңғы кезеңінің мазмүнын баяндаңдар.
4.Қосымша тарихи материалдарды пайдаланып. КСРО-нын ыдырау процесі туралы қысқаша эссе жазыңдар.