«№19 жббм» (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ)



бет1/3
Дата02.06.2023
өлшемі0,56 Mb.
#98239
түріСабақ
  1   2   3

___________ «№ 19 ЖББМ»_______________
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

VIII Әлемдегім қатығыстар және бейбітшілік

Педагогтің аты-жөні:

Айдынқызы Ботакөз

Күні:

25.04.2022 ж.

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Пәні:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Бейбітшілік – әлем халқының арманы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау;
9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;
9.4.4.4 аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: мәтінмен жұмыс жасай алады, сұрақтарға жауап береді.
Көпшілігі: құрмалас сөйлемдерді ажырата алады.
Кейбіреуі: жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыра алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) «Арқаға жазылған комплименттер» әдісімен бір-біріне комплимент жазады.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе

1 мин.


1 мин.
1 мин.

(Ұ) Үй жұмысын сұрайды.


«Пазл» әдісі бойынша топқа бөлу.
Сабақты болжау:
Оқу мақсаттарымен таныстыру.
Бағалау парағы беріледі.



Үй жұмысын айтады.
Қағаз қиындылары бойынша топқа бөлінеді.
Суретке қарап сабақтың тақырыбын болжайды.

Оқу мақсаттарымен танысады.



Дескриптор:
1) нақты жазу;
2) құрмалас сөйлем қатыстыру.
Жалпы балл - 4






7 -8 слайдтар



Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.

5 мин.


10 мин.

15 мин.







Бейбітшілік






Аралас құрмалас дегеніміз не?
Аралас құрмалас сөйлемдер бір-бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысатын үш немесе одан да көп сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемнің түрі.
1-тапсырма. Мәтінді оқып құрмалас сөйлемдерді аралас сөйлемге айналдырыңдар.

Бірлікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу – қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға болады. Сауатты да саналы, парасатты елдің ұрпағы өткеніне көз жіберіп, ата-бабасының жолынан сабақ алары ақиқат. Сонысымен тарихын бағамдап, келешегін кемелдей түседі. Біз де өткенімізге үңіле қарайықшы. Қазақ халқы да тағдырдың талай қатал сынын басынан кешті. Салдарынан жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі әлсін-әлсін қайталанды. Соғыстар, көтерілістер, онан қалды ашаршылықтар мұның барлығы халықтың қырылып, азып-тозуына әкеп соқты. Әйтседе, «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруының нәтижесінде бүгінгі бейбіт аспанға қол жеткізді. Қай ұлт, қай ел болмасын бейбітшілікті, бірлікті, ашық аспан мен бақытты, терезесі тең, керегесі кең елдер қатарында болуды аңсайды. Өйткені, татулық пен келісім, бейбітшілдік пен тұрақтылық бар елді бақыт өзі іздеп келеді. Қабан (Қабылиса) жырауда:


Бақыт қайда барасың?
Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын, – деп жырлаған екен. Бабаларымыздың мұндай жырлары талай санаға сәуле құйып, түсінген жанға үлкен үгіт болатыны сөзсіз. Иә, адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады. Хакім Абай атамыз: «Татулықтан артық жолдас жоқ» – деген. Бейбітшілікте, есендікте өмір сүруге ұмтылу қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз.


Сұрақтар:
1) «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» дегенді қалай түсінесіңдер?
2) Бейбітшілікте өмір сүру адамзат үшін қаншалықты маңызды?
3) Бейбітшілікті мәңгі сақтап қалу үшін не істеу керек?

Өз ойларымен бөліседі.

Мәтінді оқиды, түсінеді, аралас құрмалас сөйлем жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет