19. Жетекші қолайсыз фактор Зиянды өндірістік фактор — жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмыс жарамдылығының төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсеріне алып келуі мүмкін өндірістік фактор, белгілі бір жағдайларда (қарқындылық, ұзақтық және т.б.) жұмыс істеушіге әсері кәсіптік ауру, жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуін тудыруы, соматикалық және инфекциялық аурулардың жиілігін арттыруы, ұрпағының денсаулығының бұзылуына алып келуі мүмкін орта және еңбек процесінің факторлары. Сандық сипаттамасына (концентрация және т.б. деңгейне) және әсер ету ұзақтығына байланысты зиянды өндірістік қауіпті болуы мүмкін.
Қауіпті өндірістік фактор — жұмыс істеушіге әсері жұмыс қабілетінің уақытша немесе тұрақты төмендеуіне (өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға) немесе өлім-жітімге алып келуі мүмкін өндірістік фактор, әрекет ету табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизикалық болып бөлінеді.
Кірпіш күйдіру цехынан шығатын газдарды – газ тазалау қондырғылар үшін бекітілген жөндеуге сай барлық аппараттар және машиналар міндетті түрде мерзімді бақылаудан, техникалық тексеруден капиталды жөндеуден өтіп тұруы тиіс. Қондырғының ішін тексеру, тазалау және жөндеу төменгі вольтты жарықта, арнайы киім кию арқылы жүргізуге болады. Жөндеу жұмыстары кезінде қолданатын инструменттер және механизмдер шартқа сай тәжірибеден өтуі тиіс. Жүк көтеру көтергіш пайдалану және орналастыру ережелері Мемтехнадзор арқылы бекітілген. Қондырғылар өлшемі арасындағы өтетін жердің көлемі 1 метрден төмен болмауы тиіс және бұл көлем 0.08 метрге дейін жергілікті орынға байланысты қысқаруы мүмкін.
Қауіпті жіне газды қауіпті жұмыстары орындау алдында жұмысшы медициналық тексеруден өтуі қажет және жұмысты жүргізу ережесі туралы нақты инструкция алуы тиіс. Бұл жағдайдаларды толық білу жарақат алуды төмендетеді - өте маңызды. Кірпіш күйдірі цехында негізгі жабдықтарға газ тазалау қондырғылары жатады. Құрал – жабдықтар, қондырғылардың қызмет көрсету алаңдарының барлығы еден бетінде орналасқан. Өтетін сатылар, көпірлер тұрақты етіп жасалған және 1 метрден кем емес қанаттары бар. Бөлмелерді кесіп өтетін құбыр тізбектірі еден деңгейіне 2 метр биіктікте жүргізіледі. Бак, жинағыш және басқа резервуарлардың қақпағындағы ауыз топсалы тегіс қақпақтармен жабылады. Өндірістежобалық құжаттарды өңдеу кезінде болуы мүмкін қауіпті және зиянды факторлар ескеріледі және олардың персоналға әсерін тигізбейтін шаралар қарастырылады. Пайдаланудағы өндірісте факторлар тізімін техникалық жетекші бекітеді. Өндірістегі пайдалану құжаттарында нормативтермен белгіленген қауіпті және зиянды факторлардың рұқсат берілетін деңгейі болады. Өндірістік процесстер қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың өлшемдері рұқсат берілетін шектен аспайтындай ұйымдастырылады. Техникалық мүмкін немесе орнатудың мақсатсыздығы не осындай өлшемдерді рұқсат берілетін шегін сақтау мүмкін болмаған жағдайда адамға қауіпті және зиянды факторлардың негатив әсерлерін болдырмау бойынша шаралар өңделеді.
Қауіп дегеніміз адамдардың іс әрекеті негізінде және табиғаттан келетін, тіршілік ортаның қалпын бұзатын,нәтижесінде адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін процесс, құбылыс, обьект, субьект. Қауіпсіздік дегеніміз қоршаған ортаның бір қалыпты тұрақты болуы ,адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіретін қауіп-қатердің болмауы не аз болуы, адамдардың ауқатты тұрмысының сақталуына қолайлы жағдайдың болуы.
Өндірістегі қауіптердің жүйеленуі 1.Физикалық 2.Химиялық 3.Биологиялық 4.Психофизиологиялық
Тіршілік қауіпсіздігі-ғылым ,адамдарды олардың өмір сүретін ортасына туатын қауіпті және зиянды факторларынан қорғау,денсаулықты сақтау және қауіпсіздік жолдарын теориялық және практикалық жағынан қамтитын білім саласы.
Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік саланың әр түрлі көрсеткіштеріне әсер етеді, ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың іс-әрекеті табиғаты бойынша физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық болып бөлінеді. Өндірісте жағдайсыз факторлар табиғаты, біліну түрі және адамға тигізетін әсері бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, қондырғылардың қозғалмалы бөлшектері, электр тоғы, жағымсыз микроклимат, қолайсыз жарық, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б. 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.
Еңбек шартын жақсарту бойынша шаралардың тиімділігі өндірістік жүйелердің дұрыс жағдайы мен осы жағдайдың қандай да бір көрсеткіштері бойынша толығымен немесе жеке элементтері бойынша бағаланады. Практикаға жеткілікті дәрежеде қазіргі уақытта еңбек ауырлығының ұғымы ақыл-ой және физикалық еңбекке де бірдей қолданылады.
Зиянды заттар адам организміне тигізетін әсеріне байланысты тағайындалып,төмендегідей кластарға бөлінеді:
1. Төтенше қауіпті (сынап,қорғасын).2. Жоғары қауіпті (күкірт қышқылы, хлор).3. Қауіптілігі орташа (темекі,шай).
4. Қауіптілігі төмен (аммияк, ацетон).Жұмыс орындарында ауаны қауіпті жағдайға келтіруге арналған шаралар арасындағы маңыздысы ҚШШ(қауіпсіз шоғырлану шегі) деп аталады,Адамның тыныс алу жолдары арқылы өте зиянды газдар мен булардан бүкіл организм уланады,немесе организмнің жеке бөлігі улануы мүмкін.Сондықтан, зиянды газдардың әсерінен төмендетілетін шараларды жете зерттеуден бұрын, сол газдардың және зянды булардың түсу жолдары мен оюлығын анықтау қажет. Жұмыс аймағында газдар мен булардың қоюлығын төмендететін шараларға мыналар жатады:механикаландыру, автоматтар қолдану, технологиялық процестерді герметизациялау(технологиялық жабдықтардың ауамен қатынасы болмауы),жергілікті жайларда ауаны сорып шығытын жабдықтар қолдану және жалпы желдеткішті тиімді пайдалану(өндіріс процестерінің рационализациялау). Егер жұмыс аймағында ауа зиянды газдармен,булармен ластанса,оның мөлшері ҚШШ-сынан асып кетсе,қорғану амалдарын қолданған жөн.Мысалы,универсалды респираторларды, противогаздарды, арнайы киімдерді пайдалана білу керек. Ауа кеңістігіне баға беру әдістерінің кең тарағандары тек экспрестік және лабораториялық. Лабораториялық әдіс өте дәл,бірақ те көп еңбек жұмсауды талап етеді. Экспрестік әдіс өте жылдамдықпен зиянды газдар мен булардың қоюлығын (концентрация) анықтайды.Ол үшін тексеруге арналған ауаны индикаторлық порошогы бар түтікшеден сорып өткізеді.Зиянды ауаның әсерінен түтікшедегі индикаторлық порошок өз түсін басқа бояуға өзгертеді.Түсі басқа бояуға ӛзгерген индикаторлық порошок, түтікшенің ұзындығы сол зиянды ауның қоюлығына және ауа сору уақытына тікелей қатынаста болып табылады. Бұл зиянды газдардың қоюлығын экспрес әдіспен анықтау үшін УГ-2 деп аталатын газоанализатор қолданылады. Адамның психофизиологиалық мҥмкіндігін іске асыру. Адамның жұмыс қабілеті жұмыс күнінде бірнеше рет ӛзгеріскеұшырайды,атап айтқанда –фазалық.Фазалар:1.Жұмысқа үйрену (қалыптасу). 2.Жұмыс қабілеттілігінің тұрақтылығы. 3.Жұмыс қабілетінің төмендеуі. 1.Бұл жұмыс басталғандағы фаза яғни ұзақтығы – 1,5 сағат
2.Еңбек өнімділігінің жоғарылауы ұзақтығы 2,25 сағат)3.Шаршағанда пайда болатын фаза.Жұмыс қабілетінің өзгеруі жұмыс түріне тікелей байланысты.
Жұмыс қабілетінің тұрақтылығын тек қана адам-машина-ортаны үйлестіру,жұмыс, демалыс режимдерін сақтау.Оның ең бірден-бір жолы коллективтегі ішкі жағдайлардың дұрыс болуы. Аталған жағдайдың дұрыс болмауы стресс,жарақатқа және аварияға әкеліп соғуы мүмкін. Жұмыс қауіпсіздігіне әсер ететін психологиялық фактор: ықылас (назар аудару,сезіну, еске сақтау,ойлау,жұмыс қабілеттілігі,қабылдау,шаршау (қажу).Зиянды газдар көбінесе адамның демалыс органдары арқылы түсіп қана тарайды.Сондықтан да ауа бассейнінің барлық уақытта таза ұстауға арналған дер кезіндегі шаралар еңбек қорғаудың негізгі мақсаты болып табылады. Таза да кебу ауа бірнеше газдардың қосындыларынан тұрады,мысалы: азот (70%), кислород (21%), көмірқышқыл газы және басқа активті (1%) және күкірт (1%) газдардың қосындылары.Ал, өндіріс жағдайларында көбіне ауа адам денсаулығына зиянды булар және
газдармен ластайды.Мысалы, малшылар жүріп-тұратын жерлерінде ауа аммякпен,күкіртті сутегі және басқа да зиянды газдармен ластайды. Сонымен қатар кейбір зиянды булар мен газдар қопарылыс беретін қоспа құруы да мүмкін. Мысалы,аммияк,бензин және басқалар.Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың кері әсерлері томендегідей салдарға әкеліп соқтырады:Қауіпті факторлар сәтсіз оқиғаларға, ал зиянды кәсіби ауруларға.