Уақытыңызды игеруіңіз. Сіз уақыт тапшылығын көретініңізді ұмытпаңыз. Әр сұраққа қанша уақыт кететіндігін мөлшермен алдын ала есептеңіз. Қай сұрақтың маңызды, яғни оқытушы бағалайды деген тұсына көп уақыт бөлгеніңіз жөн. Екінші ажағынан өзіңіздің жақсы білетін мәселеңізден де бастауыңызға болады.
Сұрақты мұқият оқу. Алғашқы бірнеше минут сұрақта нақты сізден нені сұрап тұрғандығын жіИі оқып шығыңыз. Эссе емтихандарының сұрақтары үнемі ойлануды талап етеді, сондықтан жасырынып тұрған негізгі мәнді бірден іздеуге көшіңіз. Сұрақты төмендегі сұрақтар негізінде жауап беруіңізге болады.