1950 жылы республикада міндетті орта білім алу жүйесі енгізілді



Дата25.04.2022
өлшемі177,93 Kb.
#32193
Байланысты:
қазақстан тарихы


Соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру жолында кездескен басты кедергілердің бірі – қажетті мамандардың жетіспеуі.

1946 жылы коммунистік партия Қазақстанда жоғары және орта білім беру ісін дамыту шаралары жөнінде қаулы қабылдады. Қазақстанға көптеген білікті мамандар жіберіліп, білім беру ісіне қаражат бөлінді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары мемлекетке қажетті 60000-дай маман даярланды. 1950 жылы республикада білім беру ісіне 146,5 млн. сом жұмсалды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектептер мен интернаттар салынды. 1950 жылы Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 9088 болды. Бұл мектептерде 1493000 оқушы оқыды.

1950 жылы республикада міндетті орта білім алу жүйесі енгізілді.

945-1946 оқу жылында Қазақ КСР-інде 24 жоғарғы оқу орны болып, онда 15 мыңнан астам студент оқыды. 1947 жылдың аяғына қарай елімізде жоғары оқу орындарының саны соғысқа дейінгі кезеңге жетті. 1947-1950 жылдары Қазақстанда жаңадан 6 институт ашылды. 1956 жылдары халыққа білім беру саласында үлкен өзгерістер болды. Жалпыға бірдей 7 жылдық оқу орнына 8 жылдық жалпыға бірдей міндетті білім беру енгізілді. Жан-жақты дамыған және сауатты адамдарды дайындауды жоғары деңгейде шешетін жаңа үлгідегі мектеп-интернаттарды ұйымдастыруға кірісу мақсатты мәселе деп танылды. Қазақстанда мектеп-интернаттарды құруға халыққа білім беру органдары 1956 жылдың наурызында кірісті. Шамамен 1700 адамға арналған сегіз жылдық мектеп-интернаттарАқмола облысының Сандықтау ауданында, Қарағанды облысының Қарағанды, Долын аудандарында, Талдықорғанның Панфилов, сондай-ақ Ақтөбе, Гурьв, Семей, Шымкент облыстарында ашылды. Олардың барлығы да жұмыс істеп тұрған мектептер базасында ұйымдастырылды. 1956-1960 жылдары оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысы оның шығармашылық бастамада жан-жақты өркендетуіне бағытталды. Мектептерде тәрбие жұмысының бағдарламасын жасау бірнеше жылдар бойы жүргізілді. 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-дағы халыққа білім беру жүйесін одан әрі қарай өркендету туралы» заңды қабылдады. Ол заң еліміздегі жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық білімді бекітті. 1950-1960 жылдары мектепке дейінгі балалар мекемелерінің саны күрт өсті. Балалар бақшасы ұжымшарларда, кеңшарларда құрылды. Бұл кезеңде мектепке дейінгі мекемелердің материалдық базасы әлдеқайда нығайды, тәрбие жұмысында жақсы жағынан өзгерістер болды, мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметкерлерінің білімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. 60-ыншы жылдарғы мектепке дейінгі мекемелердің негізгі түрі «Бала бақша» болды. Онда бала-бақша мен мектепке дейінгі жас аралығындағы тәрбие үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету міндеті қойылды.



60-ыншы жылдардың аяғында Қазақ Мемлекеттік педагогика институты және Орал педагогика институты жанынан мектепке дейінгі бөлімдер ашылды. Ол кейін тиісті дайындықпен нағыз мамандарды әзірлей бастады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет