«Бекітемін» И. Панфилов атындағы



бет1/5
Дата31.12.2021
өлшемі27,18 Kb.
#21429
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тіл мәдениеті КТП



«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ И.ПАНФИЛОВ АТЫНДАҒЫ №39 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

«Бекітемін»

И.Панфилов атындағы

39 мектеп-гимназия



директоры

________Раптаева Г.М.

« »_________2021ж.


«ТІЛ МӘДЕНИЕТІ»

КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

6 «Ә» СЫНЫП

Пән мұғалімі: Мейрамбек А.М.

Тараз қаласы, 2021-2022 оқу жылы
Түсінік хат

Бұл бағдарлама 6-сыныптарда мектеп компоненті бойынша қазақ тілін кең көлемде жүргізуге арналған және қазақ тілінің қазіргі кездегі мәселелері қарастырылған. Атап айтқанда, фонетика және лексика салалары негізінде әр тақырыпқа жеке түсінік беріледі. Дәріс, жаттығу, талдау жұмыстары қоса қамтыла келе қазақ тіл білімі салаларының бір-бірінен ерекшеліктері, сонымен бірге тығыз қарым – қатынаста болатындығы жөнінен мағлұмат береді.

«Тіл мәдениеті» курсын игеру үшін қажетті білімдер мен дағдылардың жинағы: қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, лексикологиясы, сөзжасамы салаларынан толық және де жан-жақты білімді болу. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру – тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үдерісі. Білім берудегі мақсат – қоғам мүшелерінің жоғарғы деңгейдегі адамгершілік, интеллектуальдық, мәдени және тұлғалық дамуына әрі кәсіптік құзырлығынақол жеткізу болып саналады» , - деп көрсетілген. Себебі, мектептегі оқыту ісінің басты міндеті – оқушылардың ойлау дағдысын, жоғары интеллектуальдық ой-өрісін қалыптастыру деп есептесек, бұлардың бірден-бір алғышарттары болып табылатын қарым – қатынастық (коммуникативтік) танымдық, адамгершілік, эстетикалық т.б. дағдыларды оқушылар тікелей тілді оқып үйрену үдерісінде меңгереді.

Ұсынылып отырған таңдау курсының бағдарламасы 6 - сыныпқа лайықталып жасалған. Апталық сағат саны – 1 сағат., жылына – 34 сағат.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет