1964 жылы қазанда Н. Хрущев кокп орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметінен алынды. Бас хатшы болып 1982 жылға дейін осы қызметті атқарған Л. Брежнев сайланды. Л
1964 жылы қазанда Н.Хрущев КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметінен алынды. Бас хатшы болып 1982 жылға дейін осы қызметті атқарған Л.Брежнев сайланды. Л.Брежнев тұсында 1965 жылы экономикалық реформа жүргізілді. Кәсіпорындардың қызметін шектен тыс реттеу жойылып, олардың экономикалық дербестігі кеңейді. Кәсіпорындарда жаңа технология енгізілді. Енді кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіші оның өнімін өткізу көлемі болды. Әрбір жұмысшының және жалпы кәсіпорынның материалдық қызығушылығына көп көңіл бөлінді. Бірақ өндірілген өнімнің бағасын мемлекет белгіледі.Экономикалық кеңестер таратылып, орталық өнеркәсіп министрліктері қалпына келтірілді. Жалпы қолға алынған экономикалық реформа кәсіпорындардың, құрылыс пен көліктің жұмысын жандандырды.
1977 жылы қазанда бұрынғы 1936 жылғы Конституцияның орнына КСРО-ның жаңа Конституциясы бекітілді. Жаңа Конституция ел «дамыған социализм» кезеңіне аяқ басты деп қорытындылады. Өнерде. Кеңес Конституциясының 6-бабы КОКП-ның жетекші және бағыттаушы рөлін батыл бекітті. 1978 жылы сәуірде Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қабылданды. Республика Конституциясы тұтастай алғанда одақтық Конституцияның құрылымы мен мазмұнын қайталады.ҚКП ОК-нің 1964 жылғы желтоқсандағы Пленумында 1960-1962 жылдар аралығында осы қызметті атқарған Д.Қонаев қайтадан Қазақстанның бірінші хатшысы болды. Д.Қонаев елді 1986 жылға дейін басқарды. Орталықтың тұрақты қысымына қарамастан Қазақстанның мүддесін қорғауға тырысты. Оның билігі кезінде еліміз объективті дағдарыс үрдістеріне қарамастан, көптеген салаларда алдыңғы қатарда болды. Қазақстан түсті және қара металдар мен астықтың ең ірі жеткізушісі болды.