1953 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітіріп, Қостанай педагогикалық институтында ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысады.
+1979 – 86 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы;
Оның басшылығымен сол кезеңде орыс және қазақ тілдерінде 4 томдық “Қазақ ССР” энциклопедиясы, “Алматы”, “Қарағанды облысы” энциклопедиялары басылып шығады.
+1986 – 88 жылдары Қазақстан ҒА Тарих және этнол. институты тарихнама бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан өмірінің соңына дейін осы институт директоры болды.
Оның Қазақстан тарихына арналған 800-ден астам ғылыми-көпшілік еңбектер, соның ішінде 30 монография, 50-ден астам ұжымдық еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдар қалдырып кеткен. Қозыбаевтың басшылығымен “Қазақстан тарихы” академиялық басылымының 3 томы, ағылшын тілінде “Қазақстан тарихы”, көптеген құжаттар жинақтары, т.б. жарық көрді. Қозыбаев отандық тарихнамада жеке ғылыми мектеп қалыптастырды.
М.Қ. Қозыбаев ірі ғалым болуымен қатар ғылымипедагогикалық жұмыстарға да көп назар аударды. Оның жетекшілік етуімен 96 ғылым кандидаттары мен 19 докторлары әзірленді. 1970-1980 жж. М.Қ. Қозыбаев профессор ретінде Әл-Фараби атындағы КазМУ-де дәріс беріп, аспиранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті. Сөйтіп М.Қ. Қозыбаев тәуелсіз Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттейтін ғылыми мектептің негізін құрды.Оның ішіде тек қазақстандық қана емес, шетелдік адамдар да бар. Халықар. конгрестерде, конференциялар мен симпозиумдарда 200-ге жуық баяндамалар жасады. Еңбектері Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ, Корея, тағыда басқа елдерде жарық көрді.
Ғалымның тек соңғы 10 жыл ішіндегі еңбектері мен зерттеулері, мақалалары мен ғылыми конференцияларда жасаған баяндамалары 9 томдық құрайды.
• Ғылыми зерттеулері Қазақстан халқының 2-дүн. жүз. соғыс жылдарындағы ерлігі мен қаһармандық еңбегіне арналды. Оның «Қазақстан- майдан арсеналы», «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Ұлы ерлік», «Қазақстан тарихы»т. б. монографиялары жарық көрген. М.Қ. Қозыбаев зерттеулеріндегі КСРОның соғыс кезіндегі әскери-экономикасының құрамдас бөлігі ретінде өндіргіш күштерді елдің шығыс аудандарына, оның ішінде Қазақстанға көшіру, табиғат ресурстарын Отан қорғау мүддесіне тиімді пайдалану шаралары, КСРО халықтарының екінші дүниежүзілік соғыс майдандарына қатысуы, соғыс жылдарындағы елдегі қоғамдық-саяси өмір мен мәдениет сияқты күрделі мәселелер өзінің терең де жан-жақты ашылуымен сиппаталады.
• М.Қ.Қозыбаев орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан тарихы пәнінен оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды. “Қазақстан тарихы” ІХ класс оқулығы. А., 1991-2001; Оның басшылығымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы», саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 5 томдық «Азалы кітап», көпшілік қауымға арналған «Иллюстрированная история Казахстана» басылып шықты.
Ғылыми атақтары:
• 1969 жылы Тарих ғылымдарының докторы (ғылыми атағы);
• 1970 жылы профессор құрметті ғылыми атақтары берілді.
• 2000 жылдан Еуропалық құқық Академиясының академигі (Будапешт);
• 1989 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Мәкеңнің зерттеулері негізінде Қазақстанның Ресейдің отарына айналу процесі қайта қаралды, еліміздегі ұлт-азаттық қозғалыстардың жаңа қырлары ашылды, Кеңес Одағы кезіндегі саяси қуғын-сүргін тарихы зерттелді, оның құрбандары ақталды. Ауылдарды күштеп ұжымдастыру мен қазақ шаруаларын зорлап отырықшыландыру тарихы мен оның қасіретінің салдарлары ашық айтылды. Ұлы Отан соғысы зардабының бұрын айтуға да, жазуға да болмайтын тұстары жария болды, Қазақстанның тарихнамасы жаңа тұрғыдан зерделенді. Тарихшы қауым Алаш деген сөзден үркіп-қорқып, ат-тонын ала қашқан кезде: «Алаш – қазақ халқы деген ұғым. Алаш – еліміздің ежелгі аты. Ол ғасырдың басындағы ұлттық сананың өсу процесінің құрамдас бөлігі», – деп алғаш айтқан Мәкең болды.
Манаш Қабашұлының тағы бір елеулі еңбегі дала өркениетінің шежірешісі Мырза Мұхамед Хайдар Дулати, ортағасырлық түркі жазба тарихының көрнекті өкілі Қадырғали Жалайыр, Жалаңтөс, Исатай, Махамбет, Хан Кене, Шақшақ Жәнібек, Қарасай батыр сияқты қазақ халқының тұғырлы тұлғалары туралы ауқымды пікірлер айта білді. Сонымен қатар осы кезеңнен бастап Қазақ хандығының тарихы, жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының Отан соғысы, Абылай ханның өмірі мен қызметі туралы және тарихымыздың басқа да өзекті проблемаларына байланысты ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізу қолға алынды. Кешегі Алаш қозғалысы, оның көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов туралы көлемді мақалалар жариялады. Өз көзімен көрген ағалары Мұхтар Әуезов, Ермахан Бекмаханов, Өзбекәлі Жәнібековтерге де биографиялық мәліметтер келтіріп өтеді.
1997 жылды жалпы ұлттық келісім және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Жылы деп жариялау туралы”, “1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жариялау туралы”, “1999 жылды Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жариялау туралы” Жарлықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 29 Үкіметінің Абай мен Жамбылдың, Мұхтар Әуезовтің 150 жылдық мерейтойларын, Түркістан қаласының 1500 жылдығын атап өтуге байланысты қаулыларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуші Мемлекеттік комиссияның мүшесі ретінде де қыруар жұмыстар атқарды.
Отбасы:
Қабашұлының жансерік жолдасы Сара Пішенбайқызы (1932- 2021) – танымал педагог, ұстаз, інісі Сағынбай Қозыбаев, баласы Ілияс - тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар, қызы Гүлшат тарих ғылымдарының кандидаты.
Азаматтарына мәңгілік ескерткіштер орнатуда. Атап айтар болса, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де аудиториялар, Семей МУ-де академик атындағы ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Мәңгілік мекені болған Кенсайдағы зират басына құлпытас тұрғызылып, ғалым тұрған үйге Ескерткіш тақта орнатылды (2002), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 5 ақпандағы «Академик Манаш Қозыбаевты мәңгі есте сақтау туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласында көше, Қостанайда мектепке және Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне есімі беріліп, оқу ғимараты алдында бюсті орнатылды және музей ашылды (2003).
Кенжеғали САҒАДИЕВ, академик.
Қ.С. АЛДАЖҰМАНОВ тарих ғылымдарының кандидаты
З.М. ТӨЛЕНОВА тарих ғылымдарының кандидаты
ҚОЗЫБАЕВ МАНАШ ҚАБАШҰЛЫ Орталық ғылыми кітапхананың баспасынан шыққан 2021
Достарыңызбен бөлісу: |