1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы



бет1/3
Дата26.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#87269
түріПрезентация
  1   2   3
Байланысты:
қ тарих210423

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы. ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы:1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы.

Орындаған:Жұпарбекова.Ә

Тобы:ФҚҚ-01-22

Қабылдаған:Еркінбекова.А.С.

Шымкент 2023ж

Жоспар:

I. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.Желтоқсан оқиғасы. 2. Себебтері. 3. Хронологиясы. ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе: Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Себебі:

  • Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІН АЛҒАН СОҢ ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП, БҰЛ ЖӨНІНДЕ “ЖЕЛТОҚСАН. 1986. АЛМАТЫ.” (ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Т.ӨТЕГЕНОВ, Т.ЗЕЙНӘБІЛОВ), “ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫН ЖОҚТАУ”, “ЕР НАМЫСЫ — ЕЛ НАМЫСЫ” ЖИНАҚТАРЫ, К.ТӘБЕЙДІҢ “МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ”, Т.БЕЙІСҚҰЛОВТЫҢ “ЖЕЛТОҚСАН ЫЗҒАРЫ” КІТАПТАРЫ МЕН “ЖЕЛТОҚСАН” (БАС РЕДАКТОРЫ Х.ҚОЖА-АХМЕТ) ГАЗЕТІ ЖАРЫҚ КӨРДІ, “АЛЛАЖАР” (1991, РЕЖ. Т.ТЕМЕНОВ), “ҚЫЗҒЫШ ҚҰС” КИНОФИЛЬМДЕРІ ТҮСІРІЛДІ.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

Көтеріліс хронологиясы:

  • 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағыЛ.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.
  • 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет