1.Жүргізуші: Қайырлы күн оқушылар мен ұстаздар! «Ұланымыз ұлы елдің» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас Қыран» қатарына 1-сынып және 5-сынып оқушыларын қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
2.Жүргізуші: Бүгінгі 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне арналған жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қамықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Жас Қыран» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
1. Жүргізуші Еліміз егеменді мемлекет болғанына биылғы жылы 30 жыл толғалы отыр. Осы 30 жыл ішінде елімізді адал басқарып, өзінің салиқалы тұжырымдарымен елге сыйлы болған, Қазақстанды бүкіл дүние жүзіне танытқан Тұңғыш Президентіміз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбек жолдарын атап айтпау мүмкін емес.
1991 жылы – Еліміз өз тәуелсіздігін алды. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді.
2.Жүргізуші Бұл күнде өзіндік символикасы мен атрибутикасы бар «Жас Ұлан»және «Жас қыран» ұйымы туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз құттықтау сөзінде: «Жас Ұлан» бүкіл Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға бәріңізді баулитын ұйым! –деп атап көрсетті.
1.Жүргізуші 2018 ж –«Рухани жаңғыру –болашаққа бағдар» жалпы ұлттық бағдарламасының жаңа компонеттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып,оны жаңғыртуға мүмкіндік берді.
1.Жүргізуші : Ортаға бүгінгі салтанатымыздың негізгі иелері 1-сынып және 5-сынып оқушыларын шақырайық
Жүргізуші : Назар аударыңыздар! «Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы енгізілсін! (Барабан)
Ән ұран орындалады:
Жүргізуші: Бүгін мектебіміздің 1-сыныбының -- оқушылары біріңғай «Жас қыран» балалар ұйымына және мектебіміздің 5- сыныбының 23- оқушылары «Жас Ұлан » ұйымына қабылдау рәсіміне сапта тұр. Ендеше баршаңызды айтулы мерекемен , оқушыларымызды салтанатты рәсімдерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Жүргізуші: «Жас Ұлан » ұйымының «Жас Қыран» мүшелері Тұңғыш президент күніне орай өткізіліп отырған «Жас қыран » тобына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы Жолдас Ұланбасы Жұмаханова Айданаға баянхат тапсырылсын!!!
Ұланбасы: Топ басшылары баянхат тапсыруға дайындалсын!
Ұланбасы: Топ басшылары баянхат тапсырсын!
Топ басшылары:
-Тік тұр!
- Біздің топ:
- Біздің ұран:
Топ басшыларының рапорты:
Ұланбасы: Баянхат қабылданды! Еркін тұр!
Топ басшылары( топқа келіп)
Жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті , ант тапсыру рәсімін « Жас қыран және Жас Ұлан » ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз
Ұланбасы : (тәлімгерге)
-Жолдас аға тәлімгер, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған салтанатты жиынға дайын!
-Тәлімгер: Баянхат қабылданды!
Ұланбасы:
(Ант беріледі)
Жүргізуші: Құрметті оқушылар «Жас Қыран, Жас ұлан ұйымына » Қабылдануларыңызбен құттықтаймыз. Ендігі кезек «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерне беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |