«Тәуелсіздік – біздің ең асыл, ең қымбат құндылығымыз»



бет1/4
Дата19.02.2023
өлшемі23,56 Kb.
#69305
  1   2   3   4
Байланысты:
Тәуелсіздік


«Тәуелсіздік – біздің ең асыл, ең қымбат құндылығымыз»
(тарихи кеш)


Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған
қазақ халқының ерлігімен таныстыру.
Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат
етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Тәуелсіздік – біздің ең асыл, ең қымбат құндылығымыз»
тақырыбына арналған банер, компьютер, графопроектор, слайд - шоу
І-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар,оқушылар! Тәуелсіздік мерекесіде келіп жетті. Баршаңызды сол тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз! Осынау атаулы күн – «тәуелсіздік» күніне арналған «Тәуелсіздік – біздің ең асыл, ең қымбат құндылығымыз» атты тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ-жүргізуші:
Біз - қазақпыз!
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен,
Жетер енді, желпінейік, қарайық
Мына өмірге иегердің көзімен,
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған Тәуелсіздік күшпен оны.
Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш араласа қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндігін ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы өткен.
І-жүргізуші
Біз - қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру пешенесіне жазылған ұрпақпыз.
Қай халықтың да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы – ел болу, тәуелсіздік туын биік ұстау, азат -ғұмыр кешу. Ата - бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн - қасиетті Тәуелсіздік күні.
Жалғанның жартысындай қазақ елі
Алғандай көздің жауын сұлу жері
Ақ пейіл, дарқан көңіл халқымыз бар
Болғанда бірі батыр, бірі сері,
Өз бабам азаттықты аңсап өткен
Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.
Солардың құдіретті ой - арманы
Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет