1.«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы


Алаш қозғалысының Қазақстан тарихындағы орны



бет7/9
Дата19.04.2023
өлшемі45,18 Kb.
#84427
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1-11 СУРАКТАР

9 Алаш қозғалысының Қазақстан тарихындағы орны Алаш қозғалысының қазақ тарихындағы саяси һәм рухани үдеріс ретінде 1905 жылдан басталып, 1920 жылдың көктеміне дейін жалғасқан тұтас тарихи құбылыс екендігін дәйектеу үшін мынадай мәселелерді көлденең тартып, оларды шешуге тырысамыз. Олар: 1) Қозғалыстың басында тұрған және оны өрістеткен тұлғалардың бірлігі мен тұрақтылығы;2) Қозғалыстың басталған уақыты және аяқталу кезеңі; 3)Қозғалыстың басты идеясының жалғаспалылығы мен үздіксіздігі. 4) Қозғалыс мұратын жүзеге асырудағы амалдар мен тәсілдердің сабақтастығы; 5)Қозғалыстың жалпыхалықтық сипат алуы;6) Қозғалыстың мәдени-рухани сипаты. 7) Қозғалыс атауы. Алаш қозғалысын тұтас үдеріс ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін осыларды пысықтап көрейік.
1) Қозғалыстың басында тұрған және оны өрістеткен тұлғалардың бірлігі мен тұрақтылығы. Қандай да бір тарихи үдеріс бір ортақ атауға ие болуы үшін оны қалыптастырған негізгі тұлғалардың шоғыры болуы тиіс. Мақсаты бір, ниеті ортақ, мүдделес осындай тұлғалар сол саяси құбылыстың жолдары мен тәсілдерін айқындайды. Қозғалыстың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Б.Құлманов, Н.Ипмағамбетов, Ғ.Бердиев, М.Тынышпаев, М.Дулатов, Ж.Ақпаевтар болғанын сол кездегі тарихи оқиғалардан айқын аңғарамыз. Осы аталған тұлғалар және тағы да басқа қайраткерлер 1905 жылдан бастап белсенді саяси күреске шықты және олар 1917 жылдың көктемінде еліміздің әр түкпірінде облыстық қазақ сиездерін ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты, алдымен азаматтық, сосын қазақ комитеттерін, «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысты және оларды басқарды. Сонымен бірге, олар Бірінші және Екінші жалпықазақ сиездерін ұйымдастырып, «Алаш» партиясы атынан бүкілресейлік Құрылтай жиналысына ұсынылды, Алашорда үкіметінің құрамына сайланды. Яғни, 1905 жылы басталған Алаш қозғалысын қайраткерлердің белгілі бір шоғыры дайындап, олардың басым көпшілігі қозғалыстың соңына дейін бастамашылық, ұйытқылық, жетекшілік рөлде болды.
Қозғалыс қарқын алған сайын бұл қайраткерлердің де халық алдындағы беделі өсті, яғни бұқара халықтың оларға деген сенімі беки түсті. Қозғалыстың туу кезеңінен бастап, әсіресе, Әлихан Бөкейханның беделі күшті болғандығы байқалады. Оны Ахмет Байтұрсынұлының Әлиханға арнаған өлеңіндегі мына бір шумақтан айқын аңғарамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет