1.Қандай сипаттама Қаратауға қатысты айтылған?


Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы



бет2/4
Дата29.10.2022
өлшемі29,73 Kb.
#46120
1   2   3   4
Байланысты:
1. андай сипаттама аратау а атысты айтыл ан

3.Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы
A)Жылқы ішіндегі ең жүйрігі
B)Жылқының жорғасы
C)Жылқының құты, иесі
Д) Жылқы ішіндегі ең кәрісі
Е) Жылқының ең асауы


4. Мәтіндегі Бәйдібек байдың әрекетін ашатын мақал-мәтел
A)Жауды аяған жаралы.
B)Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар.
C)Асығыс түбі қып-қызыл шоқ.
Д)Алысқан жауға арқаңды көрсетпе.
Е) Қорқақты көп қусаң, батыр болады.


5. Мәтіннің басты идсясы
A) Қазақ жігітерінің ерлігін дәріптеу
B) Құда айғырдың құдіретін көрсету
C) Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау
Д) Жаугершілік заман қиындығын көрсету
Е) Домалақ ананың көріпкелдігін таныту


6.Домалақ ананың: «Амандық болса, аяты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді- деуінің мәні
А) Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады.
B) Құла айғырсыз жылқылар басқа уйірге қосылмай, тойынған соң оралатынынбілді.
C) Жылқының барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандықтан.
Д) Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты.
Е) Малдың құты құда айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері қайтарын білді
3-мәтін

Әлем елдерінің Жаңа жылды қарсы алуы


«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, Жаңа жылды тойлауда әр елдің түрлі салт-дәстүрлері бар.
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен.
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың барлығын «Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен.
Италияндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкімді ренжітпеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.
Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескінің символы ретінде далада отқа өртеп жібереді.
Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен. Айтса айтқандай, осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені кере алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып, көркемдейтін көрінеді.
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген тағам қойылады. Бұл тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір-бірінің үстеріне су шашып кұттықтайды екен. Сондықтан осы түні үсті-басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға болады.
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын көрінеді
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен. Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар бастайды екен.
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарған ел болып есептеледі. Сондықтан да Жаңа жылда осы елдің әр отбасы таныстарын ашықхат арқылы құттықтағанды ұнатады.
Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көңіл күйде болып, бір-біріне жылы сөз, жақсы тілек айтады,ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн теңеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет