1.Қандай сипаттама Қаратауға қатысты айтылған?



бет1/4
Дата29.10.2022
өлшемі29,73 Kb.
#46120
  1   2   3   4

Оқу сауаттылығы №32

1-мәтін
...Қайран, Тарбағатай! Сен тау болып жаралғалы, құтты қоныс қойнауың мал мен жанға талай толып, талай солды ғой. Не ықылым оқиғалар өтпеді сенің сонау адыр-қырқа, белдеріңде?! Сен екеуміз білетін сыр қанша, жыр қанша?! Қазақ даласының қара шаңырағы Қаратаудан кейін тарих көшін басынан көп асырған шежіре тау — сен-ақ шығарсың, Тарбағатай! Бір халықтың екі түрлі тағдырын кос бүйіріңе теңдеп алып, сол орныңда тапжылмай жатыр екенсің-ау, жарықтығым. Бақыт пен сордың арасын осылайша қақ бөліп, туған елдің шығыстағы бір қамалындай, осы қалпында мәңгі мызғымай тұра бер, қайран алтын босағам!


1.Қандай сипаттама Қаратауға қатысты айтылған?
A. Қазақтың қара шаңырағы
B. Құтты қоныс қойнауы
C. Туған елдің шығыстағы қамалы
D. Бір халықтың екі түрлі тағдыры бар
E. Қайран алтын босаға


2.Автор Тарбағатай тауын қалай қабылдайды?
A. Табиғаттың ерекше сыйы ретінде.
B. Жастық шағының куәсі ретінде.
C. Маңғаздықтың, асқақтықтың символы ретінде.
D. Балалық шағының куәсі ретінде.
E. Тарихи кезеңдер куәсі ретінде.


2-мәтін
Домалақ ананың қадір-қасиесті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп.
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауыл, сан мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, 'Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила (Домалақ ана); «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі - құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп, өз отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-құрық тимегей шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасақка теңдік бермепті. Осы соғыса қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінепті. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет