1.ҚАзақ тілінің Үндестiк заңЫ



бет10/13
Дата06.01.2022
өлшемі200,5 Kb.
#15835
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Вариант жауаптары

Төртінші. Қазақ поэзиясы тілінің даму барысында Абай енгізген өзгеріс-жаңалықтардың ең бастысы фразеология са­ласында болды. Ең алдымен, ол фразеологияны поэтикалық экспрессияның құралы ретінде жұмсауды күшейтті. Белгілі бір образды беруде бейнелі тұрақты тіркестер – аса бір оң-тайлы құрал екені мәлім. Ақын жас адамның (Әбдірахман-ның) өнер-білімге ұмтылғанын құр «талаптанды, ұмтылды» деп қойса, ол сөздердің поэтикалық бояуы «талаптың мініп тұлпарын» дегенмен шендесе алмас еді. Алғашқы сөздерде хабарлау (констатация) бар, образ жоқ, соңғы тіркесте бояуы қою поэтикалық образ бар. Сол сияқты қуатты, қажырлы, күшті деген сөздер мен осы мағынада берілген қуаты оттай бұрқырау деген тіркестің экспрессиясы бірдей емес. Поэтикалық жүк арқалауда сөз тіркестерінің арасын­да айырмашылық бар. Кез келген тіркес көркем образ жасау міндетін көтере бермейді. Мысалы өмір сүру, өмір кешу де­гендер де – фразеологизмдер, бірақ осылар өмір тонын кию, өмірдің өріне шығу деген абайлық тіркестердің экспрессивтік әсерін бере алмайды.

Қазақ әдеби тілі образды тіркестерге бұрыннан да бай бо­латын. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы тілінің өте көркем, күшті дамыған бір белгісін айтар болсақ, осыны көрсетер едік. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда қалыптасып, поэтизмге айналған фразеологиялық тіркестер қазақ ақын-жырауларының бірден-бір мықты құралы болып келді. Бұл амалды Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлынтайдай айқасу, алты бақан ала ауыз болу, малына шылбыр беру, басқа шауып төске өрлеуқарағайды талға жалғау тәрізді өте образды тұрақты тіркестерді Абай да еркін пайдаланады. Мұндай дәстүрлі тіркестерді өзге сөздермен және қосақтап, олардың экспрессивтік бояуын тіпті қоюлатып жібереді. Іспен емес, құрғақ сөзбен көрінетін мылжың, берекесіз адамның образын беруде аузымен орақ орған деген тіркестің өзі өте әсерлі, күшті, осыны Абай аузымен орақ орған өңкей қыртың деп үстемелеп, экспрессивтік өңін одан әрі аша түседі. Сондай-ақ қарағайды талға жалғау дегеннің мағынасы амалдап сөзімен келгенде, одан сайын әсерлене түседі. Әрине, Абай күллі фразеологизмді өзгертіп, сөз қосып, сөз алып, «күшейте» бермейді. Халық тілі қазынасындағы қалыптасқан тұрақты тіркестердің басым көпшілігін тұлғаларын өзгертпей-ақ өз мағынасында қолданады.

Абай фразеология саласында түбірлі өзгеріс жасады де­уге болады. Ол өзгеріс, біздіңше, үш түрлі сипаттағы іс-әрекеттен тұрады: бірі – перифрастикалық тіркестерді мол қолдану, екіншісі – жаңа тіркестер жасау, үшіншісі – бұрынғы тіркестерді өзгертіп қолдану.

Перифраз (немесе перифраза) дегеніміз – бір нәрсені не­месе құбылысты соның өзінің бір белгісін көрсетіп атау бол­са, бұл – қай тілде де бар әдіс. Перифраздар – қазақ поэзиясы тілінде Абайға дейін де қолданылып келген болатын, бірақ ең басты тәсіл емес еді. Ал Абайда бұл – жүйеге айналған, өнімді құралдың бірі. Абай бұрыннан қалыптасқан перифраздарды да пайдаланады. Мысалы, әлем, дүние дегенді он сегіз мың ғалам, шартарап деп атауы, қызды қызыл гүл, қалам қас, піскен алма деп ауыстырып атауы – бұрыннан келе жатқан үлгілер.

Қазақтың байырғы әдеби тілінде өмір мен өлімді перифраз­дап атау жиірек кездесетін. Өмірді Абай да сұм жалған, сұм дүние, қайран дәурен, кемді күн, бұлдыр заман деп суреттеп атаса, бүл перифраздардың көбін өзіне дейінгі әдеби тілден алды. Дегенмен Абай перифраздарының басым көпшілігін өзі жасаған. «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» деп, сұлуға құмартқан арманның өзін тура атамай, оны қарсақ жортпас қара адыр деп ауыстырып атайды. Ең алғаш рет Абай тілінде көрінген таланттың аты, үміттің аты, қараңғылық пердесі, қайғы оты дегендер де – перифраздау тәсілімен туғандар. Қазақ поэзиясы тілінде перифрастық құбылыстың өте әсерлі үлгісіне Абайдың өз заманын соқтықпалы соқпақсыз жер деп атауын немесе ұлғайып қартаң тартқан шағын сұрғылт тартқан бейуақ деп бейнелеуін жатқызуға болады. Мұнда тек образдар тың емес, сонымен қатар оларды жасап тұрған сөздердің тіркесу қабілеті де соны: уақыт сияқты дерексіз ұтымды сұрғылт тартқан деген түспен қабыстыру – қазақ тілі үшін бұрын көп кездеспейтін тың амал.

Абайда затты не құбылысты перифраз амалымен бейнеле­уде орыс поэзиясының ықпалы да бар сияқты. Мысалы, өзі сүйіп, жақсы танып оқыған Пушкиндерде өмірді жолға балау (путь, стезя, тропа, долина, юдоль, пустыня, степь: «Про­сти, печальный мир, Где темная стезя, Над бездной для меня лежала[7])» болса, Абайдың өмірді соқтықпалы соқпақсыз жер деп бейнелеуі тегін емес. Белгілі бір сезімді сұйық затқа (сусын, у, шарап т.б.), отқа, жалынға ауыстырып атау да XVIII-ХIX ғасырлардағы орыс поэзиясы тілінде кең тараған болатын. Абайдың махаббат сезімін бейнет сусыны деп атауы немесе іштегі жалынға балауы, өкініш сезімін өткен күннің улары деуі орыс тіліндегі образдармен үндесіп жатыр. Ал жүректің көзі (саналылық), қараңғылық пердесі (надандық), үміттің оты (үміттену), көңілдің сызығы (уайым), тағдырдың сызығы (жазмыш), өмірдің шыжығы (қайғы, трагедия) сияқтылар – Абайдың өзі енгізген перифраздары.

Белгілі бір жай-күйді, іс-әрекетті ауыстырып, өзге сөздер-мен беретін тіркестердің бір тобы – етістікті перифраздар. «Қартаю» дегенді Абай ажары қайту, ажары тозу, өмірдің өрін тауысу, қайратсыз тарту деп те атайды. Алдыңғы зат есімді топқа қарағанда, етістікті перифраздар қазақтың Абайға дейінгі поэзиясында едәуір дамыған болатын. Мысалы, Шор­танбай ақын «өлді» деген қимыл ұғымын Құдайдан бұйрық жетті, дүниеден көшті, бұйрық дәмі бітті, Құдайдың құрған тезіне жолықты деп құбылтып береді. Көркемсөзді жалықтырмайтындай құбылмалы, сезімге әсер ететіндей эмо­циялы етіп көрсететін – осы типтес фразеологиялық құры-лымдар. Бұлардың бірсыпырасы – «консервіленген» штам­птар, яғни идиомдар болып келеді. Поэзия тілі, тіпті ауызекі сөйлеу тілі де бұларға жиі жүгінеді: Абай басқа шауып, төске өрлеу, малына шылбыр беру, қырқын мінсе – қыр артылмау, із жоғалту, титығы құру сияқты идиомдарды халық тілінен, бұрынғы қазақ поэзиясы тілінен алып жақсы пайдаланады.

Фразеология саласында Абай істеген өзгеріс-жаңалықтар-дың екінші түріне жаңа тіркестер жасауы жатады. Фразеоло­гизмдер – жылдар, ғасырлар жемісі. Бұл, бір жағынан. Екінші жағынан, ол – жеке қаламгерлер табысы, еңбегі, ізденісі. Фразеологиялық тіркестер – семантикалық шоғырлар, яғни жеке сөздер беретін мағыналардың бір-бірімен түйісуінен туған жаңа тұтастық (семантикалық единица).

Сөз әр алуан тіркесте келгенде ғана нақты бірлік (единица) ретінде танылатын болса, жазушының сөзқолданыс шеберлігін, әдісін, табысын, әдеби тілге қосқан үлесін өзі жасаған жаңа тіркестерден іздеуіміз керек. Жазушы жаңа сөздерді қаншама көп ұсынса да, оның саны жаңа тіркестерден артық болмайды. Абай қазақ әдеби тіліне едәуір жаңа сөздер қосты, бірқыдыру сөздердің мағынасын саралап, жаңғыртып, оларды жаңа сөздер (неологизмдер) ретінде ұсынды, дегенмен бұлар Абай жасаған жаңа тіркестермен сан жағынан да, сипаты жағынан да теңесе алмайды.

Абай үлгі алған ұлы Пушкин: «тіл – сөздерді бір-бірімен жанастыруға келгенде сарқылмас бұлақ» десе, осы қағиданы Абай да жақсы сезінеді. Сондықтан қызметі мен құрылымы жағынан әр алуан мынадай жаңа фразеологизмдерді ұсынады.

а) Мағыналары жағынан бір-біріне жанаспайтын сөздерді тіркестіреді. Үміттің оты, көңілдің жайлауы, ұяттың күзетшісі тәрізді изафет тіркестердің компоненттері – жеке-жеке алғанда, мағына жағынан бір-біріне «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын», мүлде алшақ ұғымдардың атаулары. Олардың алшақтығы – бірінің дерексіз ұғым, екіншісінің нақты зат ата­уы екендігінде. Сондықтан бұлар бір-бірімен тіркесе қалған күнде, олардың туғызатын мағынасы (ассоциациясы) мүлде жаңа болмақ: үміттің отыталаптың тұлпары дегенде, үміт те, талап та алға қарай ұмтылатын нақты зат ретінде елестейді де образ пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет