1.Қазақстан аумағында мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы: ежелгі дәуір және ерте ортағасырлар



бет1/3
Дата12.05.2022
өлшемі20,21 Kb.
#34097
  1   2   3
Байланысты:
Қазақстан тарихы


1.Қазақстан аумағында мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы: ежелгі дәуір және ерте ортағасырлар.

Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттердің қалыптасу кезеңі ол ерте темір дәуірі б.з.б. VIII-III ғасырлар тайпалық одақтардың құрылуы болып табылады. Бұл Қазақстан аумағында көшпелi мал шаруашылығы мен өндiргiш күштердiң дамуына байланысты, ондағы мемлекет пен құқықтың дамуы алғашқы мемлекеттiң негiзi болып саналады. Қазақстанды жайлаған көшпелілер тыныс-тіршілігінде мемлекеттілік қалыптасып,оның мемлекеттік құқық жүйесі жаңа өркендеу кезеңі төртке бөлінеді.



1 кезең – Ерте темір немесе ежелгі дәуірдегі көшпелі Орта Азия тайпалары. Ежелгі темір дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген тайпалар –сақ –савромат, ғұн – сармат, үйсін, қаңлы т.б. көшпелі тайпалар. Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең – байтақ аумақта «сақ» деген атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) және басқа ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Б.д.д. ІІ ғасырда Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар ерте мемлекеттік билік құрылымын қалыптастырды. Бұлардың этникалық тарихы Орталық Азияны сол кезге дейін үстемдік құрған сақ тайпаларымен тығыз байланысты болған Үйсіндер мен Қаңлылар. Тиграхауд сақтардың жерін мұра еткен үйсіндер Жетісуға Орталық Азияның түкпірінен келген еді.

Қазақстан жерінде тарихта елеулі із қалдырған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі - Қаңлы мемлекеті. Қаңлылар одағында дамыған әлеуметтік-саяси иерархиялық құрылым археологиялық қазбалардан айқын көрінеді. Осы негізде үйсін және қаңлы тайпалық одақтарына - мемлекеттік құрылымға тән жекеленген белгілермен ерте мемлекеттік нышандары бар: әкімшілік, күштеу аппараты, әскери ұйым биліктің мықты жүйесі қалыптасты.

Төрткүл дүниенің төрт бұрышын түгел билеп, әлемді аузына қаратқан түркі тектес елдің түп атасы – ғұндар кейін көптеген ұлттардың құрамына еніп, мемлекеттерінің өсіп-өркендеуіне негіз болғаны тарихқа белгілі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» Ғұндар түркі тайпаларының түп атасы екені ашып айтылған. В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам және басқа ғалымдар да деп жазған.

Біздің дәуірімізге дейін VІІ-ІV ғасырларда Қазақстанның қазіргі аумағында сол кездегі аса қуатты сақ бірлестіктері және олармен тектес басқа да тайпа одақтарының құрылғанын көреміз. Б.д.д. III ғ. – б.д. V ғ. аралығында ғұндар, үйсіндер, сарматтар және қаңлылар сияқты тайпаларының өзара бірігуі тап осы кезеңге сай келеді. Жоғарыда аталған тайпалар VI ғасырда түркі деген ортақ атауға ие болып, Орталық Азия аумағында ортағасырлық империялық қуатты мемлекет құрылымын – Көк Түрік Қағанатын дүниеге әкелді.



2 кезең –Б.з.б VІ ерте орта ғасырдан бастап көшпелі түрік империясының Түрік ірі мемлекетінің құр-ылуы мен оның құлдырап ыдырауынан кейінгі түргеш, оғыз, қарлұқ, қарахан, қыпшақ, керей, найман мемлекеттерінің құрылып, олар өздерінің дамуында түркі дәстүрін жалғастырды.

Түрік елі бір әулет билігіне топтасты. Күрделі дамыған империялық басқарудың саяси құрылымын жаратты. Шаруашылығы әр типті халықтар мен елдерді өзіне бағынышты және мұқтаж етті. Мұқтаждық - әулетке тікелей бағыну немесе алым-салық төлеумен реттелді. Көшпенділердің құрған мемлекеті империя (қағанат) түріне айналды. Осы тұрғыда Түркі қағанаты ғұндар дәстүрін жалғастырып, еуразиялық империя құрылымын жасады.

Ерте орта ғасырлардағы феодалдық мемлекеттерінің өмірінде соғыстар мен қырқыстарға толы болса да әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуы да болды. Аймақ көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттерді тығыз байланыстырып бір ағымға түсірген, халықаралық сауда алаңына айналды. Түркі тілдес тайпалардың отырықшы және жартылай отырықшы өмір салтына көшуі, қалалар санының өсуіне септігін тигізді. Түркі тілдерінің жаңа даму дәуірінде, яғни ХV-ХХ ғасырлар аралығында қазіргі түркі тілдері халықтық тіл болып қалыптасқаны мәлім. Бұлар негізінен төмендегілер: қазақ, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, татар, ноғай, башқұр, қарайым, құмық, қарашай, гагауз, әзірбайжан, түрік, ұйғыр, хакас, шор және т.б. Белгілі ғалым А.Самойловичтің сөзімен айтқанда, кезінде бүкіл түркі тілдеріне ортақ бір әдеби дәстүрдің, бір әдеби тілдің болғандығы күдік тудырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет