Тасмола мәдениеті - Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 ж. белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды. Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946 – 59 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі - “мұртты обалар”. Ол екі жерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған. “Мұртты обалардың” 4 түрі кездеседі. Біріншісі - үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі - екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Үшіншісі - алдымен үлкен оба салынады, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі - үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады. “Мұртты обалар” бағдаршам рөлін атқарған. Белгілі бұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты көрсеткен.
Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Темір дәуірі немесе темір ғасыры — тас дәуірі және мысты мен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі тарихи кезең болып табылады. Темір дәуірінің ерте кезеңі ерте темір дәуірі деп аталған. Оның басталу мерзімі әр елде әрқалай. Қазақстан және оған көршілес аймақтарда ерте темір дәуірі б.з.д. 1 мыңжылдықтың басында басталып, б.з. 1 мыңжылдығының орта шеніне дейін жалғасады. Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Алғашқы кездегі сақ қоғамын әскеридемократиялық жүйе деп түсіну керек. Ал әскеридемократиялық қоғамда ел басқару тізгіні тайпа көсемдерімен қатар қолбасшылардың, батырлардың қолында болады. Әскери демократия заманында байлық тек шаруашылықты ұйымдастыру жолымен ғана емес, басқа жұрттардың мал-мүлкін тартып алу арқылы да жасалады. Түскен олжа жауынгерлер арасында тең бөлінбейтін. Тайпа көсемдері, қолбасылар, батырларға үлес бастапқыда көбірек, кейіннен тіпті толығымен тиетін болды. Бұл кейін мүлік теңсіздігіне әкеліп соғып, қоғамда байкедей топтар қалыптаса бастады. Бұл әлеуметтік теңсіздікке, таптық жіктеліске алып келді. Соңында таптың қоғамдағы меншікті қорғайтын, әлеуметтік қайшылықтарды шешетін, өндіріс пен соғысты, қорғанысты ұйымдастыратын аппарат — мемлекет пайда болды. Сақтардың әлеуметтік құрылымы жөнінде тікелей жазба деректер жоқ. Сақтармен мәденигенетикалық туыстас, қоғамдық дамуы деңгейлес скиф тайпалары жөніндегі жазба деректерді сақтар тарихына қатысты ғалымдар жиі пайдаланады. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, сақтардың әлеуметтік құрылымында қоғамдыңәлеуметтік сатының ең басында патшалық ру тұрған. Патша тек сол рудан ғана сайланған. Бұл дәстүр жерімізде сақтардан кейін өмір сүрген ғұндарда, одан түріктерде, тіпті бергі Қазақ хандығында да жалғасын тапқан