1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


ғ 2жартысындағы Қаз-дағы кеңестік реформалардың қайшылықтарв мен салдары



бет73/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81
92.20ғ 2жартысындағы Қаз-дағы кеңестік реформалардың қайшылықтарв мен салдары.1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен көлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс көбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектеп-интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның өзі, бір жағынан, қазақ жастарының өз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп, мәңгүрттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне көшірілді. Мұндай орыстану процесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл процесс соның ішінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі бөлігін өз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ күйінде қалдырды.
Тың эпопеясы экологиялық мәселеде өзінің теріс жағын көрсетті. Бұрын болып көрмеген көлемде жерді жыртып Тастау салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының жеңіл топырақты жерлерінде шаң ,боран тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып .кету тек жеңіл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды.1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жер эрозиясына ұшырады.
60-шы жылдардың бірінші жартысында қоғамдық өзгерістердін ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табысты кезеңі болды. Сонымен қатар, бұл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н. С. Хрущевтін өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді. Партияның XXII съезінде (1961 ж.) КОКГІ-ныц жаңа Бағдарламасы туралы айта келіп, Хрущев: “бұл коммунизмнің Материалдық-техникалық базасын салу бағдарламасы, бұрынғылардан оның өзгешелігі - ол 20 жылға есептелген шынайы бағдарлама” . Бұл кезеңнің соңында коммунизмнің базасы жасалып бітеді, сойтіп “кеңес адамдарының қазіргі Ұрпағы коммунизм тұсында өмір сүретін болады ”- деп мәлімдеді. 60-шы жылдардың басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері бірден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді.Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынтаналдырудың түрлері мен әдістері елдің оидіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғары дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді.
Мәдениет және білім беру салаларының даму проблемалары.
Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында ӛзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Әсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де ӛз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Орталықта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1940 жылдардың аяғы-1950 жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың кӛрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Сӛйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жүйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет