1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Желтоқсандағы Жалпықазақ сьезі. Алаш автомиясы құру туралы шешім



бет58/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81
76.Желтоқсандағы Жалпықазақ сьезі. Алаш автомиясы құру туралы шешім. Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазаққайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез. Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссиямүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:Сібір автономиясы;
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және
азық-түлік мәселесі
Алаш партиясының құрылуы. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».
1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ...».
Съездің соңғы күні жаңа қалыптаса бастаған партияның басшысы Ә.Бөкейханов ресейлік Кадеттер партиясына мүшеліктен шығатынын және оның себептерін мәлімдеді. Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұспа-тұс келді. «Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жедел хат жіберілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет