Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.
Қазан төңкерісі
—Әлемдік тарихи дамуға әсер еткен ХХ ғасырдағы ең ірі саяси оқиға.
Уақытша өкіметті құлатып, Бұқара халық өкіметін құрау
Міндеттері:
• Қарсылықты жою;
• Негізгі басқару көздері мен өкімет ұйымдарын, азық-түлік қоймаларын және байланысу жүйесінің түрлерін басып алу;
• Басқа да партия мүшелерінен, еріктілерден, жұмысшылардан, қол өнершілерден әскер қатарына іріктеу;
• Бір орталықтан басқару;
• Басқа қалалар мен губернияларда көтерілістің басталуы.
Себебі:
• Жұмысшылардың, шаруалардың ұлттық
мәселелердің шешілмеуі (ұлттар теңдігі мәселелерін шешілмеді);
• Халықтың әл-ауқатының көтерілістердің салдарынан төмендеуі;
• Жаппай наразылықтың туындауы;
• Мемлекетті басып аларлықтай тың күштің қалыптасуы.
Қазақстанда қазан төңкерісінің кезеңінде уақытша өкіметінің құлау себептері
• Ұлттық мәселелердің шешілмеуі;
• Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.;
• Басты қажетті тауарлардың азаюы;
• Ауыл-шаруашылық тауарларына бағаны көтерілуі;
• Монархиялық басқарудың әсері;
• Ұлттық, діни жіктелу.
1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл үкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жарияланды. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды.