1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


) Қазақстандағы Жаңа Экономикалық Саясат (ЖЭС)



бет62/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81
80) Қазақстандағы Жаңа Экономикалық Саясат (ЖЭС)
1921 жылы 8-16 наурызда РК(б)П Х сьезі өтті. Онда жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды.
● ЖЭС-тің негізгі мақсаты қираған шаруашылықты қалпына келтіру, большевиктер халыққа уәде еткен социализмді құру үшін материалдық-техникалық және әлеуметтік-мәдени негіз жасау болды.
● ЖЭС-тің мәні нарықтық және әлеуметтік-мәдени негіз жасау болды.
● ЖЭС-тің негізгі мазмұны: - «әскери коммунизм» саясаты кезеңінде нұқсан келтірілген тауар-ақша қатынастарын қалпына келтіру; - экономикаға нарықтың белгілерін енгізу; - қалпына келтіру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қызмет көрсету саласының кәсіпорындарын жеке адамдарыға сату; - жалға алу мен жалдамалы еңбекке рұқсат ету; - деревня мен ауылда азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру.
● ЖЭС-тың артықшылықтары:
- несие тұтыну кооперациясы құрылды
- еңбек міндеткерлігі жойылды
- сауда еркіндігіне жол ашыды
- жалдамалы еңбекті қолданды
- жерлер жалға берілді
- ұсақ кәсіпорындар жалға берілді
- кәсіпорындар шаруашылық есепке көшті

● ЖЭС өнеркәсіп, сауда, ауылшаруашылығына біршама өзгерістер әкелген болатын.


Өнеркәсіптегі өзгерістер:
- кәсіпорындар сала бойынша ірі трестерге біріктірілді
- ұсақ кәсіпорындар жекменшікке берілді
- өнеркәсіп, теміржол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті
● Өнеркәсіптегі кемшіліктер:
-Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды
- Трестердің пайдасы орталыққа кетті.
Тауар айналымындағы өзгерістерге келсек 1921 жылы айырбас туралы декретте жеке саудаға рұқсат беріліп жәрмеңке саудасы күшейді.
Басты жәрмеңкелер-
- Семей губерниясында – Қоянды
-Баянауыл жәрмеңкесі Ақмола губерниясында – Атбасар жәрмеңкесі
-Ақтөбе уезінде – Ойыл Темір жәрмеңкесі ашылды.
● Ауылшаруашылығындағы өзгерістер:
-«Әскери коммунизм» саясаты кезінде азық-түлікке енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді - 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды
- Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Нәтижесінде егіс көлемі ұлғайып, мал саны өсті.

● ЖЭС-тің жетістіктері:


-Елдің дағдарыстан, ашаршылықтан шығуы
-нарықтық қатынастарға көшудің басталуы
- салықтың жалпыға бірдей ақшалай түрінің енгізілуі
-астық түсімінің артуы
-өнеркәсіп орындарының көбеюі.

● ЖЭС тоқтатылу себептері:


1.Кеңестік идеологияға қайшы келуі
2. шетел капиталының арта түсуі
3. ұсақ тауар өндірушілерге қарсы күрестің күшеюі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет