1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Соғыстан кейінгі Қаз-нБейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары



бет72/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81
Байланысты:
Тарих гос экзамер

91Соғыстан кейінгі Қаз-нБейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары.¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміздің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдің адам ресурстарының тапшылығына алып келді. Соғыстан соң өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы салаға жұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейде атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосылды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды ұлғайтты. Ембі бассейінінде – Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мұнай өндіру соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өстіСоғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. Сом ақша, 540 мың гектар жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды iрiлендiру шаралары iске асырылып, республикада соғысқа дейiнгi 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалык базасы нығайтылды. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар істеді. Бұлардың басым көпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейді.1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ. Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ә. Нүрпейісовтың “Курляндиясы”сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті, жеңіс жолындағы күресте көрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған С. Мүқановтың “Сырдария”, Ғ. Мұстафиннің “Миллионер”, Р. Слановтың “Кең өріс” сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет