1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Мырза Құтлы Мұхаммед Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. Азаматтық мәселесі төңірегіндегі келіссөздердің барысы және түрлі саяси топтардың күресі



бет51/86
Дата25.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#110201
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ес 3

56 Мырза Құтлы Мұхаммед Тевкелев басқарған Ресей елшілігі. Азаматтық мәселесі төңірегіндегі келіссөздердің барысы және түрлі саяси топтардың күресі
Тевкелев елшілігі – Ресейдің 1731 жылы Кіші жүзге жіберген елшілігі. Бұл елшілік 1730 жылы Әбілқайыр ханның атынан Санкт-Петербургке барған Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілікке жауап ретінде жіберілді. Күзетпен қамтамасыз етілген елшілікті А.И. Тевкелев басқарды, оның құрамында қазақ жерін картаға түсіру жүктелген геодезиттер А.Писарев пен М.Зиновьев болды.
Тевкелев елшілігіне патша өкіметі 12 тармақтан тұратын “Нұсқау” тапсырды. Онда Кіші жүздің билеуші тобынан Ресейдің қол астына өту жөнінде ант қабылдау, бодандықты мойындағандарға Анна Иоановнаның атынан сыйлық тарату (қылыш, қанжар, бұлғын тон, бөрік, т.б.), қазақтар туралы мәлімет жинау, Кіші жүзге көршілес жерлердің Ресей бодандығын қабылдауына негіз қалау, т.б. мәселелер қамтылды.
Тевкелев елшілігі 1731 жылы 5 қазанда Ырғыз өзені жағасындағы Майтөбе сайында орналасқан Әбілқайыр хан ордасына келді. Тевкелев елшілігінің Ресей бодандығын қабылдату жөніндегі миссиясы Кіші жүздегі көрнекті ақсақалдардың, сұлтандардың үлкен тобының ашық қарсылығына ұшырады. Олар Тевкелев елшілігін мұндай пиғылы үшін жазалауға талпынды. Қалыптасқан осындай ахуал жағдайында Әбілқайыр Тевкелев елшілігін алып жүруді және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзінің баласы Нұралыға тапсырды.
1731 жылы қазанда Тевкелев елшілігіне Ресей бодандығын мойындайтыны жөнінде бірінші болып Әбілқайыр хан ант берді, оған Бөкенбай, Есет батырлар мен Құдайназар Қарпықұлы мырза қосылды. Сол арада бодандыққа 27 ақсақал ант берді. Бұдан соң Тевкелев елшілігі “Нұсқауға” сәйкес көршілес елдердің бодандыққа ант беруіне негіз қалауға кірісті.
19 желтоқсанда Тевкелев елшілігі Әбілқайырды Нұралы сұлтанды Хиуаға жіберуге көндіріп, ол елдің бодандыққа деген көзқарасын білуге тырысты. 1732 жылы 2 наурызда Хиуадан оралған Нұралы сұлтан Тевкелев елшілігіне Хиуаның бодандық мәселесіне наразылығы мен ашу-ызасын білдірді. Тевкелев елшілігі 1733 жылы қаңтарда Санкт-Петербургке қайтты. Тевкелев елшілігімен бірге Әбілқайыр Санкт-Петербургке Ералы сұлтан бастаған жауап елшілігін аттандырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет