1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдауы (XVIII ғ. 40 ж.). Орынбор губерниясының губернаторы И.И.Неплюевтің саясаты



бет52/86
Дата25.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#110201
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ес 3

57 Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдауы (XVIII ғ. 40 ж.). Орынбор губерниясының губернаторы И.И.Неплюевтің саясаты.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кiшi жүздiң қазақтарын Ресейдiң қол астына алу туралы
грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Империяға өтудің сипаты үстірт, жасанды болды. Дегенмен бұл Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басы едi. Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңiске жеткенiмен, ол табыс баянды бола қоймады. Хандар мен сұлтандардың тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақстанды өзiне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңдi күтумен болды.
Әбiлқайыр қазақ хандығында жеке өз билiгiн нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз iздестiре бастады. Кiшi жүздiң ханы Ресей мемлекетiнiң қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының ерекшеліктері де шешушi рөл атқарды. 1730 жылы Кiшi жүздiң билерi ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Ресеймен келiссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдiң өкiмет билiгiмен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыргүйек айында Әбiлқайырдың елшiлiгi Петербургке келдi. Елшiлiк Кiшi жүздi Ресейдiң қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтiнiштi табыс еттi.
1744 жылы қазақ халқын ата қоныстарынан ығыстыру жөнінде қосымша жобаның авторы. Бұл жобада қазақтарды Орал мен Сібір жағынан қоршауға алу жоспарланған еді. Әсіресе, Жайық қалашығы, Орынбор, Орск, Жаңа Ойыл шебі, Сібір шебіндегі әскерлерді қазақтарға қарай бағыттау болды.
1742 жылы 19 қазанда И.И. Неплюев қазақтарды Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар саламын, бұдан былай осы жарлық алғаннан кейін қамал маңында және Жайық өзенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады».
58 1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық шеберлігі.. Қытай мен Қазақстан арасындағы елшілік қарым-қатынастар.
1739-1741 жылдары болған қазақ жоңғар соғыстарын Абылай хан бастаған еді. Абылайдың жауынгерлері осы жылдар ішінде жоңғарларға бірнеше мәрте соққы берді. Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты — мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу еді.

Дипломатиялық шаралардың шебері Абылай, хан болып сайлануға дейін де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерін қайтаруда қыруар күш-жігер жұмсады. Жоңғария тарихи сахнадан мүлде жоғалып, оның жерін басып қалған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі.


1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай Цин әулеті билеушілерімен арадағы қайшылықтарды өзара тиімді нәтижелермен шешуге күш салып отырды.
1757-1760 жылдары казақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды. Бір жағынан Абылай 1740 -1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қытайдың билігін қабылдауын дипломатиялық шешім деп бағалады. Абылай сонымен қатар Орта Азия елдерімен байланысын дамытуға да кепіл болді.
XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда Ходжент әміршісіне, Ташкент бегіне соққы берді. Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектеріне ауып кеткен Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа бірнеше қалаларды Абылай күшпен қайырып алып, қазақтардың билігіне қаратты. Олар тиесілі алым- салығын төлеп тұруға міндеттелді. Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады.
1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет