1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы. Қазақстандағы жер-су



Pdf көрінісі
бет75/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   100
78 Қазақстанда большевиктік режимнің қалыптасуы. Қазақстандағы жер-су 
реформасы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және 
оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму 
барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне 
әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере 
отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін 
емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп 
шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені 
билігіне нұқсан келтіреді. 
«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет 
қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған 
директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін 
ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық 
шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.
Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық 
догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы 
тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі 
нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар 
факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін 
еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған 
экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты 
Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу 
қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — 
нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет