105 Қазақстанның БҰҰ мүше болуы. Қазақстанның БҰҰ-дағы ұсыныстары.
Қазақстан және ЕҚЫҰ.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-
сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті
халықаралық
проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше
болды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев
Қазақстанның халықаралық саясаты туралы айта келіп, екі маңызды ұсынысты алға
тартты. Оның біріншісі – барлық үкіметтердің ізгі ниет білдіру тәртібімен “бір+бір”
формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігерінің қорын құруды бастау. Бұл
формула әрбір мемлекет оған өзінің қорғаныс бюджетінен бір пайыз бөліп, жыл сайын