Қазақстанға өздері ойлағандай бос жатқан жерлерден дәмелі көптеген қоныс
аударушылардың ағылып келгені белгілі. Бұл лек ешқашан тыйылған емес, алайда ХХ
ғасырдың алғашқы он жылында сталиндік реформаны іске асыру барысында шырқау
шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып
оты¬рды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елде сіңісіп кете алмай кейін
қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге
қоныстанып жатты. Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе жүйеге қас
деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын
орынға айналды. Мұнда түрмелердің, лагерьлердің және күштеп қоныстандыруға
арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстанда қанша қамалғандардың,
айдалумен әкеліп қоныстандырылғандардың болға¬нында қисап жоқ. Олардың сан мыңы
өмір сүрудің қиыншылығына шыдамай дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-
қудалау аппараты құртты. Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда»
деген жөн-жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары
қолға алынды. Бейбіт жатқан, бейкүнә жандарды тығыз-таяң жүк вагондарына тиеп, біздің
далаға жөнелтіп жатты. Оңдаған мың күштеп қоныс аударылған адамдар осындай
тағылық айдаудың салдарынан аштықтан және дерттен дүние салды. Сол кезде
Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының
немістері, КСРО-ның Ба¬тыс аймақтарынан 100 мыңнан аса по¬ляк, Терістік Кавказдың
500 мыңнан ас¬там тұрғыны күштеп қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің
қара да¬уылын Қырым татарларының, гректер¬дің, қалмақтардың ондаған мың
отбасылары, басқа да Кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті. Ресми деректер
бойынша, сол кезде Қазақстан жұрты 1,5 миллионнан астам адамға көбейген екен. Соғыс
кезінде 350 мыңнан астамның әкелінгені анық.
Достарыңызбен бөлісу: