1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


М.Шоқайдың Батыс Еуропадағы қуғындағы қызметі.Екінші дүниежүзілік



Pdf көрінісі
бет86/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100
89.М.Шоқайдың Батыс Еуропадағы қуғындағы қызметі.Екінші дүниежүзілік 
соғыстың нәтижелері мен сабақтары.Соғыс жылдарындағы ғылым,мәдениет және 
халыққа білім беру.
Кеңес өкіметінің қысымымен өмірінің соңғы 20 жылын елінен жырақта, Ба¬тыс Еуропада 
өткізген Мұстафа Шоқай – соңғы демі таусылғанша елінің тағдырын ойлаумен, қазақ және 
жалпы Түркістан халықтарының тәуелсіздігі үшін күресіп өткен тұлға. Кеңестік 
Түркістанды ол кезде қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ, ұйғыр және басқа да 
ұлттар мекендегені белгілі.Тарихи әділдік үшін айтқан жөн, Мұстафа Шоқай Қазақстанда 
Кеңес өкіметінің жүргізген жұмыстарының бәрін жоққа шығармаған. Бірақ Кеңес 
өкіметінің ол жақсылықты отар халықты мүсіркегеннен емес, өзіне керек болған соң 
істегенін жазады. Ол Францияда тұрса да халқының ашаршылыққа ұшырағанын естіп, 
оның себептері мен зардабын анықтап, Еуро¬па жұртшылығына жеткізуге 
ұмтылған.М.Шоқай 1933 жылдың басында, яғни ашаршылықтың нағыз өршіп тұрған 
кезінде Түркістан өлкесінде болып қайтқан бір шетелдіктің көзімен көріп, естіп-біліп куә 
болған оқиғасын «Бір «интуристің» Түркістан әсері» деген мақаласында келтіреді. 
Қазақстандағы сол кездегі большевик басшылардың қазақ даласының табиғи-климаттық 
ерекшеліктері мен көшпелі шаруашылық заңдылықтарын есепке алмай жүргізген 
әпербақан саясаты қазақ халқын аштыққа ұшыратты.
Сонымен, М.Шоқайдың осы мәселеге қатысты еңбектерінен түйетін ой – Қазақстандағы 
30-шы жылдардың басында орын алған ашаршылық большевиктердің отаршылдық 
саясатының тікелей зардабы болғандығы.
Адамзат тарихындағы алапат оқиғаның, Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы уақыт 
өткен сайын күрделеніп, бұрын айтыла бермейтін немесе білінбеген ақтаңдақтардың 
ашылуымен және жаңа деректердің пайда болуымен қоғамда қалыптасқан көзқарас, 
тарихи сана өзгерістерге ұшырауда. Жалпы, Екінші дүниежүзілік соғыстың 
экономикалық, әлеуметтік, саяси және психологиялық зардабын адамдар соғыс біткеннен 
кейін де ұзақ жылдар бойы татып келеді. Бұл соғыс адамзатқа, оның ішінде бейбіт 
тұрғындарға қарсы ядролық қару қолданған жалғыз соғыс ретінде де тарихта қалды. Тұтас 
адамзат баласы нәсілдік, ұлттық белгі бойынша жауласудың соңы орны толмас ауыр 
зардаптарға алып келетінін, оның алдын алу қай кезде де өзекті екенін білді. 2 қыркүйек – 
Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні. 2 қыркүйек – қан сасыған даланың, 
құшағына өліктерді құшудан шаршаған Жер Ананың жай тапқан күні. Дәл осы күні 2-ші 
дүниежүзілік соғыстағы не бары үш аптаға созылған аса маңызды операциялардың бірі 
сәтті аяқталып, Жапонияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі Актіге қол қойылды. Ұлы 
Отан соғысында әБірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қорғауға 
соғысқа аттанды. А.Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В.Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. 
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақындар мен жазушылар майданға 
кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің 
шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Олардың қатарында Д. Снегин, 
Д.Әбілев, Ж.Саин, Қ.Әбдіқадыровтар болды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы - 
патриотизм және Отанды қорғау. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», 
Ә.Тәжібаевтың «Ленинград» өлеңдері, 3.Шашкин, Қ.Аманжолов, Ә.Сәрсенбаевтың 
шығармалары көпке белгілі болды. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінде үлкен 
жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстан композиторлары 300-ден астам музыкалық 
шығармалар: опералар, симфониялар, әскери-патриоттық әндер жазды. Соғыс 


жылдарында опера өнері дами түсті. 1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 
1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі 
жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов пен 
Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды. 
1949 жылы осы операның авторларына және негізгі партиясын орындаушыларға КСРО 
Мемлекеттік сыйлықтары тапсырылды. 0-50-жылдарда репрессияларға қарамастан 
Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттің дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-
жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды. Олардың ішінде ең 
танымал болғандары - Семей әуесқой театр тобы және Халықка білім берудің 
Орынбордағы қазақ институты. Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада 
тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, 
Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, З.Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, 
режиссерлер және артистер жұмыс істеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет