1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


жылы шілдедегі Жалпы қазақ сьезі жәнеАлаш партиясын құру туралы щешім



бет57/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81
74.1917жылы шілдедегі Жалпы қазақ сьезі жәнеАлаш партиясын құру туралы щешім
Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.
Тарих бойында Партияның тек бір төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан,Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатов,Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев,Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары –Жаһанша Досмұхамедов,Мағжан Жұмабай,Сәкен Сейфуллин,Мұстафа Шоқай,Тұрар Рысқұлов,Смағұл Сәдуақасов,Жүсіпбек Аймауытов,Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.

  1. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір 1917 жылдыі жаз, күз айларының басында елде халықтың большевиктер жағына шығуы күшейе бастады.Әлемдік тарихи дамуға әсер еткен ХХ ғасырдағы ең ірі саяси оқиға. Қазан төңкерісінің қозғаушы күштері ол жұмысшылар,салдаттар,шаруалар болды .Ал қазан төңкерісінің себебі халықтың жағдайының төмендеуі, аштық, Уақытша үкіметтің шарасыздығы себеп болды.

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Ертеңіне көтерілісші жұмысшы ,солдат, матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда (7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады. Бұл хабар Қазақстанға жетісімен, өлкеде Кеңес үкіметін орнату басталды. 30 қазанда Перовскіде, 1қарашадаТашкентте, 6 қарашада Әулиеатада, сондай-ақ Черняевте, желтоқсан айында Бөкей ордасында, Петропавловскіде, Көкшетауда,Атбасарда, Костанайда, қаңтарда Ақтөбеде,18 қаңтарда Орынборда, 3 наурызда Верныйда және осы айда Жетiсу облысында орнады. Оралда ғана Кеңес үкіметі қиындықпен түпкілікті азамат соғысы кезінде орнады.
1917 жылы 22 қарашада IV Төтенше Бүкілтүркістандық съезд ашылды. Оны М.Шоқай ашты. Съезд «Түркістан автономиясын» Туркистан мухтарияты (төрағасы М.Тынышбаев, кейін М.Шоқай) жариялады. Оны 1918 жылы акпанда большевиктер қуып таратты. Кеңес үкіметінің Қазақстанда орнауы елкедегі түрлі жағдайлардың себебiнен, 1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың наурызына дейiн созылды. Дегенімен,осы уақыт аралыпында Оралдан басқа жерде Кеңес үкіметі орна болды. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай ақ Қазақстанмен iргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда өкіметін орнату төрт айға,1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа жұмысшыларға зауыт пен фабрика,шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды.1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет