1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі



бет18/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
Байланысты:
1. аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескер

22 Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.

Тоғызыншы ғасырдың аяғы, оныншы ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент – жаңа Гузия қаласы болды. Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілдерінде сөйлеген.


Түріктілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген. жетінші ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары Түркі қағанатының құрамында болған. Оғыздар құрамына түркітілдес көшпелі тайпалар ғана емес, үндіеуропалық және финн-угор тайпалары да енген.


Ал Махмуд Қашғаридің сөздігінде оғыздардың Жетісу және Ыстықкөл мен Шу өзенінің аралығында басқа да түркітілдес тайпалармен қатар өмір сүргені жазылған. Кейін қарлұқтардың күшеюіне байланысты олардың қысымына шыдамаған оғыздар Сырдарияның бойына барып қоныстанған.


Батыс Түркі және Түргш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.

Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Олар тоғызыншы ғасырдың басында печенегтерді талқандады. Печенегтер жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. Тоғызыншы ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соққы берді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді. Махмуд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгенін келтіреді. Боз оқтар ерекше артықшылықтарға ие болған.


Оғыз мемлекетінің басшысы, билеушісі жабғу деп аталды.


Әскердің бас қолбасшысы – сюбашылар әскери кеңеске сүйенді. Жоғары билеушінің билігі тайпалық ақсүйек қауымының кеңесімен шектелді. Билеушілердің әйелдері де сарай өмірінде маңызды рөл атқарды. Ал мұрагерлерді тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар – атабектер тағайындалды.


Мал жекеменшік мүлік теңсіздігіннің негізі болды. Оғыздар негізінен көшпелі малшаруашылығымен айналысты. Тоғыз-он бірінші ғасырлардағы деректерде оғыздардың Жент, Сауран, Сығанақ тағы басқа қалалары аталады. Малынан айрылған көшпелілер отырықшы өмір салтына көшті. Диқаншылық пен қолөнер олардың негізгі кәсібіне айналды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.


Оғыз мемлекеті Еуразия тарихында маңызды рөл атқарды. Олар 965-інші жылы Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандады. Оғыздар хазарларға қарсы күресте Қаратеңіз жағалауындағы құнарлы жайылымдық жерлерді тартып алуды көздеді. Және де Еділ бойымен өтетін сауда жолдарын бақылауды өз қолдарына алғысы келді.


985-інші жылы Оғыз билеушісі Киев князі Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын талқандады. Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздардың территориясы оңтүстікте Мауреннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті. Оныншы ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы деп аталды.


Он-он бірінші ғасырларда Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды.


Белсенді саясат және көп жылғы соғыстар қыруар қаржыны талап етті. Сол себепті жыл сайын салық ұлғайтылды. Он-он бірінші ғасырлар аралығында оғыз тайпаларының салық жинауға наразылық білдірген көтерілістері басталды. Ал Салжұқ көсемдері дағдарысты өз мақсаттарына пайдалана білді. Олар оғыз билеушісіне қарсы көтеріліске басшылық етті. Оғыздардың соңғы билеушісі Шахмәлік салжұқтарға тұтқынға түсіп, өлді.


Салжұқтармен, қыпшақтармен болған ұзақ жылғы соғыстар, тайпалардың ауыр салыққа қарсы көтерілістері Оғыз мемлекетін әлсіретті. Әлсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан түпкілікті құлады.


Оғыздардың біршама бөлігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азия елдеріне қоныс аударды. Қалған бөлігі түркітілдес Дешті Қыпшақ тайпаларымен қосылып араласып кетті.


Оғыз тайпалары қазіргі түркі халықтарының қалыптасуына қатысты. Қазақтардың этникалық тарихында маңызды із


Қысқаша қорытынды
•IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды.
•Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент – жаңа Гузия қаласы болды.
•Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілдерінде сөйлеген.
•Түркітілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген. VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары Түркі қағанатының құрамында болған.
•Оғыздар құрамына түркітілдес көшпелі тайпалар ғана емес, үндіеуропалық және финн-угор тайпалары да енген.
•Батыс Түркі және Түргеш қағанаттары құлап, Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.
•Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Олар IX ғасырдың басында печенегтерді талқандады.
•Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды.
•IX ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соққы беріп, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді.
•Махмуд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгенін келтіреді.
•Боз оқтар ерекше артықшылықтарға ие болған.
•Оғыз мемлекетінің басшысы, билеушісі жабғу деп аталды.
•Әскердің бас қолбасшысы – сюбашылар әскери кеңеске сүйенді.
•Жоғары билеушінің билігі тайпалық ақсүйек қауымының кеңесімен шектелді.
•Билеушілердің әйелдері де сарай өмірінде маңызды рөл атқарды.
• Мұрагерлерді тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар – атабектер тағайындалды.
•Мал жекеменшік мүлік теңсіздігінің негізі болды.
•Оғыздар негізінен көшпелі малшаруашылығымен айналысты.
•IX-XI ғасырлардағы деректерде оғыздардың Жент, Сауран, Сығанақ т.б. қалалары аталады.
•Малынан айрылған көшпелілер отырықшы өмір салтына көшті. Диқаншылық пен қолөнер олардың негізгі кәсібіне айналды.
•Оғыздар арасына біртіндеп ислам діні де ене бастады.
•Оғыз мемлекеті Еуразия тарихында маңызды рөл атқарды. Олар 965 жылы Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандады.
•985 жылы Оғыз билеушісі Киев князі Владимирмен одақтаса отырып, Еділ Бұлғариясын жеңді.
•Белсенді сыртқы саясат нәтижесінде оғыздар оңтүстікте Мауреннахрмен шектесіп, батысында Кавказ аймағына жетті.
•X ғасырда Сырдариядан Кавказға дейінгі аумақ Оғыз даласы аталды.
•X-XI ғасырларда Оғыз елеулі дағдарысқа ұшырайды.
•X-XI ғасырлар аралығында оғыз тайпаларының салық жинауға наразылық білдіргенкөтерілістері басталды.
•Салжұқ көсемдері дағдарысты өз мақсаттарына пайдалана білді. Олар оғыз билеушісіне қарсы көтеріліске басшылық етті. Оғыздардың соңғы билеушісі Шахмәлік салжұқтарға тұтқынға түсіп, өлді.
•Салжұқтармен, қыпшақтармен болған ұзақ жылғы соғыстардан әлсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан түпкілікті құлады.
•Оғыздардың біршама бөлігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азия елдеріне қоныс аударды. Қалған бөлігі түркітілдес Дешті Қыпшақ тайпаларымен қосылып араласып кетті.
•Оғыз тайпалары қазіргі түркі халықтарының қалыптасуына қатысты. Қазақтардың этникалық тарихында маңызды із қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет