1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет2/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
2.Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.


Энеолит - неолит пен қола дәуірінің аралығындағы археологиялық кезең (тас- мыс кезеңі).
Ұлы Дала аумағындағы энеолит және қола дәуірі.Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады.
Ежелгі металл өңдеу техникасы Қазақстан аумағында тау-кен ісі мен металлургия қола дәуірінен бастап дамыды. Осы кездегі кен орындарының көпшілігі ерте темір ғасырында да кен өндіруді тоқтатқан жоқ. Ежелгі металлургия орталықтары — Орталық және Шығыс Қазақстанда болды. Орталық Қазақстандағы мыстың орасан үлкен кен орындары — Жезқазған маңында, қалайы — Атасу мен Ұлытауда болса, Шығыс Қазақстандағы мыс пен қалайының бай кен орындары Қалба мен Нарын жоталарында кездеседі.Солтүстік Қазақстанның Ботай мәдениеті.Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған.Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген.
Қола дәуірі 3 түрлі ерекшелігімен ерекшеленеді.
• Ежелгі қола металургиясымен.
• Бақташылық мал шаруашылығымен.
• Теселі егіншілікпен.
Қола дәуіріндегі еңбек құралдары
Қола дәуірі тұрақтарының ерекшеліктері


Қоныстар – өзен – көлдердің жағасында, кең жайылым жерлерге орналасқан.
Қоныстарда 6-10 үйден 20-30-ға дейін болуы. Екі қатар немесе шеңбер бойына айнала салынған.Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер болған.Тұрғын үйлердің қабырғалары бөренеден салынған.Қола дәуірін зерттеушілер Орталық Қазақстанды Ә.Марғұлан мен
К.Ақышев Солтүстік Қазақстанды А.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С. Черников пен А.Г.Максимова Кемел Ақышев және Әлкей Марғұлан Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі.Алғашқы кезеңі – ортаңғы Соңғы кезеңі – Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары
Шаруашылығы
Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылықта дамыған.
Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.
Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. Орталық Қазақстандағы мыстың орасан үлкен кен орындары — Жезқазған маңында, қалайы — Атасу мен Ұлытауда болса, Шығыс Қазақстандағы мыс пен қалайының бай кен орындары Қалба мен Нарын жоталарында кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет