Байланысты: 1. аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескер
94. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы. Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс.
КСРО-ның басшылары 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Осы кезде Қырымда болған КСРО Президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз б-нде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-тің №1-қаулысына сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқталатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне, ереуілдерге шығуға тыйым салынды.Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей Президенті Б.Н.Ельцин басқарды.
Төңкерісшілерді жоғары шендегі әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде Тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді. Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, Тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. комитет мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқиғалар КСРО-ның ыдырауын тездетті.
1990 -1991 жылдары КСРО-ның алдында тұрған негізгі проблемалардың бірі жаңа Одақ шартына қол қою мәселесі тұрды. Дайындық жұмыстарының нәтижесінде 1991 жылы бірнеше жоба жарияланды. 1991 жылы наурызда М.Горбачевтің бастамасымен КСРО болуы керек пе және ол қандай болу керек деген мәселеге байланысты бүкілодақтық референдум өтті. КСРО халқының көп бөлігі КСРО-ны сақтап қалуға дауыс берді.
Бірақ, 1990 жылғы сайлаулар нәтижесінде құрылған одақтас республикалардағы жаңа билік органдары жаңа шешімдер шығаруда дербестік танытты. 1990 жылдың аяғында КСРО-ның барлық республикалары өздерінің егемендігі туралы, республикалық заңдардың одақтық заңдардан жоғары туралы Декларация қабылдады. Сарапшылар бұл жағдайды «егемендік шеруі» мен «заңдар соғысы» деп атады. Саяси билік біртіндеп орталықтан республикаларға көшті.
КСРО-ның күйреуінен кейін орталықта да, аймақтарда да үлкен дағдарыс болатындығы баршаны алаңдатты. Мұның бәрін бірлесе отырып шешетін, жаңа Одақ туралы шарт келіссөздеріне ерекше мән берді. 1991 жылдың көктемі мен жазында, КСРО Президенті М. Горбачевтың қатысуымен Мәскеу маңындағы Ново-Огарёво резиденциясында республика басшыларының кездесулері өтті. Ұзақ және қиын келіссөздердің нәтижесінде «9 + 1», яғни келісімге қол жеткізілді тоғыз республика мен орталық одақтық шартқа қол қойылады деп шешті. Келісімшартқа қол қою 1991 жылдың 20 тамызына жоспарланды.
1991 жылғы қарашада жеті республика (Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан) Ново-Огарёвода жаңа мемлекетаралық ұйым - Егемен мемлекеттер одағын құруға ниет білдірді. Жеті мемлекет басшылары 1991 жылдың аяғына дейін одақ туралы жаңа шартқа қол қою туралы шешім қабылдады.
1991 жылы 25 қарашада оған қол қою жоспарланған болатын. Бірақ бұл болмады. Тек М.Горбачев қол қойып, жоба өзі жеті республиканың парламентіне бекітуге жіберілді. Бұл жай ғана сылтау болды.
Шын мәнінде, барлығы 1991 жылы 1 желтоқсанға белгіленген Украинаның тәуелсіздігі туралы референдумның нәтижесін күтті. 1991 жылғы желтоқсанда Украина халқы Украинаның толық тәуелсіздігін жақтап, М. Горбачевтің КСРО-ны сақтап қалуға ниеті орындалмады .
Орталықтың әлсіздігі 1991 жылы 8 желтоқсанда Брестке жақын орналасқан Беловежя Пущасында Беларусь, Ресей және Украинаның басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды. Онда «1922 жылғы одақтық шартқа қол қойған КСРО құрылтайшылары КСРО халықаралық құқықтың субьектісі ретіндегі жұмысын тоқтатады» шешілді. Бұл келісім 1922 жылғы КСРО құру туралы шарттың күшін жойды және оның орнына ТМД құрылды.