Сабақтың мақсаты: тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау
Сабақтың тақырыбы:
Ресейдегі самодержавие не себепті жойылды?
Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойды?
1917 жылы 23 – 28 ақпанда Петроградта төңкеріс болып, самодержавие құлатылды. Оқиғалар Путилов фабрикасының жұмысшылар ереуілінен басталды, ол жалпы саяси ереуілге ұласты (жұмысшылар мен қызметкерлердің саяси әрекеті). «Соғыс құрысын!», «Патша жойылсын!» деген талаппен демонстрациялар өтті және тәртіпсіздікті басуға жірерілген әскерлер демонстранттардың жағына өтті. Көтерілісшілер арсеналды, үкіметтік кеңселерді және Қысқы сарайды басып алды.
27 ақпанда Мемлекеттік Думаның Уақытша Атқару Комитеті құрылды. Сонымен қатар 28 ақпанда жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының Петроград Кеңесі құрылды, онда социалистік-революционерлер мен меньшевиктер басым болды. 1 наурызда Петроград Кеңесінің № 1 бұйрығы шықты, ол армияны іс жүзінде Солдаттар Кеңесінің бақылауына өткізді.
1917 жылы 2 наурызда II Николай тақтан кетіп, монархия құлады.
Елдегі жоғарғы билік 1917 жылы 2 наурызда Мемлекеттік Думаның уақытша комитеті Петроград кеңесімен келісім бойынша құрған Уақытша үкімет болды. Уақытша деп аталған себебі ол Бүкілресейлік құрылтай жиналысы шақырылғанға дейін күшінде болуы керек еді. Ескі мемлекеттік органдар жойылды. Жергілікті атқарушы билікті Уақытша үкіметтің комиссарлары жүзеге асырды. Елде ерекше саяси жағдай қалыптасты, Қос билік пайда болды.
Қос үкімет (бір уақытта екі үкіметтің өмір сүруі) Уақытша үкімет (буржуазиялық-либералдық)
Жұмысшылар мен солдаттар және депутаттар кеңестері (революциялық-социалистік)
Ресейдегі самодержавиені құлатудың негізгі нәтижелері:
қоғамның қысқа мерзімді консолидациясы, бірқатар демократиялық заңнамалық акті қабылдау, қоғамдық дамудың бұрыннан келе жатқан қайшылықтарын шешу мүмкіндігі;
жеке адамдарға және меншікке қарсы зорлық-зомбылық қылмыстарының көбеюіне алып келген дамудың революциялық жолын таңдау;