1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң.
1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалануы, қоғамның демократиялық бағытта дами бастағанын көрсетеді. Осыған орай білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттары («Мирас», «Дарын», «Мұрагер» және т.б.) мектептер пайда болып, білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Дәстүрлі бағыттағы мектептерден бөлініп шығып, өз алдына оқытудың формаларын ұйымдастырған жаңа типті мектептер бой көрсетті. Мұндай мектептерді заман талабына сай білім беріп жатқан инновациялық білім мекемелеріне жатқызуға болады. Ал жаңа типті инновациялық мектептердің негізгі мақсаты-жеке тұлғаны толық дамыту және білімдендіру болып табылады. «Инновация»-(лат.тілінен-nouis-жаңа) аударғанда жаңалау, жаңа, өзгеру-деген мағыналарды көрсетеді.
Инновация дегеніміз-жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновациялық үрдісті мазмұнды дамыту, жаңаны ұйымдастыру, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологияларын қамтитын құбылысты айтады.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби биліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.