1.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы


Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері



бет2/54
Дата12.05.2023
өлшемі158,56 Kb.
#92333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
1.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì áåðó æ?éåñ³.?àçà?ñòàí Ðåñïóáëè

Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; 
- азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; 
- Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
- қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.


2.Балабақшадағы серуен және оның құрылымы

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қарым - қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны қызығушылықпен қабылдайтын кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.



Серуен кезінде бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру біріншіден жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі педагогтың қолданатын әдіс - тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты.

Серуен – мектепке дейінгі мекемеде бала әрекетін ұйымдастырудағы режимдік сәттердің негізгі бөлігінің бірі.
Серуеннің мақсаты – бала денсаулығын нығайту, шаршаудың алдын - алу, денесін шынықтыру, түрлі әрекеттер нәтижесінде организмде болған функционалдық өзгерістерді реттеп, қалыпқа келтіру.
Серуеннің міндеті:
Қарапайым жағдайда организмді шынықтыру;
Мектеп жасына дейінгі баланың физикалық даму деңгейін арттыру;
Баланың қимыл белсенділігін арттыру;
Баланың танымдық, көркем - эстетикалық, әлеуметтік - тұлғалық дамуына ықпал ету.
Серуен түрлері (өтілу орнына қарай):
1. Балабақша аумағында;
2. МДМ - нің территориясынан аулаққа жаяу серуен (ересек топтар 2 километрге дейін)
Серуеннің түрлері
1. Бақылау;
2. Еңбекке баулу;
3. Қимыл белсенділігін арттыру: қимылдық, спорттық ойындар мен жаттығулар;
4. Баламен жеке жұмыстар
5. Балалардың өз бетінше әрекеті
Жоғарыда атап өткендей, мектепке дейінгі мекемеде серуенді дұрыс ұйымдастырудың маңызы ерекше. Серуеннің ұйымдастырылуын арнайы кесте арқылы талдау әдіскердің де, тәрбиешінің де жұмысын жеңілдетеді. Тәрбиеші өзіне қандай талап қойылып отырғанын біледі, және серуенді жоспарлағанда жан - жақты ескеріп отырады. ІІ кестеде көрсетілгендей тараулар бойынша әдіскер серуенді талдағанда серуеннің барлық бөліктері ескеріледі. Серуен соңында қорытындыланып, ол қорытындымен тәрбиеші танысады және әдіскер ұсыныстар береді. Осылайша дұрыс ұйымдастырылған серуен баланың жан - жақты дамуына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет