1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Шекаралық сызықтарды салу, жерді алу. Әскери-казак отарлауы



бет64/153
Дата14.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#67658
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   153
Байланысты:
тарих сессия

36.Шекаралық сызықтарды салу, жерді алу. Әскери-казак отарлауы
Сібір өңірі толық жауланып, бекіністер тұрғызылуы
Сібір хандығы бағындырылған соң Ресей отарлаушылары ондағы сулы-нулы жерлерді тез арада иеленіп қалу үшін әскери бекіністер тұрғызуды бастады. Бұл бекіністер империяның отарлық саяса- тын жүргізетін пайдалы тетігіне айналды. Нәтижесінде, 1586 жылы Төмен (Тюмень), 1587 жылы Тобыл, 1593 жылы Березов, 1594 жылы Тар, 1598 жылы Верхотур, 1604 жылы Том қоныстары пайда болды. Осылай патшалық Ресейдің қонысы қазақ даласымен шектесті. Бірақ, патшалық отарлау саясаты бір сәтке «Азия қақпасы немесе кілті» саналып келген Қазақияны жедел отарлауды уақытша тоқтата тұрып, Сібір өлкесіне тереңдей еніп, мұхит аймағына шығуды пайдалы деп көрген сыңайлы. Оның сыртында, үздіксіз қақтығыста душар болған қазақ-қалмақ қатынасына алыстан көз тігіп, екі арыстанның әлсіреуін күткен сыңайлы. Егерде орыс солдаттары қазақ жеріне басып кірген жағдай- да, қазақ-қалмақ жасағы (орыс әскеріне қарсы) бірігіп кету қаупі де бар еді. Бұл жайдан Ресей шенеуніктері өз тыңшылары арқылы үздіксіз хабар алып отырды. Сол себепті, отарлау ісін басқа жаққа бұрды. 
Моңғол тарихшысы Б. Баабардың баяндауы бойынша, Ресей Сібір өлкесіне отарлау ісін жүйелі жүргізу үшін шеп (острог) құрды. Әуелі, шекара шебі деген желеумен Нэнцы, Ханты, Кэтс өңірін әскер күшімен байлап алды. 1619 жылы Таз дариясының (Обь) сағасын бойлатып Мангазей шебі, Енисей дариясын жағалата Енисей шебі құрылды. Осы шептің бойын жағалай шабуыл жүргізген орыс-казак әскерлері Эвенк, Тунгус өлкесіне басып кіріп, 1628 жылы Байқалды жайлап жатқан моңғолтекті жұртпен қақтығысып қалды.
Байқал өңірін жаулау ісіне әлі де дайындық қажет екенін түсінген жүзбасы Петр Бекетов 1632 жылы аттың басын Саха даласына бұрды. Лена дариясын бойлата, әдеттегідей Лена шебін құрды. 1636 жылы Амур бойын жаулап, Охота теңізінің жағасына жетіп жығылып, Охотск гаванының іргесі қаланды. Осылай тарихта тұңғыш рет Русия шекарасы мұхит аймағымен шектесті.1644 жылы 15 жыл бұрын қарсы шыққан Байқал өңірін бағындыруға Курбат Иванов жасағы мұздай қаруланып аттанды. Осы үкімет әскерімен күш біріктеру мақсатында Анғар өзенін бойлап, атаман Василий Колесниковтың атты әскері шықты. Жолай кездескен тұрақтар мен тұрғындарды аяусыз қырғынға ұшыратып, қанды жорық жасаған орыс солдаттары 1646 жылы Жоғары Аңғар, 1648 жылы Баргужин, 1652 жылы Иркутск, 1665 жылы Селенге, 1666 жылы Үде бекіністерінің іргесін қалады. 1658 жылы моңғолтекті буряд тайпалары отарлаушыларға қарсы қарулы көтеріліс жасағанымен, онысы аяусыз жанышталып, қырғыннан аман қалғандары Моңғол жеріне ауа қашты. Орыс солдаттары күллі тайганы жаулап алуы Цинь империясын да елеңдетсе керек, 1689 жылы 27 тамызда Нерчинскіде Ресей мен Қытай өзара сауда-саттық мәселесі бойынша келісімге қол қойды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет