Байланысты: 1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері
16. Ұлы Жібек жолы: шығу тарихы, жолдары, мәдениетінің өркендеуі, маңызы. Жібек жолы-сауда жолы және өркениетпен мәдениеттің ұштасуы.
«Ұлы жібек жолы » атауын Фердинанд фон Рихтгофен (1983-1905 ж.ж.) өзінің Қытайдың физикалық географиясы және Азияның орографиясы деген классикалық еңбегінде келтіреді. Оның ең ауқымды бөлігі Орта Азия және Қазақстан арқылы өтеді. Ұлы Жібек жолы УII-ХII ғасырды Қазақстан аумағында гүлденген шегіне жетті. Қытай дипломаты Үжан Цян Жібек жолын алғашқы болып өткендердің бірі. (б.з.д. 103 ж. шамасы.)
Ұзынан созылып жатқан тау-тастарынан құрылыс материалдары алынатын болған оның ұзындығы үш ферссахқа жететін яғни 7 км), Сол заманғы көз тартатын зәулім құрлыстар осы Жібек жолы бойында пайда болды. Ондай құрылыстардың бірі У-УІІ ғ.ғ. Ақыртас ескерткішін атауға болады. Ол Тараздың Шығыс жағында 40 км Ақшолақ станциясы маңынан табылады. Ақ Ақыртастан оңтүстікке қарай 7-фарсахқа шамасы жерде Айша-бибі кесенесі керемет тасқыштармен жасалған осы керуен жолы бойында орналасқан. Бұл ескерткіш қайғылы махаббат деп аталады.
Ұлы Жібек жолы б.з.д. 11 ғасырдан б.з.д. ХУ1 ғ. дейінгі Шығыс пен Батысты бір-бірімен байланыстыратын өркениетті керуен жолы. Ол Қытайдан басталып,Орталық және алдыңғы Азияға шығады. Анықтап айтқанда «Түріктерден гректерге ». Жол Қытайдың Орталық ауданынан басталып, Қазақстан жері арқылы , Шаш, Испенджаб, Тараз, Құлан арқылы өтіп, Мерке, Асқара, Қорай, Кастек, Алматы,Тальхиз, Қоялық, Есік өзені жағалауымен, Шілік, Кеген, Іле Көксу, Қаратал, Лепсі, Арыс арқылы өтіп, Сырдария Сауран арқылы, Сығанақ, Жент, Янкентке, Созақ арқылы Жезді Нұрға өтеді. Бұл жол өз қызметін тек Партугал саяхатшысы Васко да Гама Европадан Азияға өтетін,Африканы айналып Лисабоннан Индияға теңіз жолын ашқаннан кейін тоқтатылды.
Түрік жазбаларының ең ірі ескерткіштерінің бірі 732 жылы Білге қаған мен Күл тегін қағанның құрметіне арнап, екі тасқа ойылып жазылған түрікі жазуы болып табылады.
Сондай-ақ «Қорқыт-ата кітабы»-түрік халқынан тарихи әдеби эпикалық ескерткіштері болып есептеледі. Қорқыт туралы аңыз ҮІІ-ҮІІІ ғ.ғ. оғыздар арасында-Сырдария жағасындағы Қыпшақ тайпасында өмір сүргендігі айтылады.
Түрік тіліндегіэпикалық шығармалардың ішінде ең негізгісі «Оғыз нама» болады. «Оғыз намада» қаған әскерлерінің жарықтары,батырлардың ерліктері мадақталып жырланған, жырдағы айтылған оқиғалардың барлығы қазақтардың тарихы мен тұрмысына байланысты болды.
Орта ғасырлық мәдениет дамуының айқын куәсі философ, ғылым энциклопедияшы, Отрардан (Фарабтан) шыққан Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби-ат түркінің ғылыми қызметі болып табылады. Ол 870 жылы туылып 950 жылы Шамда (Дамаск) қайтыс болды. Оған «Мұғаллим ассана-Екінші ұзтаз» деген атақ берілді. Яғни Аристотельден кейінгі ұстаз деген сөз. Фараби-ғылым, әлемдік деңгейдегі ойшыл болды, ол өз творчестовасында араб, парсы, грек, үнді, түркі мәдениеттерінің жетістіктерін ұштастыра отырып,дамытты. Оның «Музыканың үлкен кітабы», «Ғылымның жіктелуі туралы сөз», «Даналық геммасы», «Қайырымды тұрғандардың көз-қарасы туралы » деген еңбектері бар. Орта ғасырдағы түркі мәдениетінде Жүсіп Баласауғнидің рөлі ерекше, ол ақын және ұлы ойшылдардың бірі. Оның қаламысынан 1069-1070 жылдары жазылған «Құтты білік» дастаны туындады . Ол орыс тілінде
«Наука быт счастливым», «Благодатное знание » деген тақырыпта аударылған. Ал бұл жазба ескерткіштері Шығыс Ренессансы болып табылады.
Түрік халықтарының тілі, фольклоры, этнографиясы тураыл шығармалардың авторы- Махмуд Қашқари болды. Ол 1929 ж. Қашқарда туылды. Махмуд Қашқари 1074 жылы «Диван муғат- түрік »-кітабы ( түрік сөздігінің жинағы) Бұл жинақта тарихи мәдени, этнографиялық және лингивистикалық материалдар жинақталып қорытылған.
Орта ғасырларда суфизмнің түркілік тарауының атасы, ойшыл әрі ақын Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрді. Ахмед Яссауи Испенджан (Сайрам) қаласында туып өсті. Кейіннен ол Яссы ( Түркістан) қаласына орын ауыстырады. Оның туылған жылы белгісіз, ол 1166 жылы қайтыс болған. Оның «Диуани хикметінде» (Ақыл, даналық кітабы) адамның мәңгі құндылықтары туралы жазылған. Оның діні уағыздары түсінікті де тез еске сақталынатын өлең түрінде болды, ал өлеңдері қарапайымдылығымен, табилығымен, халық ауыз әдебиетіне жақындығымен ерекшеленді, Қыпшақ диалектикасымен жазылса да, әлі күнге дейін оның «Хикметін бүкіл түріктер аудармасыз оқыйды.