1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Хандық кезінде қазақтардың әдеттегі құқығында нақты регламенттелген құзыреті жоқ, хан кеңесі деп аталатын мерзімдік құрылатын органдар болды



бет80/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   156
Хандық кезінде қазақтардың әдеттегі құқығында нақты регламенттелген құзыреті жоқ, хан кеңесі деп аталатын мерзімдік құрылатын органдар болды. Жоғары билік субъектілері мен саяси құдіретті көшпелі беделділер арасындағы шынайы қарым-қатынасқа байланысты қазақ қоғамындағы бұл органның атауы ауысып тұруы мүмкін болды.
Хан кеңестері хабарласа отырып қазақтардың экономикалық және саяси өміріндегі кешенді мәселелерді талқылайтын және шешетін сұлтандардан, беделді билерден және барлық жүздердің батырларынан құрылды, олар сондай-ақ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдай алды.
XVIII ғасырдың ортасында Қазақстандағы хандық биліктің жүйесі қазақ қауымының потестарлы-саяси ұйымын бұзуға әсер ететін, барлық кешенді факторлардың арасында ең белсенді (және дара) болып табылатын Ресей мемлекетінің саяси институтына қатты ұшырады.
Көшпелілер қоғамында әлеуметтік сүйеніш іздеуде ресейлік әкімшілік-саяси жүйе қазақтардың әлеуметтік-саяси құрылымының кейбір тетіктерін сіңіріп алды, қазақстандық өңірде Ресей империясының мақсаттары мен міндеттеріне қолданылатын жаңа функцияларды орындау үшін, әскери-саяси күшті күшейте отырып, олардың билігін заңнамалы түрде бөліп тастады. Осының нәтижесінде көшпелі қоғамның дәстүрлі саяси институты, яғни сұлтандар, хандық билік қоғамның шаруашылық және қоғамдық дамуының динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз ететін әлеуметтік байланыстағы өзіндік интегративтік рөлді біртіндеп жоғалтты, осылайша осы қауымның құрылымындағы өздерінің орнын жоғалтты.
XIX ғасырдың 20-40 жылдарында Батыс-Сібір және Орынбор әкімшілік органдары қазақтар орналасқан, оларға тиесілі ведомстволық бағынысты аумақтарда аумақтық-әкімшілік бөлуді жүргізді және олардың ортасында өзіндік нысанға ие болған орта және төменгі басқару тетігін ұйымдастырды.

Орыс билігі құрған сұлтандардың, басқарушылардың, болысты басқарушылардың, ауыл старгиндерінің жаңа заңды институттары қазақ қоғамында табиғи өзіндік реттеу механизміне бағынбады, алайда сол кездерде ресейлік заңдардың бақылаушы және реттеуші функцияларына да бағынбады. Бұл көшпелі қоғамның әлеуметтік организмінде дағдарыс көріністерін тудырды және соның артынан әртүрлі әлеуметтік қабаттар тарапынан табиғи қысым көруді пайда қылды.


Сонымен бірге, қазақтардың жерінде әкімшілік реформаны жүзеге асыру патша шенеуніктеріне көшпелі қауым ішіндегі саяси өзгерістерге белсенді және мақсатты ықпал етуге мүмкіндік тудырды және осылайша Ресей мемлекеті тарапынан қазақ қоғамының әлеуметтік инсититутына біртіндеп саяси-әлеуметтік абсобация процессінің басталуын алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет