1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Пәнді оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді



бет2/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

Пәнді оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді:
- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
- әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.
«Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.
2.Тас дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің ашылуы. Ежелгі адамның шаруашылығы мен өмірі.
Адамзат тарихында алғашқы қауымдық құрылыс ең ұзақ кезең болған. Оның төменгі шегі б.д.д. 2,5 млн. жыл, ал жоғарғы шегі 3 мың жылдар аралығына сәйкес келеді. Археологиялық қазбалар негізінде тас дәуірі келесі кезеңдерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет