1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Палеолит (ежелгі тас дәуірі) – б.д.д. 2,5 млн. – 12 мың жыл; Мезолит



бет3/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

Палеолит (ежелгі тас дәуірі) – б.д.д. 2,5 млн. – 12 мың жыл;
Мезолит (орта тас дәуірі) – б.д.д.12 мың – 8 мың жыл;
Неолит (жаңа тас дәуірі) – б.д.д.5 мың – 3 мың жыл.
Өз кезегінде ежелгі тас ғасыры 3 кезеңді қамтиды, олар: төменгі, орта, кейінгі.
Төменгі палеолит үш дәуірге бөлінеді:
Дошель, немесе олдувай – б.д.д. 2,5 млн. – 800 мың жыл;
Шелль және ашелль – б.д.д.800 мың – 140 мың жыл;
Орта палеолит кейінгі ашелль және мустье дәуірлеріне бөлінеді – б.д.д.140 мың – 40 мың жыл;
Кейінгі палеолит ориньяк, солютре және мадлен дәуірлеріне бөлінеді, ол – б.д.д.40 мың – 12 мың жыл.
ІІ. Палеолит – адам және оның шаруашылығының қалыптасу кезеңі.
№1 кесте.Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс.

Тарихи
кезеңдер



Адам
эволюциясы

Тас өңдеу
техникасы

Қоғамдық
қатынастар
түрі

Тұрақтар

Кезең
сипатта
-масы










1

2

3

4

5

6

дошелль, немесе олдувай дәуірі

Homo habilis (шебер адам) абсолютті кезеңі – 1 млн. – 700 мың жыл;

Тас өңдеу
(ұсақтас өндірісі, чопперлер
–тұрпайы кескіш құралдар

Алғашқы
қауым




Адам
терімшілікпен
және аң
аулаумен
айналыс-қан










Шелль және ашелль

Homo erectus (бойы түзелген адам) питекантроп және синантроп абсолютті кезеңі – 1 млн. жыл;

Нуклеустер, жаңқалар, үшкір заттар




Жамбыл
облысында
Бөріқазған,
Тәңірқазған,
Орталық
Қазақстанда
Құдайкөл,
Жезқазған
түбінде
Жаман-Айбат, Карағанды
облысында
Обалысай

Адам
отты игерді




Кейінгі ашелль және мустье

Неандертал адам

Леваллуа (үшкір
заттар
мен қырғыштар

Аңшылық
қауым

Оңтүстік
Қазақстан
облысындағы Арыстанды
сайында

Қарасу өз.


оң жағалауын
дағы
тұрақ;
Қарағанды
облысының солтүстігіндегі
Батпақ
сайындағы
тұрақ;
Маңғышлақ
түбегіндегі
тұрақ т.б.

Адам от шығаруды,
қарапайым
тұрақ салуды
үйренді.

Алғашқы
қауымдық


діни салттар
туындады,
адамдар
өлгендерін
жерлей бастады, тотемизм
пайда болды.
Жыныс және
жас бойынша
бөліну басталды.









Ориньяк, солютре, мадлен дәуір-лері

Homo sapiens (саналы адам) кроманьон-дық

Қашау техникасы,
ою-өрнек
салу, сүйекті өңдеу (кескіш құралдар

Рулық
қауым,
аналық

Шығыс Қазақстан
-дағы
Үңгіртас,
Қанай,
Свинчатка
тұрақтары,
Оңтүстік
Қазақстан-
дағы
Ащысай
тұрағы т.б.

Адам барлық
Климаттық
Аймақтарды
игеріп, балық
аулаумен
айланыса
бастады,
өнердің
ертедегі түрлері
пайда бола
бастады, жан-жануарлардың
тасқа қашалып
салынған
суреттері,
қашалған заттар,
мүсіндер пайда
болды. Адмның
жаны, о дүние
туралы ұғымдар қалыптаса
бастады, салттық рәсімдер
туындады.






















ІІІ. Палеолит дәуірін мезолит алмастырды. Климаттың жылынуы жануарлар әлемінің өзгеруін туындатты. Жетілдірілген еңбек құралдары мен аң аулау құралдарын пайдалану қажеттілігі туындады. Осы кезеңде садақ пен жебе ойлап табылды. Микролиттер – үшбұрыш, ромб, трапеция түріндегі ұсақ жұқа бөлшектер қолданыла бастады. Микролиттер жебелердің ұшы мен салмалы қаруларды жасауда пайдаланылды.
Неолит – тас дәуірінің кемеліне жеткен кезеңі. Тасты өңдеудің жаңа тәсілдері пайда болды: тегістеу, тесу, кесу. Тастан жасалған балта, диірмен, келі-келсаптар т.б. еңбек құралдары жасала бастады. Адам шаруашылықтың екі түрін – мал шаруашылығы мен егіншілікті меңгерді, яғни өндіріс шаруашылығына көшті. Тау-кен ісі мен тоқыма өнерінің бастапқы түрлері пайда болды. Бұл кезеңде отқа күйдіріліп жасалған алғашқы қыш ыдыс-аяқ пайда болды. Әлеуметтік салада тайпалар мен тайпалық одақтар пайда бола бастады. Тайпалар туысқандық байланыста тұрған шаруашылық түрлері бірдей бірнеше рулық қауымнан тұрды.
Тас ғасыры адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады, ол адамның, оның шаруашылығы, рухани және материалдық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуында зор рөл атқарды.
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді. Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазінгі заманғы Қазақстан (XX ғ.). Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін)Ғылыми зерттеулер нәтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2,5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис – «шебер адам» (презинджантроп) болып есептелінеді. Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус – «тік жүретін адам» сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің Шелль-ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы Чжоу–коу –дянь үнгірінен табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.Тас дәуірі. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері. Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді.
Тас дәуірінің кезеңдері:
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі). Ерте палеолит Орта палеолит Кейінгі палеолит Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 2,6 млн жыл-800 мың жыл);Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл);Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді.
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған. Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
Орта палеолит. (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.
Орта палеолит дәуірінің адамдары– неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.
Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған.
Еңбек құралдары және археологиялық ескерткіштер. Тасты өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды.
Соңғы палеолит. Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды.
Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет