1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары



бет136/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

79.Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары.
1950 жылдардан бастап Қазақстанда Семей полигонының ашылуына байланысты нағыз экологиялық апат аймаққа айналды. Семей облысында орналасқан атом полигоны әлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілердің ішіндегі ең ірілерінің бірі еді. Сондықтан да оның зардаптары да айтарлықтай көп еді. Батыс Қазақстандағы Капустин Ярдоатом полигоны жұмыс істеп тұрды. Кейде бір реттік көшпелі жарылыстар өзге өңірлерде де жасалды. Ашық жарылыс кезінде сынақ өтетін маңда кездейсоқ қалып қойған адамдар да болды. Ресми мәліметтер бойынша Семей полигонында мәліметтерге сүйенсек 1949-1963 жылдар аралығында ауада қуаты әр түрлі 113 ашық жарылыстар болған. 1964-1989 жылдары қуаты 150 килотоннаға дейін 343 жерастылық жарылыстар іске асырылды. Ал ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны 300-ге жетті. Ядролық қару сынақтарының 70 % -ға жуығы Қазақстында, әсіресе Семей облысындағы полигонда өткізілді. Сынақ жарылыстары сол елді-мекенде және оның айналасындағы аймақтардың жері мен халқына көптеген ауыр зардаптар тигізді. Полигондарорналасқан жерлер тозды. Ол жердің ауа райы өзгерді. Өзен-көлдері тартылып, ауасы ластанды шөбі құнарынан айырылды. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы тіршілік үшін өте ауыр болды. Аумақтыңгүлдері мен жануарлары қырылып, орны толмас шығынға ұшырады, аң мен құстар қырылды немесе басқа жаққа ұшып кетті. Гүлді, нулы алқаптар бос қалды. Әсіресе адамдар қатты зардап шекті . Семей өңірінің және онымен іргелес жатқан Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыстары тұрғындары арасында көптеген аурулар тарады. Қатерлі ісікпен, қан аурулармен ауратындардың саны көбейді. Әсіресе балалар өлімі, балалардың өлі туылуы, мүгедек болып туылуы көбейді. Адамдар арсында жүйке ауруларына шалдыққандар саны, тері аурулары, тіпті бұрын соңды болмаған көптеген белгісіз аурулар да пайда болды. Осы зардаптар әлі күнге дейін байқалады. Қазақстанның оңтүстік аймағы мен көрші мемлекеттерде, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты мемлекеттерде суармалы егіс алабының артуына байланысты жердің құнарын жақсартуға көп жұмыстар жүргізілді. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суын егістікке пайдаланудың нәтижесінде ысырапшылыққа жол берілді. Олардың арналарындағы су мөлшері азайды. Соның нәтижесінде Арал теңізі тартылды. Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкеліп, зардабын тигізді. Теңіз суы қалыпты жағдайдан үш есе азайды. Жағалауы 30 шақырымға дейін ығысып, су деңгейі 49 метрге дейін төмендеді. Одан ұшып жатқан түзды боран көптеген шақырымға дейінгі жер бетін басып,ортаны әбден бүлдірді, мұздықтарды ерітіп, даланың шөбін тұздандырды. Ал тұздың құрамында улы химиялық заттар көп еді. Әсіресе Арал өңірінің шаруашылығы қатты зардап шекті. Зиянды тұздығ салдарынан балықтар қырылып, егістікі мал жаюға жарасыз күйге көшті. Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, балық аулаумен күндерін көріп жатқан қарапайым халықтың жағдайы нащарлады. Күн көрісі қиындады. Соның салдарынан адамдардың денсаулығына зиян келді. Өкпе, ентікпе аурулары көбейіп, балалар өлімі күрт артты. Және экологиялық жағдайдың шиеленісуі кәсіпорындар көптеп орналасқан Қарағанды,Жамбыл, Шымкент, Өскемен,Алматы, Теміртау тәрізді қалаларда да байқалды. Оның себебі, зауыттарда, фабрикаларда, кен орындарытабиғи ресурстарды ысырапсыз пайдаланды. Оларға ешкім тосқауыл қойған жоқ. Өндірістік зияды қалдықтарды суға, ауаға, топыраққа шашуға тосқауыл қойылмады. Осының салдарынан балықтар қырылып, ауаға зиянды заттар тарады. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын мекемелер қоғамды тазалауға қаржы бөлмеді. Осының нәтижесінде экология одан сайын құлдырай берді. Балқаш көлі Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін деген қорқынышта бар. Бұл бірегей су қоймасы, оның әр түрлі бөліктерінде тұщы және тұзды сумен толтырылған. Өткен ғасырдың 1960 жылдарынан бастап Балқаш көлінің экологиялық проблемалары басталды: ол таяздай бастады, су деңгейі екі метрге азайды. Ауданы екі мың шаршы шақырымға азайды. Мұнда тұзды батпақтар да қалыптасады. Оның жағалауындағы қалалардан шығарылатын шығарындылар мен ағынды сулар Балқашты жайлап ластап жатыр. Балқаш мыс қорыту зауыты көл маңына жүздеген мың тонна қалдықтарды тастаған. Олардың ішінен күкірт диоксиді және он шақты қауіпті ауыр металдардың түрлері суға түседі. Өндірістен мыңдаған тонна улы шаң жыл сайын көлдің суларына түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет