1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет1/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы


1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері.
Жалпы қазіргі заман тарих кітабында индустрияландыру кезіндегі болған кемшіліктер мен артықшылықтарды сонымен қатар өнеркәсіптің дамуы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі маңызды мәселелер және одан кейінгі болған тоқырау кезеңдеріндегі қазақ жерінің жағдайы ,Бірінші дүниежілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында талдау жасалынылады.Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрыу жолындағы мәселелерді,реформалардың іске асырылуы мен оның қорытындылары және егеменді кезеңіндегі еліміздің саяси жағдайын қарастырамыз.Тарихнамада алаш қайраткерлерінің еңбектеріне ,Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға аса көңіл бөлінеді.Тарих ол халықтың жады.Біз тарихымызды оқып зерттеу арқылы ,туған еліміздің қандай екеніне ,кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгірсек болады .Тарих -ол қазына.Ол ұрпақтан ұрпаққа еш өзгеріссіз беріліп отыратын, халқымыздың салт дәстүрін сақтайтын оны жалғастыруға мүмкіндік береді.
"Қазақстан тарихы" пәнінің жалпы міндеті келешекте өмір сүретін жас ұрпақтың өз тұрып жатқан жерінің тарихын біле үйрене отырып ата бабаларымыздың тарихи тәжірибесін әрі қарай ұрпаққа мақтанышпен жалғастыру үшін."Қазақстан тарихы" пәнінің жалпы мақсаты-Қазақстан тарихының ерте дәуірден бастап,бүгінге дейінгі негізгі кезеңдерді және оның этногенезі мен дәстүрі туралы тарихи білім беру.
Н.А.Назарбаевтың "Тарих толқынында" атты жұмысындағы ұлттық тарихқа стратегиялық көзғарас "Тарих толқынында" кітабы 1999 жылы жарық көрді.Кітап Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін құру жіне нығайту тарихының маңызды дерек көздерінің бірі.Елбасы Нұрсылтан Назарбаев осы кітабында өз елімізде орын алған оқиғаларға жеке жеке тоқталған. Мысалы көшпенділердің өрениетінің өзгешілігін ерекше суреттеген.Осы кітап шығуына орай қоғамның отарлық санадан арылтуға үлкен рөл атқаруда.Яғни халықтың өмірге деген көзғарасы және дүниетанымы айтарлықтай өсті. Елбасымыз "Тарих толқынында"жұмысында ұлтымыздың біркелкілік мәселесіне ерекше назар аударған . «Қазақстан тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру. Бұл бағдарламаны жасау барысында авторлар ең алдымен, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа арналған Жолдаулары негізінде қалыптасқан стратегиялық міндеттерді, «Қазақстан Республикасындағы тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын» және т.б. маңызды құжаттарды басшылыққа алып, тарих ғылымындағы жетістіктер мен жаңалықтарды, пәнді ЖОО-ында оқытудағы көпжылдық тәжірибені және студенттік дәрісхана сұраныстарын, оқыту әдістемесінің үрдістері мен ерекшеліктерін, заманауи тарихи ақпаратты білім алушылардың түсіну деңгейін ескерді. Типтік бағдарлама бөлімдерінің проблемалық материалдары студенттерге отандық тарихтың негізгі мәселелерін терең және тұтастай қабылдауға көмектесіп, фактілер, дәлелдерге, жазба, археологиялық деректерге және ғылыми талдауға негізделген және шынайы тарихты бұрмалаулардан сақтандыратын, аңыз шығармашылығынан ақиқатты ажыратуға, ұлттық басымдылықтарға мән беруге үйрететін уақыт талабы мен шындығына сәйкес үйлесімді тарихи сананы және дүниетанымдық принциптерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктерін ескерген бұл типтік бағдарламаның мазмұны бөлімдер мен тақырыптардан, тарих ғылымындағы Қазақстанның қазіргі заман тарихын проблемалық тұрғыдан қарастыруға негізделген бөліктерден тұрады.
Бұл типтік бағдарламаны құрастыру барысында авторлар, «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың рөлі мен мәнін төмендегідей кешенді міндеттермен байланыстыра қарастырды:
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігі мен ұлттық қауіпсіздігін қалыптастыратын стратегиялық міндеттерге бағытталған тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастыру;
Полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін қалыптастыру;
Дүниежүзілік тарих, Шығыс және Батыс мәдениеттерінің диалогы ауқымындағы бүгінгі Қазақстан тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу;
Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау;
Жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет