1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Шыңғыс хан және Моңғол империясының құрылуы. Түркі-моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан территориясын жаулап алуы. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында



бет30/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

18. Шыңғыс хан және Моңғол империясының құрылуы. Түркі-моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан территориясын жаулап алуы. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында.
1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің аңғарында Тэмуджинді Шыңғысхан атап хан көтерген монғол тайпаларының ұлы құрылтайы болды.1215 жылы монғолдар жаулап алған Пекинге Гурганжадан елшілік келді. Елшілікпен Шыңғысхан өзінің сәлемін жолдады. Ол: «Хорезмшахқа айта бар: мен – Шығыстың әміршісімін, сен – Батыстың әміршісісің! Екуміздің арамызда бейбітшілік туралы берік келісім шарт орнасын»-деді. Өзінің достық қатынасының нышаны ретінде 500 түйеге жегілген керуен жібереді.
Отырар қаласының билеушісі монғол керуеніне сенімсіздік танытып, саудагерлерді және олардың құлдарын өлтіріп, тонауға бұйрық береді. Қала әміршісі Қаир хан оларды жансыздар деп жариялап, барлық керуеннің байлығын өзіне иемденеді. Бұл оқиға соғыстың басталуына сылтау болады.
1219 жылы қыркүйек айында Шыңғысхан өз әскерін жабдықтап Ертіс аңғарынан Жетісу арқылы Отырарға беттейді. Осында ол өз қолын төрт бөлікке бөледі: Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршайды, үлкен ұлы Жошыны Жент пен Жаңакентке бағыттайды, үшінші бөлім Сырдың жоғарғы аңғарына беттейді, өзі әскери қолды бастап Бұхараны бағындырады.
Хорезмшах мемлекетін бағындырғаннан кейін Шыңғысхан монғол мемлекетін құру шараларына кіріседі. Империя аумағы төрт бөлікке бөлінді. Үлкен ұлы Жошыға Қазақстан аумағының далалық бөлігі тиді. Екінші ұлы Шағатай Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия өңірінің билеушісі боды. Үшінші ұлы Үгедейдің еншісіне солтүстік-шығыс Жетісу және Батыс Монғолия бөлінді. Кіші ұлы Төлеге ата жұрт –Монғолия жері тиеді.
Жошының қайғылы өлімінен кейін оның ұлысы ұлы мен немересі Орда мен Бату арасында бөлінеді. Орда жоғарғы биліктен Алтын Орданың билеушісі Батудың пайдасына өз еркімен бас тартады. 1236 жылы ұзақ қарсыласқан соғыстардан кейін монғол әскерлері Еділ болғариясын бағындырды. Бұл жеңіске жетуде Жошының бесінші ұлы Шайбанның қосқан үлкен үлесі болды. Оған құрамына Арал маңы, Орал және Батыс Сібір аумағы кірген жеке ұлыс берілді.
Алтын Орда көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет болды. Мемлекеттегі тұрақтылық орталық биліктің беріктігіне және қол астындағы этникалық және әртүрлі діни топтардың басқарушыларына тікелей байланысты және тәуелділіді болды.
Алтын Орда мемлекетінің мемлекеттік құрылымының негізін Бату хан қалады. Мемлекет Жошы ұрпақтарының жеке меншігі болып есептелді. Атқарушы билікті дивандар құрды. Оларды уәзірге бағынған үкімет арқылы басқарды. Уәзір қаржы, салық және ішкі саясат мәселелерін шешті. Әскер және сырткы саясат мәселелерін беклербектер басқарды. Салықты басқақтар мен даругалар жинады. Ірі бектер, әмірлер, нояндар әскербасы ретінде түменді, мыңдықтарды, жүздіктерді басқарды.
ХІІІ ғасырдың 70-ші жылдарында Алтын Ордада әмір Ноғай мен шыңғысхан ұрпақтары арасында ішкі қырқыстар орын алды. Орталық билік әлсіреп, Ноғай мемлекеттегі әлсіз билеушілер атынан басқаратын ең ықпалды билеушіге айналады. Ноғайдың ықпалымен тақтан бірнеше билеуші ығыстырылады. Бұл ықпал 1312 жылы билікке Өзбек хан отырғаннан кейін ғана әлсірейді.Өзбек хан мемлекеттегі билікті өзінің қолына топтастырып, оны біріктіруге қол жеткізді. Өзбек хан исламды мемлекеттік дін дәрежесіне көтерді.
ХІҮ ғасырдың 60-жылдарында Алтын Ордада ыдырау үрдістері қайта орын алды. Жәнібек ханның өлімінен кейін жиырма жылдың ішінде жиырмадан астам билеушілер билікке келді. Орталық биліктің әлсіреуін пайдаланған әмір Мамай билікті қолында шоғырландырады, өзінің ықпалын күшейту мақсатында таққа әлсіз хандарды отырғызады. Алтын Орда тәуелсіз жеті бөлікке бөлінеді: Кама Болғариясында Болат-Темір, Мордва жерінде – Тағай, Астрахан, Қазан, Сарайшық дербес князьдарға бағынды, Қаратеңіз бойындағы далаларда Мамай, Сарайда шайбанидтер.
Тоқтамыс Алтын Орданы уақытша біріктіруге қол жеткізді. 1381 жылы ол Мамайды жеңіп, Алтын Орда билеушісіне айналды. Бірақ оның күшті жауы Ақсақ Темір болады. Екі билеуші арасында Хорезмге байланысты қақтығыс орын алады. Екі қантөгіс жорықтардың нәтижесінде Әмір Темір жеңіске қол жеткізеді. Әмір Темір жасаған екі қайғылы жорықтан кейін Алтын Орда құлдырай бастайды. Тақ мұрагерлері шыңғыс ұрпақтары мен Тоқтамыс арасында билік үшін күрес орын алады. Қырқыстар нәтижесінде мемлекет ыдырап, оның орнында тәуелсіз мемлекеттер құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет