1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер



бет8/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер 
«Қарға тамырлы қазақ» деген мақал қазақ халқының арасына кең таралған. Біздіңше бұл сөздің мәнін Ә. Қайдар дұрыс бере алмаған. Қазақтар: «біздер қарға тамырлы қазақпыз ғой, сұраса келе қарын бөле болып шы-ғамыз» деп сөйлеседі. Олар өзара сұраса келе туысқан болып шығады. Олар-дың туыстығының алыстығы бөле болып келеді, яғни екі туысқан әйелдің балалары бір-біріне «бөле» деп аталады. Осындай туыстықты білу үшін осы мақалды қолданады. Мұндай бауырлық айқыш-ұйқыш бір-бірімен бай-ланысып жатқан қарғаның тамырлары сияқты. Қазақтар жан-жануарлардың анатомиясын өте жетік білген. Қарғаның тамырлары бір-бірімен шиеленісіп жатады. Міне, осыны мысалға алып, қазақтың шиеленіскен туыстығын білдірген. Бұл мақалды Қаңлы тайпасының барлық түріктердің арасына таралуына және көрші түрік емес халықтардың іштеріне енуіне қолданылудың реті келіңкіремейтін сияқты.
Біздіңше, қаңлылардың осынша көп тарауының себебін тарихи-әлеуметтік және саяси жақтан қараған Ә. Қайдаров ҚСЭ-ға «Қаңлы» атты жазған мақаласында: «Халық арасында сақталған», «Кәделі елде қаңлы бар, қаңлыдан хан сайла», «Қаңлы тұрғанда басқа хан болмайды» деген қанатты сөздер, сайып келгенде, қаңлы тайпасының осылайша кеңінен тарап, мұрагерлік, аталық дәстүрге ие болғандығын көрсетеді», - деген пікірін де айтқан болатын. Бұл жерде автор Қаңлы тайпасының осынша көп таралуының себептерін айқындауда бірқанша шындыққа жақын келгенін байқауға болады. Түріктердің тарихында, антикалық дәуірде Әмудария мен Сырдарияның алқаптарын түгелімен иеленіп, отырықшы мәдениеттің іргесін қалап, құлиеленуші мемлекет құрған, өркениетке ерте жеткен көптеген тайпаларды қол астына біріктірген де — қаңлы тайпасы. Олардың арасында осы қос өзенді мекендеген оғұз тайпалары да болған. Қос өзен бойындағы аттары аталған құлиеленуші мемлекеттерін билеген. Нәтижеде Қаңлы бірлестігінің арасында ел билейтін, дарынды, ержүрек, батыл азаматтар шыққан. М. Қашқари: «Қыпшақ тайпасының жақсы-жайсаң ұлықтары қаңлылар еді», - дегенді тегін айтпаған. Қытай деректерінде қаңлыларға жоға-ры баға бергенін әлгінде айттық. Солардың тағы бірі: «Тек қаңлы елі ғана бізге оң қабақ танытпай отырғаны анық. Ал, біз болсақ, хун қағанының (қаңлы патшасының) қол астында тұрғандай мәміле жасап отырғандай болып көрінудеміз», - деген де дерек бар.
Осы деректерге қарағанда, Қаңлы бірлестігіне кірген тайпалардан елдерді басқара алатын, оны қорғаудың тәсілдерін жетік білетін жайсаң ұлдары шыққанын байқаймыз. Сондықтан да түріктердің арасында ел басқа-рушыларды, хандарды қаңлы бірлестігінен сайлау түріктердің арасында дәстүрге айналғаны байқалады. Әмудария мен Сырдария, олардың атыраптары қаңлылардың ежелгі мекені болғанымен, олардың ішінен шыққан жайсаң азаматтары барлық түріктердің арасына барып, ел билеген. Сол жерде өзінің ұрпақтарын қаңлы руы бойынша санаған. Сондықтан да қаңлылар барлық түркі әлеміне, басқа көрші елдерге де барған. Ә. Қайдар өзінің монографиясында түріктердің бәрінде де қаңлылардың болғанын дәйекті түрде көрсеткен. Бірақ автор «қаңлылар әрбір түріктердің арасына бөлшектеніп көшіп барған» деген пікірге келеді. Біздіңше, олай болмаған. Олар өздерінің ежелгі Отанында отырған. Олардың ішінен белгілі ел билеушілер басқа руларға, тайпаларға барған. Қаңлылар өздерін барған жерінде этнонимі бойынша атап отырған. Қаңлылардан хан және тағы басқа басшыларды сайлау дәстүрі Шыңғыс хан империясын құрғанға дейін сақталып келген. Енді каңлылардың орнына хандарды Шыңғыс ханның әулетінен сайлайтын дәстүр түріктердің арасында кейінге дейін сақталған.
Монографияның соңғы тарауында Қаңлы тайпасының адамзат өркениетіне, түрік әлеміне және қазақ болмысына қосқан үлесін бай, дәйекті деректермен қарастырған. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, қаңлы бірлестігі түрік тарихына да айтарлықтай үлес косқанын байқау қиын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет